Орындаған: Дәулетова А. Д тобы:ҚТӘ-21 Тексерген



Дата10.11.2023
өлшемі27,79 Kb.
#190828
Байланысты:
Сөз мағынасының ауысуының негізгі тәсілдері

    Бұл бет үшін навигация:
  • Тобы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

СӨЖ
Тақырыбы: Сөз мағынасының ауысуының негізгі тәсілдері

Орындаған:Дәулетова А.Д
Тобы:ҚТӘ-21
Тексерген:Сарекенова Қ.Қ

2023 жыл
Жоспар


1.Сөздің тура және ауыспалы мағыналары
2. Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу жолдары.
3. Сөз мағынасы ауысуының себептері.
Сөздің зат пен құбылысқа тікелей байланысын тура мағына деп түсіндіреді. Бұл лексикалық мағына дегенмен дәлме-дәл келеді. Тура мағына заттар мен құбылысқа жанама түрде емес, тура бағытталады. Тура мағынадағы айтылған сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасы заттық-логикалық тұрғыдан айқындалып белгіленеді. Сондықтан тура мағына да айтылған сөз азын-аулақ белгілі сөздермен ғана емес, алуан-алуан сөздермен кең түрде байланыс жасап, емін-еркін тіркесе алады. Мысалы: ал деген етістік тамақ ал, қалам ал, баланы ал, балғаны ал, кітапты ал деп толып жатқан сан қилы сөздермен тіркесіп айтыла береді. Сол сияқты жас деген сын есім жас адам, жас мал болып айтылса, үлкен деген сөз үлкен үй, үлкен адам, үлкен бала болып шексіз кете береді. Сондай-ақ, киім деген зат есімге әр түрлі сапалық белгі қосып қолдануға болады. Мысалы: бас киім, аяқ киім, жылы киім, жұқа киім т.б. Тура мағынасы жоқ сөз тілде некен-саяқ. Сөздікте сөз мағыналарын жүйелегенде негізгі мағына қашанда бірінші алынады. Демек, тура мағынада жұмсалған сөздің қимыл-қозғалысына, қолданысына ешбір шек қойылмайды. Тура мағынада сөздердің осындай жан-жақты, емін-еркін қызметіне қарай бұларды кейде еркін мағына деп те аталады. Тура мағына фразеологиялық байлаулы мағынаға, қарсы қойылып, соларды бір-бірінен ажырату үшін пайдаланылады.
Фразеологиялық байлаулы мағына. Сөздің қалыптасқан тұрақты сөз тіркесінде көрінетін лексикалық мағынасы фразеологиялық байлаулы мағына делінеді. Сөз өзінің тура номинативті мағынасында заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталып, қыруар сөздермен тіркесіп айтылуға өте-мөте бейім келсе, фразеологиялық байлаулы мағынада кез келген сөзбен емес, санамалы арнаулы сөздермен ғана тіркесіп қолданады. Мәселен, қысыр деген сөз буаз емес, төлдемейтін бойдақ деген өзінің тура мағынасында қысыр бие, қысыр сиыр деп бірқыдыру сөзбен оңды-солды емін-еркін айтыла береді. Қысыр сөз деген тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы қысыр деген бос, мәнсіз деген мәнді білдіріп, номинативті (еркін) мағынада емес, фразеологиялық байлаулы мағынада қолданылып тұр. Бұл байлаулы мағына өзге сөздермен емес, тек сөз деген сөзбен тіркескенде ғана пайда болады. Қазақ тілінде құлқын деген сөздің тура мағынасы ындын деген ұғымды білдіреді. Осында құлқыны құрыды, құлқынның құлы деген фразеологиялық тіркестер жасалған. Ал құлқын сәрі деген тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы құлқын сөзі тура мағынасынан бір жола ажырап, өте, тым деген фразеологиялық байлаулы мағынада жұмсалынып отыр. Құлқын деген сөз өте, тым деген фразеологиялық байлаулы мағынаға тек сәрі деген сөзбен тіркескенде ғана ие болады. Қасқа жол, қасқа бұлақ деген тұрақты сөз тіркестердің құрамындағы қасқа деген сөз анық, айқын, сонадан көрінетін деген фразеологиялық байлаулы мағынада жұмсалады. Бұл мағына өзге сөздермен тіркескенде емес, тек жол мен бұлақ сөздерімен тіркескенде ғана көрінеді. Демек, фразеологиялық байлаулы мағына тіркесіп айтылған сөздерге тікелей бағынышты болып тұрады. Солардың өзара матасып байланысуынан көрінеді. Сондықтан да бұлар тура (ерікті) мағынадан айырықша ажыратылып, сөздің фразеологиялық байлаулы мағынасы деп аталады. Фразеологиялық байлаулы мағынаға ие болган тұрақты сөз тіркестерінің көбінесе синонимдік баламалары болады. Мәселен, бала жігіт, бала бүркіт дегендегі бала сөзін жас дегенмен ауыстыруға келеді. Аталы сөз дегендегі аталы сөзін орнын тапқан жүйелі сөз деуге болады. Су жорға, судай жорға дегенді су төгілмес жорға, төрт аяғын тең басқан жорға, шайқалған жорға деуге келеді. Ата қоныс, ата дәулет дегендегі ата деген сөзді байырғы, ежелгі деген синонимдермен алмастыруға әбден болады. Алайда бұлар басқадай сөзбен сол мағынаны айқындап түсіндіріп бергенімен, фразеологиялқ байлаулы мағынадағы көрінген сөз тіркесінің беинелігінен үзілді-кесілді қол үзеді. Бұлай еткенде өзгерген түрі тұрақты тіркес болу қабілетін мүлдем жояды.Тура мағынадағы сөздердің қолдану шеңбері соншалықты кең, ал фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөздердің қолдану өрісі соншалықты тар, шектеулі деп бір-біріне қарама-қарсы қойып айту лексикалық мағыналардың өзара кереғарлығынан, алшақтығынан шығады. Фразеологиялық байлаулы мағына синонимдік қатарлардың жасалуына негіз бола алмайды.
Синтаксистік шартты мағына. Сөз бен оның білдіретін ұғымының арасында ешқандай табиғи байланыс болмағандықтан, бір сөз бірнеше затқа, құбылысқа ортақ атау болып ауысып қолдана береді. Сөздер белгілі контексте қолданылу жүйесіне қарай әдеттегіден тіс басқадай ерекше үстеме мағына жамап алуы ықтимал. Осындай жол-жөнекей синтаксистік қызмет атқару үстінде пайда болған лексикалық мағына сөздің синтаксистік шартты мағынасы делінеді. Мысалы, Жәрмеңке жастық уақыт өтіп кетіп, бұл күнде тоқталып тұр сол базарым (Ақан сері). Айтып-айтпай немене Исатайды өлтіріп, Серкесінен айырылып, Сергелдең болған біздің ел (Махамбет). Егер осы кісінің іріктеген тұқымымен ауданды қамтамасыз етсек, зор табыстың кілті қолға түскен болар еді (Ғ. Мұстафин).Осындағы жәрмеңке, базар деген сөз өзінің тура мағынасында емес, белгілі контексте қолданылып, қызық, думан мағынасында айтылып тұр. Серке тартырылған еркек ешкі мағынасында емес, қолбасшы, жетекші, басшы деген мағынада жұмсалған. Ал кілт құлыпты ашатын ашқыш емес, бір нәрсенің тетігі, тұтқасы ұғымында бейнеленіп айтылып, әр түрлі экспрессивті- эмоциялық мән тудырып отыр. Бұл сияқты ауыспалы тиянақсыз мағыналар белгілі контексте сөйлем ішінде көрінетін болғандықтан, синтаксистік шартты мағына деп аталынған. Қазақ тіліндегі сөздер бұл тәрізді ауыс мағынаға өте-мөте бай. Олар жағымды мағынада да, жағымсыз мағынада да екі жақты қолданыла береді. Мәселен, сөйлеу тілінде киім дегеннің орнына үстімде лыпам жоқ, үстіңнен жабуың бір түспейді деп, белгілі сөздерден әр түрлі жағымсыз мән тудырып айта береді. Ауызекі тілде омырау, көкірек, кеуде дегендер орынсыз өжеттікті, өзін жоғары санаушылықты білдірсе, құлқын, өңеш дегендер өзінің қара басының қамынан басқаны білмейтін жемқор, парақорларды көрсетеді. Сөйлеу тілінде артында қоңырауы бар дегеннен әр дайым бір нәрсені бүлдіріп алып, әңгімеге ілігіп жүретін орашолақ, тиянақсыз адамды түсінеміз. Құдық деген сөздің контекстегі шартты мағынасынан жалмауыз, мешкей дегенді ұғынуға болады. Шымылдық дегеннен жасырын сыр, бүкпе дегенді түсінеміз. Тілдегі кейбір сөздердің әрі тура мағынасы, әрі фразиологиялық байлаулы мағынасы, әрі синтаксистік шартты мағынасы да бола беруі мүмкін. Мәселен, ауыз деген сөздің тура мағынасы “жан-жануардың тамақтану мүшесі” болса контекстік шартты мағынасы – кісі, адам деген ұғымды (көп ауыз біріксе, бір ауыз жоқ болады) білдіреді. Ал ауыз үй, ауыз омыртқа дегендегі ауыз алдыңғы, бірінші деген мағынаны бір ауыз сөз дегендегі ауыз сөйлеу деген мағынаны білдіріп, фразеологиялық байлаулы мағынада жұмсалып тұр. Сөздің ауыз мағынасы затқа тікелей бағытталмайды, басқадай заттар арқылы соған салыстырма ретінде қолданылады. Бір адамның надандығын, ақымақтығын айтқымыз келсе, мал, есек дейміз: момындығын, жуастығын айтқымыз келсе-өгіз не қой аузынан шөп алмайтын дейміз: бассыздығын айтқымыз келсе-айуан (хайуан) дейміз: қасақылығын айтқыңыз келсе, сиыр дейміз: өткірлігін айтқымыз келсе қасқыр дейміз: оңбағандығын айтқымыз келсе-ит дейміз: айлакерлігі мен қулығын айтқымыз келсе-түлкі дейміз: әзәзілдігін айтқымыз келсе-шайтан дейміз, суға жүзгіштігін айтқымыз келсе-балық дейміз; мейірімсіздігін, қатігездігін айтқымыз келсе-таз дейміз; қаһарлылығын айтқымыз келсе-айдаһар не жылан дейміз: икемсіздігін айтқымыз келсе -аю не түйе дейміз: көлгірлігі мен қисықтығын айтқымыз келсе-маймыл дейміз, жеңілдіктігін айтқымыз келсе-көбелек не ешкі дейміз, төзімділігін айтқымыз келсе-тарамыз дейміз: әншілігін айтқымыз келсе -бұлбұл дейміз көрегендігін айтқымыз келсе-қыран, көріпкел дейміз.Адам баласы жан-жануарлардың әрқайсысының өзіне тән жағымды-жағымсыз қылықтарын бір-біріне ауыстырып айту арқылы сан қилы экспрессивті-эмоциалық мән тудырған. Бара-бара сол мағыналар әбден қалыптасып, сөздің контекстік мағыналарына айналған.Сөздің лексикалық мағыналарының бәрі де сөздіктен белгілі дәрежеде орын алады. Әуелі сөздің тура (еркін) мағынасы, онан соң оның туынды (қосымша) мағыналары келеді. Соңынан сөздің контекстік шартты мағынасы мен фразеологиялық байлаулы мағыналары орналасады. Сөздің фразеологиялық байлаулы мағыналары сөздікте көбінесе фразеологиялық тіркестердің ішінде барлық мағыналардан соң беріледі. Мәселен, қысыр сөз, құлқын сәрі, қасқа жол, қасқа бұлақ, бала жігіт, бала бүркіт, судай жорға деген тұрақты тіркестердің көпшілігі “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде” фразеологиялық тіркестердің ішінде (1959 және 1961 жылғы сөздікте алфавитке түсірілмей, аралас-құралас берілсе, онан кейінгі сөздікте алфавит тәртібімен) келген.
Тілдегі кезкелген сөздің (некен-саяқ сөздерді есептемегенде) тура мағынасы болады. Алайда сөздік құрамдағы кез келген сөздің фразеологиялық байлаулы мағынасы мен контекстік шартты мағынасы бола бермейді. Номинативті (ерікті) мағынаға ие болатын атауыш сөздердің көбіне-көп жұмсалу қабілеті күшті болады. Әсіресе, зат есім, етістік, сын есімдер тура мағынада да, ауыспалы мағынада да тілде оңды-солы, жан-жақты белсенді қызмет атқарады. Сол себептен болса керек, осы топқа жататын сөздердің көпшілігі өздерінің тұрақты мағыналарының үстіне ерекше көркемдік реңк беретін (бейнелі) контекстік шартты мағыналар қосып алған. Мәселен, шыжық деген сөз белгілі контексте мехнат, бейнет ұғымында; соқыр-надан, топас мағынасында; шалқу-асып-тасу, масаттану, масайрау мағынасында; сору-аяусыз қанау, жеу мағынасында, қуыру-тықсырып қысу мағынасында бейнелі түрде қолданыла береді. Бұл сөздердің бейнелі мағынасы белгілі контекстен ажыраса болғаны, олар көркемдік сипатынан қол үзіп, өздерінің заттық тура мағыналарын білдіреді. Демек, сөздің контекстік шартты мағынасы тұрақсыз болады. Сондықтан да олар шартты мағына деп аталынады.
Сөздің ауыс мағынасы және оның жасалу жолдары. Белгілі бір тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сол халықтың басынан өткізген бүкіл өмір тіршілігін, жалпы өткен тарихын айнытпай дәл бейнелейтін таусылмас бай қазына, өшпес тарихи мұра екендігі даусыз. Қазақ халқының басынан кешкен көне тарихын, ақыл-ойын, тілек-мүддесін, барлық кәсібі мен шаруашылығын, күллі мәдениетін, керек десеңіз, оның өзіне тән сезімі мен эмоциясын да білгіміз келсе, осы тілдің бай лексикасын түбегейлі зерттеу арқылы көз жеткізуге болады. Неге десеңіз, өмірдегі зат пен құбылыстың бейнесі ұғым арқылы бейнеленеді. Ұғым сөз арқылы беріледі де тілде сол арқылы өмір сүреді. Зат пен құбылыс болмаған жерде ұғым да жоқ, ұғым жоқ жерде сөз де болмайды. Сөз мағынасы өмірдегі зат пен құбылыстарды топшылап, жалпылама көрсетеді. Сөз мағынасында әр тілдің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік бояуы, ұлттық сипаты болады. Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де, ішкі себептер де ықпал етеді. Әсіресе, Сөздің мағынасының өзгеруіне ішкі себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады. Сөз мағынасының ішкі (лингвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп қосылғанда, бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналарымен өзара тығыз қарым-қатынасқа түсіп, солармен синонимдік байланыста жұмсалады. Мұндай жағдайда байланыс екі жақты болуы мүмкін. Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз, не жаңа мағына бұрыннан тілде өмір сүріп келе жатқан байырғы сөздер мен мағыналарға қандай әсері болса, байырғы сөздер мен байырғы мағыналардың, жаңа сөздер мен жаңа мағыналарға да сондай әсер етуі ықтимал. Бұлар бірнеше амал- тәсілдер арқылы жүзеге асады. Қазақ тіліндегі жаңа мағыналардың даму жолдары метафоралық, метонимиялық және синекдохалық тәсілдер арқылы келіп шыққан.
Метафора. Сөздің тура мағынасы заттың қоғамдық түсінігін білдіреді. Сондықтан да, сөздің түрі тура мағынасы қашанда тұрақты, әрі айқын. Негізгі мағына әрқашанда ауыспалы мағынаны қайнар көзі, базасы.
Өмірдегі зат пен құблыстың сыртқы не ішкі белгілі бір ұқсастық белгілеріне қарай сөздің бірнеше мағынада ауысып қолданылуын метафора дейміз. Тіл білімінде бұл заңдылықты кейде ұқсату заңы деп те атайды. Метафора тілдегі қолдану сипатына қарай: а) тілдік (сөздік ) метафора, ә) тұрақты метафора, б) жеке қолданыстағы (индивидуальная) метафора болып үшке бөлінеді.
Тілдік (сөздік) метафора сөзге жаңа мағына қосы, оның семантикалық шеңберін кеңейтіп, әрдайым үздіксіз дамытып отырады. Тіліміздегі көп мағыналы сөздердің бірқыдыруы осы тәсіл арқылы жүзеге асқан. Тілдік метафораның жалпы халықтық сипатына қарап дәстүрлі метафора деп те жұмсалады. Дәстүрлі метафоралық тәсіл бойынша ұқсату заңына сүйеніп, қазақ тілінде мынадай көп мағыналы сөздер шыққан. Мәселен, аяқ деген сөздің ең алғашқы заттық мағынасы деп адам мен жан-жануарлардың жүріп-тұру қызметін атқаратын мүшесі деп түсінеміз. Мұнан кейін стол мен орындық тәрізді жансыз заттарды төрт таған тіреуішін де аяқ деп ұқсаттырып айтқан. Бас пен аяқтың бірі жоғары, екіншісі төмен келуiне қарай (ауылдың басынан кіріп, аяғынан бір-ақ шықтым дегендегі) үшінші мағына пайда болған. Кейінгі кезде жаңа техникалық тұрмысқа кеңінен енуімен байланысты, екі аяқты велосипед, үш аяқты мотоцикл деп те ұқсатып аяқ сөзіне жаңа мағына қосып айтатын болдық. Сөздің мағына жақтан қорланып дамуы осы тәрізді жаңа сапа элементтерінің біртіндеп молаюы арқылы іске асады.Сөз біткеннің бәрі метофоралық тәсіл арқылы ауыс мағына жасай алмайды, тілдегі заттар мен құбылыстардың атын, іс-әрекетін, сапа мен белгілерін білдіретін сөздер ғана жасайды. Бұлар сөзге нақтылы мағына қосып, семантикалық аясын үнемі кеңейтумен болады. Мүше деген сөздің ең алғашқы мағынасы жан-жануарлардың анатомиялық денелерінің жеке-жеке атауларын білдіру болған. Дәулет құсын бауыздап, аспазшы қатынның қолына берді де: бір мүшесін қалдырмай ас деді (Иса Байзақов). Мұнан соң мүше сөзі сый ретінде біреуге берілетін белгілі үлес, сыбаға мағынасын білдірген. Батырдан сауға мергеннен мүше деген (Мақал). Революциядан кейінгі кезеңде белгілі ұйыма кірген адамды мүше деп айтатын болдық. Мысалы: Абылхан колхозға мүше болып кірді. Әуезқан партияның мүшелігіне өтті. Хамит Жоғарғы Советтің мүшесі болып сайланды. Сонымен бірге қазақ тілі білімінде сөйлем мүшесі, үйірлі мүше, тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше деген толып жатқан терминдік мағыналар пайда болды. Жұғу деген сөздің лексикалық тура мағынасы бір заттың екінші затқа тиюі арқылы бір-біріне жабысуы деп (үстіме күйе жұқты, киімге шаң жұқты, қолыма май жұқты) түсінсек, онан кейін аурудың біреуден-біреуге тарауын, ауысуын (сынықтан басқаның бәрі жұғады) білдірген. Мұнан соң біреудің жақсылы-жаманды мінез-құлқы, өнері, қылығы өзге бір адамнан да ұқсасып табылуын айтқан. “Тұқымынан дуана көп шығып еді, жұққан екен”. (Ғ.Мұстафин).
Бір затқа, құбылысқа сапаға тән қанша қасиет, неше ерекше белгі болса, соларды ұқсастырып айтудан бір сөз арқылы бірнеше ұғымды танып білуге болады. Мәселен, қалың деген сапалық ұғымды білдіретін сын есімнен мынадай ерекше белгілер аңғарылады: Қалың нәрсе жуан болады, оның үстіне ол тығыз, әрі жиі, көп боп келеді. Бір сөздің бойына сыйған осыншалық ерекшеліктердің әрқайсысы сөйлемде жеке-жеке дербес мағына тудырып, бас-басына сараланып көрінеді. Мысалы:
1.Қалың деген сөздің жуан, толық деген мағынаны білдіруі. Қалың денелі әйелде тұрақты сезім сирек кездеседі. (М.Әуезов).
2.Қалың деген сөздің көп, мол деген мағынада жұмасалуы. Қалың жұрттың алдында сөйлеп көрген пенде емес едім. (М.Иманжанов).
3.Қалың деген сөздің жиі, тығыз, бітік деген мағынада қолданылуы. Екеуі бір таса жерге, қалың шөптің арасына барып жатты. (Ы.Алтынсарин).
Сөзге қосылған үстеме (туынды) мағына заттың құбылыстың бойында бар сан алуан ерекше белгілердің негізінде ауыстырып қолдану арқылы жасалады. Сондықтан бір сөзден тараған қосымша мағыналар бір сөз табына да, кейде әр сөз табына да қатысты болып келеді. Мәселен, балапан деген зат есім (құстың баласы деген ұғымда), осы сөздің метафоралық ауыспалы мағынасы сындық мағынада жұмсалады. Тасада өскен балапан қарағайлар мен шоғыр бұталар да анық көрінеді. (Т.Ахтанов). Шыны деген зат есімнің (әйнек ұғымында) де метафора тәсілі арқылы жасалған ауыс мағынасы сындық ұғымды білдіреді. Мәселен, шыны май, шыны қар, шыны көз т.б
Сол тәрізді сын есімге қатысты сөздердің метафоралық ауыс мағыналары да кейде заттық ұғым тудыра береді. Мәселен, суық, шала, сынық тәрізді сын есімдер контестке заттық мағынада қолданылады. Мысалы: Құрт езген, я сүзбе қатқан ыстық кісіні суыққа тоңдырмайды (М.Ермеков). Жанып таусылуға айналған шалалардың басы күлге көмілді (С.Мұқанов). Қайыр қисайған қазан, қираған кесе сынықтарын көрді (С.Адамбеков). Аталған сөздердің метафоралық ауыспалы мағыналары белгілі бір контексте бірде зат есім (балапан, шыны) сындық мағынада, бірде сын есім (суық, шала, сынық) заттық мағынада жұмсалып тұрғанымен, бұларды әр сөз табына жатқызып, омоним ретінде қарауға болмайды. Бұл тәрізді сөздердің ең алғашқы лексикалық тура мағынасы қай сөз табына қатысты болса, содан өрбіген туынды(қосымша) мағыналарды да сол сөз табына жатқызу жөн болады. Бұл идея олардың мағыналардың шығу тегі бір екенін бір негізден (тура мағынадан) таралғандығын айқындап көрсетіп тұрады. Метофораның негізінен туған келтірінді мағына сөздің сөздіктегі мағынасына еніп, оның туынды мағыналарының қатарында қаралады. Мәселен, астар деп әдетте киімнің ішкі жұқа қабатын түсінеміз. Сонымен қатар сөздің астары бар деп те айтамыз. Бұл жерде астар деген сөз басқаша мән, өзгеше сыр дегенді білдіреді. Соңғы мағына алғашқы тура мағынадан шыққан қосымша туынды мағына деп есептеледі де, сөздікте астар сөзінің тұрақтанған, үйреншікті лексикалық мағыналарының бірі ретінде көрсетіледі.
Тұрақты метафора ойды естен кетпестей түсінікті етіп тыңдаушыға жеткізу үшін қажет. Ой неғұрым көркем құрылса, соғұрлым тыңдаушыға түсінікті, әрі әсерлі болады. Ойдың көркемдігі жалпы халыққа таныс суретке құрылуымен тығыз байланысты. Адаммен күнделікті өмірден көріп, біліп әбден сыр мнез болған дүниелермен жазушының ойы қабысып, үйлесіп тұрса, шығарманың тіліде соншалықты тартымды болмақ. Тұрақты метафоралар көбіне-көп халық ақындарының творчестволарында жиі ұшырасады. Мысалы: Ақындық өткір тілім, сын семсерін Тауып, дәл төбесінен таны түйреп (“Айтыс”). Баладай екі өркеші – шөл кемесі – Түйем де басқа малдан кем түспейді (“Айтыс”). Алтын дән аялаған кең алқапта, Жер кемесі – комбайн гүрілдейді (“Айтыс”).Ақындар айтыс өнерінде өткір тілді – сын семсерге, түйені – шөл кемеге, комбайнды – жер кемеге балау арқылы өз ойын тыңдаушыға әрі түсінікті, әрі соншама әсерлі етіп жеткізіп бере алады. Осындай бейнелі,теңеу сөз ауыздан-ауызға таралып, ұмытылмастай бірден-бірге жатталды. Ақырында жалпы халықтық сипат алып, тілге әбден етене болып сіңісіп, халықтық мүлікке айналады. Сөйтіп тілдегі сөздік құрамның бір бұрышында (поэзияда) жоғалмастай болып, мәңгі-бақи сақталады.Бір кезде мақтаны ақ алтынға, көмірді қара алтынға, астықты сары алтынға балап, жай қолданған болсақ, бүгінгі таңда осы метафоралық теңеулер әдеби тілімізге әбден сіңісті болып, біржола орнығып алды. Жекелік қолданыстан гөрі, қазір жалпы халықтық қолданысқа актив болып ауысты. Міне, осындай өз шеңберін кеңейтіп, жұртшылықтың қажетіне жараған метафораларды тұрақты метафора дейміз. Тұрақты метафора барлық жанрда жалпылама кездесе бермейді, көбінесе белгілі бір жанрға телінді болады. Әсіресе поэзияда жиі кездеседі. Сондықтан тұрақты метафораны кейде поэтикалық метафора деп те атайды. Мәселен, халық ақындары қылыш, семсер дегендердің орнына поэзияда алмас, болат дегендерді жиі пайдаланады.Тұрақты метафора сөздің келтірінді мағынасы ретінде сөздік мақаланың мазмұнына енеді.
Жеке қолданыстағы (индивидуальная) метафора мен тұрақты метафора өзара тығыз байланысты. Алғашқысы соңғысының үлгісімен жасалады да белгілі бір ақынның я жазушының белгілі бір туындысында өмір сүреді. Бұлар сөздікте сөздік мақаланың мазмұнына ене алмайды. Белгілі контексте ғана ұшырасатын сөздің келтірінді мағынасы қашанда әр автордың өздіндігін көрсетеді. Сондықтан да келтірінді мағына әрдайым құбылмалы болады.
Мысалы:
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақта (Абай).
Еркін барып жайлаймыз,
Асқар таудың ар жағын.
Көріп келе жатырмыз
Коммунизм вокзалын (Қ.Аманжолов).
Бұл күйдің мұндай суретін
Ой құрықтап, тіл тауып
Айту, тіпті, қиынырақ (І.Жансүгіров)
Сен менің сезімімді лапылдаттың,
Лапылдатып жүректің отын жақтың.
Мен сонда келешектің нұр келбетін
Арманның дүрбісімен жақындаттым
(Т.Медетбеков).
Осындағы көңіл құсы, коммунизм вокзалы, ой құрықтап, тіл тапты, арманның дүрбісі деген метафоралық қолданыстар әр ақынның өзіндік қол таңбасын танытады. Сондықтан да бұл тәрізді метафоралар жалпы халықтық емес, жеке қолданыстағы метафора деп аталады.
Метанимия. Іргелес не шектес екі заттың немесе құбылыстың бір атауға телініп бірінің орнына бірі алмасып қолдануын метанимия дейміз. Мысалы: Бір Абай емес, биылғы жылы отырған бар ағайын, көп ауыл тегіс қаралы (М.Әуезов) дегенде ауыл – ел, халық орнына; Көпей жеңгемнің қолын сағынып жүрмін (Ғ.Мүсірепов) дегенде қол – дәм, ас орнына; Қазан піскенше бәрі машина көруге кетті (Ғ.Мұстафин) дегенде қазан – тамақ, ет орнына; Ділдә шырақ жағып, шымылдықты түріп қойып, қонақтарға көрпе салды (М.Әуезов) дегенде шырақ – шам орнына ауысып айтылып тұр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет