Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы


Фразеологиялық байлаулы мағына



бет7/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya
«Гипотиреоз даму себептері, лабораторлы диагностикасы, орын басу терапиясының принциптері»;, 1-сабақ. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы, Имаш Қуанышбек электрлі трансмисия, 461196.pptx, SCIENTIFIC TRANSLATION TECHNIQUES, презентация ботаника
Фразеологиялық байлаулы мағына тұақты тіркестердің әр компоненті бірігіп бір ғана фразеологиялық мағынаны береді. Олардың мағынасы осындай тұтастықпен және қолданылу тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығымен ерекшеленеді. Түйенің тұяғы түскен жер, егіздің сыңарындай, екі өкпесін қолына алып. т.б.
Синтакистік шартты мағына сөздер қолданыс ыңғйында контексте тура білдретін мағынасынан басқа үстеме мағынамен айтылатын кездері болады. Ол оның ауыспалы мағынада қолданылып тұрғанын көрсетеді. Ол тас бауыр. өмірдің өтіп базары, Жүргем жоқ қайғының жүгін артып;
Сөздердің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексиалық мағыналары: бейтарап, және бейнелі мағына, терминдік мағына, поэтикалық мағына.
4 дәріс. Сөз мағынасының дамуы. Метафора


Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына кеңейіп, не тарылып отыратын заңдылықтар бар. Сөз мағынасының кеңеюі сөз өз тұлғасын өзгертпей-ақ бұрынғы мағынасының үстіне жаңа қосымша мағына үстейді. Мысалы, құн, талқылау, байланыс т.б. сөздері қазір жаңа қолданыста басқа мағынада жұмсалады. Байланыс құралдары, мәселені талқылау, қосымша құн. Сөз мағыналаының кеңеюіне метафора, метонимия, синекдоха жатады.
Метафора сөздің мағынасын қалай жасалғандығын көрсетеді. Метафора көптеген тіл қабаттарынң шығу көзі. Метафора бір халықтың тұрмыс-тіршілігінің , тарихының салт-санасының тілдік көрсеткіші. М; қызыл отау, жаң қазақтар, заманның өгей ұлдары, көкек ана, қоғам дерті. Метафора ұқсастық, яғни аналогиямен ғана жасалмайды. Метафора – сөздің ауыспалы мағынасы. Метафора - қолданыстағы сөз мағынасы мен жаңа ұғым атауының арақатынасының нәтижесі. Метафора - қолданыстағы сөз мағынасының қайта ойдаудан өтуі. Метафораның жасалуы шексіз. Метафора поэтикалық және лексикалық деп бөлінеді. Басқа да тілдік метафора, тұрақты метафора деп те бөледі. Тілдік метафорраларға сөздің ауыспалы мағынасы арқылы пайда болған метафоралық мағынасы күңгірттенген, не жойылып кеткен үстел аяғы, сағаттың тілі, иненің көзі. Т.б. Бұл метафоралық мағыналар ұқсатудың негізінде лексикалық мағыналарының байланысуы арқылы пайда болған. Тұрақты метафораларға жұлдызды соғыс, тарихи ақтаңдақтар, қара тізім, Ел орда т.б жатқызуға болады. Концептуалдық метафора ғылым тілінде – математикалық өрнек, электон бұлты, ұғымның бет-пердесі, семантикалық өріс т.б.
Метонимия тілдің лексикалық құрамы дамуының бір көрінісі. Бір заттың орнына екінші затты немесе құбылысты, мәндік, мекендік, мезгілдік, түр-түстік жағынан бір-біріне бүтіндей немесе бөлшектей жақындығы бар заттың немесе құбылыстың бөлшегі орнына бүтінін алмастырып айту метонимия делінеді. Қазақ тілінде метонимиялық қолданыстардың ең көбі – зат есім. Зал не болар екен деп тына қалды. Аудитория тым тырыс. Сын есім дерден – жақсының жақсылығын айт... Тентек көпке тоқтайды, жомарт жоққа тоқтайды.сан есімдерден – Бірдің атын біл. Етістіктерден – Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз. Есімдерден – кейбіре тыңдар сөзді ұқаннынша. Үстеуледен – Бұрынғылардың ата салты. Одағайлардан – шеткі үйден бірінен “ойбай” шықты. Еліктеуіш сөздерден – Сағат шық-шық, жүріс тық-тық. Тасыр тұсыр келіп жетті.
Синекдоха бір тауға ортақтасып, қолданылуы жағынан метонимияға ұқсас. Басты ерекшелігі бүтін мен жалпының орнына бөлшегі мен жалқысы немесе керісінше алмастырылып айту синекдохада айқын білінеді. Синекдоха тәсілі сөздердің мағыналық жағынан түрленуіне ықпал етеді. Бөрік кигеннің намысы бір. Сөз мағыналрын өзгерту көркем шығарма стиліне тән.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет