Фонология: тілдегі дыбыс түрлері


Тіл дыбыстары мен олардың түрлері



бет3/4
Дата06.04.2023
өлшемі42,05 Kb.
#173938
1   2   3   4
Байланысты:
тбк 11

Тіл дыбыстары мен олардың түрлері
Әр түрлі тілдердегі дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастыруға негіз болатын жалпылама ортақ белгі ретінде, әдетте, олардың буын кұрау қызметі аталады. Буын құрау тұрғысынан алғанда, дауыстылар буын жасай алатын негізгі ұйытқы, басты тұлға ретінде, ал дауыссыздар өздігінен буын жасай алмайтын, дауыстылардың жетегіндегі көмекші элементтер ретінде ғана қаралады. Дыбыстарды дауыстылар және дауыссыздар деп топтастырғанда, олардың акустикалық жақтары мен физиологиялық жақтары да еске алынады. Акустикалық тұрғыдан қарағанда, дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальды үн (тон) мен салдырға негізделеді. Дауыстыларда үн басым да, дауыссыздарда салдыр басым. Бұл ретте мына жағдайды да ескеру қажет: салдырдың элементтері дауыстыларда мүлдем жоқ деуге болмайды; ал кейбір дауыссыздарда, атап айтқанда, ұяңдарда музыкальды үн (тон) бар. Сонор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою да қиын мәселе болып саналады. Акустикалық тұрғыдан алып қарағанда, сонор дыбыстарды, әсіресе л, р дыбыстарын, дауыстылардың қатарына емес, дауыссыздардың қатарына жатқызуға жеткілікті негіз жоқ екені айтылып жүр. Бұлай болатындығы: сонор дыбыстарда салдырға қарағанда үн (тон) басым.
Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың (үннің) қатысуымен жасалса, қайсыбіреулері дауыстың қатысуынсыз жасалады. Осыған орай, дауыссыздар екі топқа бөлінеді:

Дауыссыз дыбыс

Қатаң дауыссыздар Ұяң дауыссыздар
дауыстың қатысынсыз дауыстың қатысуымен
жасалған дауыссыздар жасалған дауыссыздар
Егер дауыссыздарды айтқанда, дауыс шымылдығы жиырылып қысылмаса және дауыстың (үннің) қатысы болмаса, онда қатаң дыбыстар жасалады. Мысалы: қ, к, т, п, с және т.б.
7
Егер дауыссыздарды айтқанда, дауыс шымылдығы үн шығарарлық қалыпта болса, онда ұяң дыбыстар жасалады. Мысалы: ғ, г д, б, з және т.б.
Дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жолды және мұрын жолды дауыссыздар болып екі топқа бөлінеді. Егер жұмсақ таңдай жоғары көтеріліп, жұтқыншақтың мұрын қуысына баратын кіре беріс жолды жауып тұрса, онда ауа ауыз қуысымен өтеді де, осының нәтижесінде ауыз жолды деп аталатын дауыссыздар (мысалы: б, д және т.б.) жасалады. Егер жұмсақ таңдай төмен түсіп, жұтқыншақтан мұрын қуысынан өтсе, онда осының нәтижесінде мұрын жолды деп аталатын дауыссыздар жасалады (мысалы: м, н…). Артикуляциялық жолына қарай салдыр дауыссыздар (қатаңдар мен ұяңдар) шұғыл дауыссыздар (взрывные) және ызың дауыссыздар (щелинные) болып екі топқа бөлінеді. Шұғыл дауыссыздарды айтқанда, дыбыстау мүшелері бір-біріне жабысады да, бірден кілт ажырасып кетеді, осының нәтижесінде ауа үзіліп, шұғыл шығады. Шұғыл дауыссыздардың осы қасиеті ескеріліп, олар эксплозив дауыссыздар деп те аталады. Шұғыл дауыссыздар мыналар: п, б, т, д, к, г, қ. Шұғыл дауыссыздардың айтылу ерекшелігін т дыбысының артикуляциялық жолын сипаттаудан да аңғаруға болады. Бұл дыбысты айтқанда, тілдің ұшы керек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кетеді де ауа шығады. Ызың дауыссыздар дыбыстау мүшелерінің жымдасуынан емес, тек өз ара жуысуынан, соның нәтижесінде, ауаның сүзіліп шығуынан жасалады. Ызың дауыссыздар кейде фрикатив дауыссыздар деп те аталады. Олар мыналар: в, ф, ғ, с, ш, х, з, ж, һ.

Дауыссыз түрі (артикуляциялық орнына қарай)

Айтылу жолы

Дыбыстар

1.Ерін немесе лабиаль дауыссыз

Астыңғы еріннің үстіңгі ерінге немесе үстіңгі тіске тиюінен жасалады. Өз ішінде екі топқа бөлінеді:
а) астыңғы еріннің жоғарғы ерінмен жуысуынан ерін - еріндік немесе б и л а б и а л ь дауыссыздар жасалады.
ә) астыңғы еріннің үстіңгі тіспен жуысуынан еріндік немесе лабио - денталь дауыссыздар жасалады.

А) б, п, м;
Ә) ф, в.

2.Тіл алды дауыссыздары

Тілдің алдыңғы бөлігі активті қызмет атқарады. Ол өзінің өте-мөте жылжымалы болу қасиетіне қарай, әр түрлі қалыпта болып, дауыссыздардың түр-түрін жасауға қатысады. Өз ішінде екі топқа бөлінеді: 8
а) тіс дауыссыздары немесе денталь дауыссыздар;
ә) тіл ұшы немесе альвеолярлы дауыссыздар.

А) т, д, с, з, н, л;
Ә) ч, ш, р, ж.



3. Тіл ортасы дауыссыздары

тілдің орта шенінің үстіңгі жағының қатты таңдайға жуықтасуынан жасалады.

Й

4. Тіл арты дауыссыздары

тілдің артқы шенінің жұмсақ таңдайға жуықтасуынан жасалады.

қ, ғ, ң

5.Көмей дауыссыздар

жұтқыншақ қуысында тілдің артқы шенінің кейін шегіну және жұтқыншақ қуысының тарылуынан жасалады.

H



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет