4. М.Балақаев.Т.Қордабаев. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1971.
5. М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992.
6. М.Балақаев.Т.Сайрамбаев. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004.
7. Р.Əміров. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983.
8. Р.Əміров.Г.Əмірова. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997.
9. Т.Сайрамбаев. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.
10.Қ.Жəукенов. Синтаксис. Алматы, 1996.
№ 13- дəріс.
Тақырыбы: Сөзтұлға синтаксисі.
Синтаксис сөзінің беретін мағынасы «құрау, құрылым» екені белгілі. Бұл
жағынан
келгенде, синтаксис кемі екі тілдік бірліктің бір-бірімен
грамматикалық байланысынан туындайтын нəтиже. Синтаксистің негізгі
зерттеу нысаны болып сөз тіркесі мен сөйлем танылатыны да даусыз. Сөз
тіркесі сөйлем құраудың материалы ретінде жұмсалады.
Тіл білімінің, оның
ішінде синтаксис ғылымының дамуы барысында сөз тіркесі синтаксисі
жалпы түркологияда арнайы зерттеліп, осының нəтижесінде
оның ішкі
мазмұны айқындалды, кейбір мəселелердің одан əрі зерттелуіне жол
ашылды.
Мұның үстіне сөздің де сөйлем материалы
болып жұмсалатынын айтып
қаламыз. Бұл дұрыс та. Сөз сөйлемге ғана емес, сөз тіркесі үшін де тілдік
құрал. Тек кемі екі толық мағыналы сөздің сөз тіркесін құрайтыны шындық.
Онда сөз тіркесі синтаксисіне дейін тағы бір
синтаксис саласының бары
анықталады. Шын мəнінде де, сөз тіркесі – тілде анықталған кемі екі
бірліктің грамматикалық байланысы. Тілдегі жеке сөз болсын, бір ұғымға ие
күрделі тілдік бірліктер болсын, ең алдымен өзара байланысқа түседі. Яғни,
синтаксистік амал-тəсілге бағынады. Синтаксистік амал-тəсілдің
тілдегі
көрінісі – интонация, орын тəртібі, шылау жəне жалғау түрлері. Синтаксистік
амал-тəсіл екі тілдік бірліктің байланысу түріне (формасы) əкеледі. Олар
тілде бес түрмен белгіленеді: қабысу, матасу жанасу, меңгеру, қиысу.
Аталған екі синтаксистік тұлға (амал-тəсіл жəне байланысу түрлері) сөз
тіркесінің нысаны емес. Егер олай болса, сөз тіркесінің амал-тəсілдері, сөз
тіркесінің байланысу түрлері болып шығар еді. Бұл дегеніңіз –
кемі төрт
толық
мағыналы
сөздердің
бір-бірімен
грамматикалық
байланысы.
Сондықтан сөзтұлға синтаксисі ойдан құрала қалған жоқ. Тілде бар тілдік
бірліктер жиынтығынан, демек синтаксистік амал-тəсіл
мен сөздердің
байланысу түрлерінен, туындады.
Достарыңызбен бөлісу: