Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы



бет2/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya
«Гипотиреоз даму себептері, лабораторлы диагностикасы, орын басу терапиясының принциптері»;, 1-сабақ. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы, Имаш Қуанышбек электрлі трансмисия, 461196.pptx, SCIENTIFIC TRANSLATION TECHNIQUES, презентация ботаника
Өзге пәндермен байланысы.
Морфология. Морфологияны зерттеу объектісі морфема мағыналық жақтан әр түрлі болып келеді де лексикаға да морфологияға да ортақ. Сөздің лексикалық және грамматикалық мағынасы бір морфемада қабаттасып келеді. Тілдегі барлық сөздер мағыналық, тұлғалық ерекшеліктеріне қарай бөлінеді.
Лексикология өз ішінде бірнеше салаға бөлінетіндігімен қатар (семасиология, ономастика, фразеология, лексикография) тілдік базис ретінде фонетика, синтаксиспен де байланысты.
Фонетика - сөздердің лексикалық варианттарымен қатар, фонетикалық варианттар бар. Бір сөздің тұлғалық жағынан әр түрлі дыбысталу ерекшеліктері – фонетикалық ерекшеліктер делінеді.
Синтаксис – сөз болмаған жерде сөз тіркестерінің, сөйлемдердің жасалуы мүмкін емес. Тілдің көптеген құбылыстары сөзге қатысты болғандықтан лексикология сөз қолданысына байланысты синтаксистік ерекшеліктерді де сөз етеді.
Қазақ тілінің стилистикасы. Сөздік қордағы ұлан-ғайыр сөздер мен сөз тіркестерінің сөйлеуде, жазуда өзіндік қолданылу ерекшеліктері бар.

  1. Курстың мазмұны.



050117 Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша
Қазіргі қазақ тілінен (лексикология) өтілетін дәрістер курсы


1.Модуль Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының жалпы теориялық негіздері


1 дәріс. Лексикология пәні, мақсаты. Лексикалық мағына...

Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы деп аталатын қазақ тілінің курсы өз арасында бір-бірінен зерттеу нысандары арқылы ажыратылады. Лексикология – сөз (грекше сөз) туралы ілім болса, фразеология (сөйлемше), яғни фразалық тіркестерді зерттейтін ілім.


Сонымен лексикология бүкіл сөздік қорды зерттейді, фразеология бүкіл фразеологиялық қорды зерттейді. Бұл олардың зерттеу нысандарының тар мағынада алынуы болса, кең мағынада тіліміздегі барлық сөздер мен фразеологизмдердің қазіргі тілдік қолданыстағы көрінісі туралы олардың синхрондық сипаттамасы делінеді. Алайда тілдегі сөздер мен фразеологизмдердің қазіргі қолданысымен қоса, тарихи тұрғыдан қарастыру диахрондық сипаттамасына жатады. Аталған лексика-фразеологизмдерді жан-жақты қарастыру мақсатында тіл білімінің басқа салаларымен байланыстыра талдайды. Бұл ретте олардың басқа ғылым салаларымен қандай байланыста екендігі анықталады. Мәселен, сөздің мағынасы туралы семасиология, сөздің аталымға қалай ие болғаны мен оның заңдылықтарын – ономасиология, ал сөздің шығу төркіні туралы – этимология, бүкіл сөздер мен фразеологизмдердің сөздікке қалай тіркелгендігі – лексикография мен фразеографияда қарастырылады. Қазіргі таңда түрлі ғылым саласындағы жаңа зерттеу бағыттарының методологиялық принциптері екі ғылымның ұштасуы немесе түйісуі тұрғысынан мүлдем жаңа тілдік зерттеу бағыттары пайда бола бастады. Солардың қатарында этнолингвистика, лингвомәдениеттану, яғни тіл арқылы мәдениеттану, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, статолингвистика, паралингвистика сияқты жаңа бағыттар бар. Лексикалық мағынаны психолингвистикалық зерттеу. 20 ғ. 50 жылдарында лингвистикмен психологияның түйісінде жаңа ғылым – психолингвистика пайда болды. Бұл бағыт сөз мағынасының психологиялық жағымен шұғылданады, яғни қабылдау, әңгімелесу, индивидтік жеке қасиеттер т.б. толып жатқан психологиялық мәселелермен семантиканың арақатынасын анықтаумен айналысады. Психолингвистка негізінен, мағынаның ассоциацияларын эксперимент арқылы зерттеумен айналысқандағы мақсаты ‑ сөздің мағыныалық құрылымын айқындау. Мағына: 1. Объективті, психикалық факт реінде; 2.сөйлеушінің санасына байланысты субъективті факт ретінде қаралады.


Этнолингвистика – этнос тарихына қатысты тілдік зерттеу. Демек, этнос болмысын өз тілі ішінде, танып білу, зерттеу деген сөз. Тіл әлемінде этностың салт дәстүрі, мифологиясы, күн-көріс тіршілігі түгелдей көрінеді және сақталады. Сақталуы арқылы ғана ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Мысалы, шаңбасар алу, атау кере ішу,; Сонымен қазақ этнолингвистикасы жаңа дербес сала. Ал лингвомәдениеттану бағыты сол ұлт тілі арқылы ұлттың заттық және рухани мәдениетін түсіну. Мысалы, киім-кешек атаулары, зергерлік бұйымдар,мысалы, бет моншағы үзілу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет