ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
лексикология және фразеология
Пәннің алдына қойған мақсаты. Жалпы тіл білімінің, соның ішінде қазақ тіл білімінің дербес салалары – лексикология және фразеологиямен, олардың зерттеу объектілері, мәселен лексикология – сөздік құрам, ал фразеология үшін оның түрлері мен белгілері, тұрақтылық сипаты, этнолингвистикалық мәні ен стильдік еркешеліктері, сондай-ақ, фразеологиялық қорды жан-жақты таныстыру; Лексикологияны өткенде тілдің сөз байлығын даму заңдылығын, тарихы мен бүгінгі қалпын зерттеудің қол жеткен ғылыми табыстары жайында мағлұмат беру; сөз төркінін анықтаудың сан-алуан тәсілдерімен этимологиялық принциптерін сөз ету. Лексикология пәнінің құрамына енетін салалар мен бөлімдер. Лексикологияның және оған қатысты салалардың негізгі объектісі сөз екендігі. Лексиканың сипаты мен салалары және лексиканың іштей жіктелуін талдау. Ал қазақ фразеологиясын сөз еткенде алдымен фразеологизмдердің белгілері мен түрлерін, семантикалық категорияларын және тақырыптық-семантикалық жүйесі қамтылады. Сондай-ақ, фразеологизмдердің стильдік, этнолингвистикалық сипаттары да жан-жақты қарастырылады.
Пәннің міндеті. Лексикология пәні - қазақ тіліндегі бүкіл сөздік құрамды қарастыратындықтан, студенттер тілдің басқа бөлімдерін (фонетика, морфология, синтаксис) оқу, үйрену алдында “сөз” туралы жалпы сөздің ұғымы, қызметі мағынасы әр түрлі қолданыс түрлеріндегі ерекшеліктерімен таныстыру. Сөз байлығының яғни лексикалық құрамның өз ретінде бірнеше тарихи, диахрондық қабаттардан тұратынын айтамыз. Және байырғы базистік құрам мен басқа тілдерден енген кірме сөздердің топтарын студенттер теориялық және практикалық тұрғыдан талдап, меңгеруі тиіс. Бұл ретте олар тиісті әдебиеттерді пайдаланып, аралық бақылау, өздік жұмыс және семинар сабақтары тұсында алған білімдерін бекіте түседі. Фразеология саласы мен лексикографиядан да білім дәрежелері осы лексикология пәні арқылы тереңдетіледі. Сонымен қатар, тілдің мәнерлі, бейнелі қабаты фразеологизмдердің стильдік ерекшеліктері олардың тақырыптық топтары, семантикалық категориялары фразеологиялық фактілер арқылы талданады.
Достарыңызбен бөлісу: |