атауға түскен. «Жай сөйлемдерде тұрлаусыз мүшелер қандай қызмет
атқарып, қандай сұрауларға жауап берсе, бағыныңқы сөйлемдерде де сондай
қызмет атқарып, сондай сұрауға жауап береді. Сондықтан бағыныңқы сөйлем
тұтасымен тұрып, басыңқы сөйлемнің күрделі мүшесі есебінде болады»
16
–
дейді Ғ. Бегалиев. Бұл кейіннен құрмалас сыңарлары арасындағы қатынасты
түзуге əкелді. Қазіргі құрмалас түрлерінің мағыналық қатынас түрлері
осының нəтижесі. Мұндағы кемі екі жай сөйлемнің тіркесуі əртүрлі
синтаксистік мағынаны пайда болуына əкеледі. Мұндай мағыналарды
құрмалас сөйлемнің мағыналық топтастырылуынан іздеген жөн. Шартты,
қарсылықты, себеп-салдар, түсіндірмелі, салыстырмалы сияқты мағыналық
топтар құрмаластың барлық түріне сəйкес келеді. Ал мезгілдес, кезектес,
талғаулы мағыналық топтары салалас құрмалас сөйлемнің қатарынан
танылса, амал, мезгіл, үлестес деген мағыналық топтарды сабақтас құрмалас
сөйлем жинақтайды. Көп сыңарлы құрылымдағы сөйлем сыңарларының
мағыналық қатынасы əрыңғай қатынастағы сөйлем түрлерін түзуге əкелді.
Қазіргі күні бұл мəселенің де барынша зерттелу, зерделенуде екендігі сөзсіз.
Бұл өз кезегінде мəтіндік мағыналық қатынас құрудың үлгісі бола алады.
Мəтін көлеміндегі синтаксистік мағыналар қазақ тіл білімінде арнайы
зерттеуге түскен жоқ. Дегенмен сөйлемдер аралығынан туындайтын
мағыналар мəн-мəтіндік құрылымға негізделген қатынастарды білдіре
алады. Тек оларды қарсы мəнді, түсіндірме мəнді т.с.с. жинақтап атанған
орынды болар еді. Синтаксистік мағына сөз тіркесі тұрғысынан белсендірек
көрініс табады. Ол, ең алдымен, предикаттық емес қатынастың таралуынан
байқалады. Предикаттық емес қатынастық анықтауыштық, толықтауыштық
жəне пысықтауыштық болып жіктеліп, аталған қатынастардан ішкі мағына
өрбиді. Ол анықтауыштық қатынасқа байланысты сын-сапа, меншіктік,
сандық, ал толықтауыштық қатынастан нысан, бағыт, мекен сияқты
мағыналар туындайды. Бағыттық, мекендік, мезгілдік, сын-қимылдық,
шарттылық мағынаның жан-жақты бейнеленуі пысықтауыштық қатынаста
айқын.
Достарыңызбен бөлісу: