Көп мағыналықтың жалғаса туындауы.
Көп мағыналық етістік және есім мәнді фразеологизмдерде кездеседі. Әсіресе етістік фразеологизмдерде мағына байланысы айқын ажырытылып тұрады.
Қазақ тілінде тұсау кесер деген фразеологизм бар. Фразеологиялық сөздікте екі мағынаса тіркелген:
1.Жас баланың тұсауын кесерде жасалатын жиын-той. 2.Жастарға өнер жолында сәт сапар тілеу мағынасында айтылады деп көрсеткен./526б/.
Бұл фразеологизмнің жасалуына этнографиялық тұсау кесу ұғымы негіз болған. Фразеологизмдегі көпмағыналықтың бірте-бірте даму нәтижесі өмірдегі әлеуметтік өзгерістерге қатысты. Жиын-тойдағы айтылатын жақсы тілек мағынасы тереңдей келе, қоғамдық ортадағы болып жатқан ұқсас жағдайға байланысты сәт сапар тілеу мағынасына ұласты. Ал қазіргі кезде осы тіркестің үшінші мағынасы пайда болды. Қоғам дамуында кейін көрініс беріп жүрген бір жаңа ғимараттты немесе жаңа құрылған ресми ұйымдарды ашу салтантатты түрде жұртқа таныстырылатын болды. Міне, осы рәсім тұсау кесер деп аталды және тілдік қолданыста жиі айтылатындықтан қалыптасып кетті. Аталған соңғы мағына жалғаса туатын көпмағыналықтың бір мысалы. О бастағы ситуациядағы ұқсастық пен мағынадағы ішкі байланыс көп мағыналықтың тууына себепкер болады.
Мысалы: Көзі ашылу 1.Санасы, сезімі ояну
2.Бір нәрсеге қолы жету
3.Қиындықтан құтылу
4.Білім алу
Келтірілген мысалда ауыспалы метафоралық негізгі мағына көзі ашылу тіркесінің осы 4 мағынасы сөздікте тіркелеген. Бұлардың бәрі жалғаса туған мағыналар. Сол сияқты:
Дәмін тату 1.Тағамның дәмін көру.
2.Әр түрлі жағдайда күн кешу
Тілі шығу 1. Жас сәбидің алғаш рет сөйлеуі
2.Әдеттегіден тыс сөйлеу, күтпеген
ойды айта бастау
Көзін шел басу 1.Соқыр болу
2.Еш нәрсені байқағысы келмеу
3.Тоқмейілсу, надандық.
Бұл мысалдардың фразеологиялық көпмағыналық – негізгі мысалдағы ой, мағына ортақтығының бір ұғымды білдіруіне байланысты тізбектеле, жалғаса туып отыр. Сонымен көп мағыналықтың жалғаса тууына ықпал ететіндер:
Барлық мағынаға тән ұқсас ситуация
Ортақ метафоралық ауыспалы қолданыс
Ішкі мағына байланысы
Достарыңызбен бөлісу: |