Ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрiнде берiлген әлемнiң, заттың бейнесi болып саналады. Ақпарат алу дегенiмiз – бiздi қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бiр-бiрiне қатысуы жөнiнде нақты мағлұматтар мен мәлiметтер алу деген сөз.
Ақпарат дегеніміз не?
адекваттылығы (шындыққа сәйкестігі); жеткіліктігі (қойылған талаптарға байланысты); объективтілігі (адам факторына байланысты); толықтығы (ақпараттың көлеміне байланысты); қолжетімділігі (қажетті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі). Ақпарат қасиеттері өзектілігі (ақпараттың өз уақытында берілуіне байланысты); Шығу облысына қарай ақпарат:
Ақпарат қарапайым – жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді бейнелейді.
биологиялық – өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді.
әлеуметтік – қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді.
Көпшілік
Жеке Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат
визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады. аудиальды – дыбыс арқылы таратылады. тактильді – сезім арқылы таратылады. иіс арқылы таратылады дәм арқылы таратылады. машиналық – есептеу техникасының көмегімен таратылады. Информатикадағы ақпарат
Ақпарат Аналогтік- кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат ( мысалы, адам денесінің қызғаны, музыкалық шығармалар)
Үзілісті- дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте және тире).
Информатикадағы ақпарат
Ақпараттың ішкі қасиеттері
Ақпараттың ішкі қасиеттерінің маңыздылары оның ішкі құрылымы және көлемі (мөлшері) болып табылады.
Хабардағы ақпарат көлемі – ондағы таңбалардың санымен анықталады. Хабар бір мазмұнды әртүрлі тәсілдермен (әртүрлі алфавиттерді қолдана отырып) беруі мүмкін, мысалы:
«он үш» 13 XIII
Мысалдан бұл тәсілдің хабарды беру пішіміне тәуелді екендігін көруге болады.
Есептеу техникасында өңделетін және сақталатын ақпарат (оның шығу тегіне байланыссыз) екілік жүйеде көрсетілетіндіктен (0 және 1-ден (бит) тұратын алфавиттің көмегімен) сәйкес өлшем бірліктері енгізілген, олар бит және байт. Бит – ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі болса,байт – негізгі өлшем бірлігі. Байт – 8 биттен тұратын топ.