Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Филология факультеті
Қазақ филология кафедрасы
Баяндама
Фонология: тілдегі дыбыс түрлері
Орындаған: Болатбекова А.Б.
Тексерген: аға оқытушы Молдабаева З.М.
Ақтөбе, 2023 жыл
Жоспары:
Кіріспе – 3 б.
Негізгі бөлім: 1. Фонема және фонология – 4 – 5 б.
2. Дыбыстау мүшелері мен олардың қызметі – 5 – 7 б.
3. Тіл дыбыстары мен олардың түрлері – 7 – 9 б.
Қорытынды – 10 б.
Пайдаланылған әдебиеттер – 11 б.
2
Кіріспе
Адамның тілінің дыбыстық жағы сөйлеу кезінде іске асады. Ұзақ ғасырлар бойы дамып келе жаткан тіл, ең алдымен, ауыздан-ауызға ауызша айту нәтижесінде жеткізіліп келеді. Адам ең бірінші сөйлеуді үйренеді. Қазіргі қоғамымызда жазудың кең тарағанымен, айту маңыздырақ. Себебі әрбір адам алдымен сөйлеуді үйренеді де, содан соң жазуға көшеді. Күнделікті өмірде де адамның сөзді жазудан гөрі айтуы, окуынан гөрі тыңдауы көп орын алады. Сөздің өмір сүру формасы дыбыс болғандықтан, үндемей ойлау, оқу, жазудың өзі де дыбыстарды іштей айтумен байланысты болады. Ал әріп — сол дыбыска берілген шартты таңба. Бір ғана дыбысты әртүрлі халықтың таңбалары арқылы түрліше өрнектеуге болады. Тіл дыбыстары — күрделі кұбылыс. Дыбыс сөйлеу мүшелерінің белгілі бір араласымы арқылы жасалады. Дыбыстардың тіркесуі тілде қалыптасқан белгілі бір заңдылықтарға негізделеді. Тілде бүгінде қолданылып жүрген тілдің ең кішкене бөлшектерінен басқа біз ойлағаннан әлдеқайда көп әр түрлі дыбыстар бар, олар әрбір жеке тілде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай санаулы ғана дыбыстар типіне, фонемаларға топтастырылады.Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды 2 топқа бөледі: дауысты және дауыссыз дыбыс. Бұл рефератта тілдегі дыбыстардың бірнеше түрлерін сөз ететін боламын.
3
Фонема және фонология
Тілдегі сөздер бір-бірінен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз бен тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін олардың мағынасы мен дыбысталуының әр басқа болуына қарап ажыратылады. Мағына мен дыбысталудың әр басқа болуы сөздердің формаларын да, морфемаларды да ажыратады. Мысалы, біл деген сөздің біле, біліп, білсе және тағы басқа формаларының әр басқа формалар екендігі олардың мағыналары мен дыбысталуындағы айырмашылықтар арқылы белгілі бола алады. Бұл мысалдардан тіл дыбыстарының сөз құрамында келіп , бір-бірінен сөздерді ғана емес сонымен бірге, сөздің формаларын ажырататындығын көреміз.
Тіл білімінде дыбыстардың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. Фонема – сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица. Фонема туралы ұғымның сыр-сипатын ашып айқындау фонетиканың тарихында жаңа үлкен белес болды және оның мазмұнына тіл дыбыстарын лингвистикалық аспектіде қарастыратын ілім – фонологияны енгізіп, фонетиканың шеңберін кеңейте түсті. Фонема дегеніміз де – тіл дыбыстары, бірақ ол тіл дыбысы болғанда, сөздердің жігін ажырататын дыбыс. Фонема тіл дыбыстарынан бөлек тұрмайды, қайта, олармен тығыз байланыста болады. Фонема да – тілдің материалдық единицасы. Фонемаларды зерттейтін фонология мен тіл дыбыстарын зерттейтін фонетика екеуі екі түрлі пен емес, тіл туралы ғылымның бір түтін саласының екі түрлі жағы.
Фонема дегеннің ұғымы мен тіл дыбыстары дегеннің ұғымы әр уақытта бірі-бірімен сәйкес келе бермейді. Фонема бір дыбыстан ғана емес, сонымен бірге екі дыбыстан да құралуы мүмкін. Керісінше, кейде екі фонема бір дыбыс түрінде айтылады.Мысалы, орыс тіліндегі детский деген сөзде т мен с фонемасы бір ғана ц дыбысы түрінде айтылады.
Тілдердің дыбыс жүйесі әр түрлі болады. Олардағы дыбыстың сапасы да бірдей емес. Кейбір дыбыстардың немесе олардың ерекшеліктерінің бір тіл үшін мәні айрықша боса, екінші бір тіл үшін оның айтарлықтай мәні болмайды. Мысалы: қырғыз, неміс, ойрат тілдерінде дауысты дыбыстың қысқа не созылыңқы айтылуының сөз мағынасын ажыратуға әсері яғни фонетикалық қасиеті болса, орыс, қазақ, татар тілдерінде оның ешбір әсері болмайды. Фонологияда дыбысты зерттейтін фонетика да екі түрлі пән емес.Тіл туралы ғылымның бір бүтін саласының екі жағы. Түркі тілдерде дауыссыздардың жуан және жіңішке болуы дыбыстарға байланысты болады. Сөз құрамындағы дауысты жуан болса, онымен тіркесе айтылған дауыссыз да жуан түрде айтылады. Керісінше, дауысты жіңішке болса, оған тетелес дауыссыз да жіңішке болып келеді.Мысалы: сан – сән, сол – сөл, ар - әр т.б.
4
Фонетика дыбыс шығару мүшелерімен айналысады. Фонология, керісінше, климаттың өзгеруі, нәсіл, басқа тілдердің әсері және т.б сияқты факторларға байланысты дыбыстар мен олардың өзгеруін қарастырады. Дифтонг, метатез, анаптиксис, апокоп, синкоп, дауысты дыбыстарды ажырату, гаплология, ассимиляция, диссимиляция және т.б сияқты дыбыстық өзгерістер болады. Бір қызығы, фонология тілдерді немесе лингвистиканы зерттеуде маңызды рөл атқарады. Бұл фонологияның морфологияға немесе сөзжасамға жол ашатындығына немесе негіз салуына байланысты. Екінші жағынан, фонетика фонологияның ішкі жиынтығы деп айтуға болады. Бұл фонологияның фонетикаға негізделуіне байланысты. Демек, фонетика дыбыстардың пайда болуын түсінуде өте маңызды бөлікті құрайды. Филолог екі немесе одан да көп тілді және олардың сипаттамаларын салыстырған кезде фонетикаға да, фонологияға да үлкен мән береді.
Тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды ажыратуға қызмет ететін болса, бұл – фонеманың да негізгі қызметінен саналады. Тілімізде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай дыбыстар тобы – фонемалар бар. Мысалы ат, ет, от, өт секілді сөздерде бірыңғай т дыбысы бар. Дауысты дыбыстардың әсерімен т дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке, бірде еріндік, бірде езулікболып біршама ауытқушылықпен, ерекшеліктермен айтылады да, қызметіне қарай бір ғана фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқушылық аллофон делінеді. Демек сөз - дыбыс емес, фонемадан құралады. Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындағы ауытқулардың сөздің мағынасы мен формасына әсері жоқ деуге болады. Сондықтан дыбыс пен фонема бірінің орнына бірі синоним ретінде қолданыла береді.
Достарыңызбен бөлісу: |