«Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» пəні бойынша оқу-əдістемелік кешен


Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» Сөз тіркесі жəне



Pdf көрінісі
бет3/54
Дата14.10.2022
өлшемі0,59 Mb.
#153161
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
« азіргі аза тілі. С з тіркесі мен жай с йлем синтаксисі» п ні

Қазіргі қазақ тілі синтаксисі» Сөз тіркесі жəне
жай сөйлем пəні бойынша 
-барлық

материалдарды ғылыми негізде түсіндіру;


 
-
студенттердің төменгі курстарда алған білімдерін теориялық жақтан 
кеңейту; 
-
синтаксистің негізгі объектілерінің мəнін ашып, оларды бір-бірінен 
ажырата білуге дағдыландыру; 
-
студенттерді тіркес түрлеріне, сөйлем мүшелеріне, сөйлем құрылысына 
қарай талдай білуге үйрету; 
-
синтаксистік ұғымдар мен қағидалардың мəнін түсінуге, өз ойларын 
қорытындылай білуге дағдыландыру;
 
-
синтаксистік сала бірліктерін ажырату жолдарын игерту.
 
 
Пререквизиттері: 
ـ
Тіл біліміне кіріспе 
- Қазіргі қазақ тілі: фонетика 
- Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы 
- Қазіргі қазақ тілі: морфология 
- Қазіргі қазақ тілі: сөзжасам 
- Қазіргі қазақ тілі: лексика 
 Постреквизиттері: 
 
- қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы 
- қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы 
- қазіргі қазақ тілінің морфологиясы 
Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі 


Курс саясаты жəне іс-жосығы (процедурасы) 
 
Оқыту негізінен негізгі оқу материалдарын түсіндіретін жəне тəжірибелік 
дағдыларды қалыптастыратын практикалық сабақтар түрінде өтеді. 
Студенттердің білімін тексеру ауызша жəне жазбаша жаттығулар, тест 
жұмыстары жəне жеке семестрлік тапсырмалар мен үй жұмыстарын тексеру 
ретінде болады. Студенттердің білім кемшіліктерін жою үшін алдын-ала 
белгіленген кесте бойынша əр апта сайын кеңестер жүргізіледі.
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге 
тиісті жəне барлық студенттер үшін міндетті. Əрбір оқытушы 
студенттерге сабақ барысында тəртіп ережелерін, оқытушымен жəне 
басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін 
талап етеді

Студенттерге қойылатын талаптар: 
(толықтырулар мен өзгертулер енгізуге болады) 
Курс бойынша жоғары балл алу үшін əрдайым жұмыстану қажет. 
Себебі пəн бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Сабаққа 
белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық 
орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент əрбір 
кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет (жоғарыда 
көрсетілген пəн бойынша білімді бағалау жəне апталық тақырыптық кесте 
бойынша) 
1. Сабаққа қатысу 
 
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Қалдырылған сабақтар пəннің 
оқу-əдістемелік кешенінде көрсетілгендей толық көлемде орындалу қажет. 
Пəннің 3/1 себепсіз қалдырса, курстан шығарылады. 
2. Аудиториядағы тəртіп: 
Студент сабаққа кешікпеу, сабақ уақытында сөйлеспеу, газет оқымау, 
ұялы телефоның сөндіру, оқу үрдісіне белсенді қатысуы қажет. 
3. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы міндетті түреде көрсетілген мерзімде орындалуы 
қажет. Үй тапсырмалары негізінде қорытынды баға шығарылады. 
4. Жеке тапсырмалар 
Семестрлік жеке тапсырмалар міндетті болып табылады. Олар 
реферат (баяндама, хабарлама т.б.) ретінде орындалып, қорғалады. Бұл 
тапсырмалардың əрқайсысы бағаланып, қорытынды баға шығарылады. 
5. Бақылау жұмысы. 
Бақылау жұмысы сабақ уақытында орындалып, тапсырылады. 
Студенттердің білімін бақылау негізінен тест тапсырмаларын орындату 
арқылы тексеріледі. 
6. Пікірлесу. Пікірлесу əр топта кесте бойынша жүзеге асады. 
Студенттердің білімін бақылау тест тапсырмаларын орындату арқылы 
жүргізілуі мүмкін. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет