Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы


дәріс. Сөздердің стильдік қызметіне қарай бөлінуі



бет15/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya
«Гипотиреоз даму себептері, лабораторлы диагностикасы, орын басу терапиясының принциптері»;, 1-сабақ. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы, Имаш Қуанышбек электрлі трансмисия, 461196.pptx, SCIENTIFIC TRANSLATION TECHNIQUES, презентация ботаника
11 дәріс. Сөздердің стильдік қызметіне қарай бөлінуі.

Тілдегі сөздер әдетте ауызекі сөйлеу тілі және жазба тілде қолданысына қарай белгілі бір қызмет атқарады. Сөйлеуші ойын жеткізерде айтайын деген ойын мазмұнына қарай жұптап, сөздерді қолданысқа түсіреді. Бірде сезімге әсер ететін эмоциялы сөздер араласса, енді бірде тек заттың пен қимылдың атауы ғана болуы мүмкін. Қалай болғанда да әр сөз адамның ойын жеткізуде белгілі бір қызмет атқарып тұрады. Осындай қызметіне қарай сөздердің стильдік түрлері болады. М, Ол кеше үйге келді. Ол оңбаған үйге кеше сұмдық ашуланып келді. Сөйлем мазмұнын баяндауда сөздердің қоданысына қарай стильдік қызметі аңғарылады. Күн жауып тұр. Мәселе күн тәртібіне қойылсын. Фототілшілер аппаратпен жұмыс істеуде. Аталған сөйлемдерде әр сөз қызметіне қарай функционалдық стильде көрінеді. Сонымен, сөздер қолданысына қарай: 1.бейтарап лексика, 2.сөйлеу тілінің лексикасы, 3.кітаби лексика, 4.экспрессивтік-эмоционалды лексика деп бөлінеді.


Бейтарап лексика стильаралық лексикаға жатады. Олар нақты заттар мен құбылыстарды, сапа, қимыл әрекетті т.б. білдіреді. Оадың қасиеттерін бейнелеп, мәнерлемей нақт атауын ғана атап отырады. Бұлар көбінесе жалпыхалықтық лексиканы қамтиды. Бейтарап лексикалар белгілі бір нақты стильді көрсетпейді, керісінше басқа стильдерге қатысты болады. Демек белгілі бір стильде жазылған мәтінде бейтарап лекика әрдайым ішінде кезігіп жүреді. Сөйлеу тілінің лексикасына сөйлеу стиліне тән сөздер жатады. Ауызекі өсйлеу тілінде тілді коммуникативтік функциясы аса айқын көрінеді. Сөйлеу тілі негізінен үш түрлі шартта жүзеге асырылады.
Біріншіден, қатынас жасаушылар арасында ресмилік болмайды. Егер ресмилік туа қалса, онда мекеме басшысы қол астындағы қызметкеріне немесе адамдардың өзара әңгімесінде ауызекі сөйлеу кезінде қатынас стилі, назар аударту формасы, сөздік қоры бірден өзгереді.
Екіншіден, қарым-қатынас кезінде сөйлеушілер арасында еркіндік болуы тиіс. Мұнда адамдар өзара қысылмай емін-еркін сөйлейді. Бұл арада сөйлеу тақырыбына сай көбінесе тұрмыстық лексика ұжұсаладыж, сондай-ақ сөйлеу тілінің басты элементтері диалект, жаргон, варваризмдер жиі ұшырасады.
Үшіншіден, ауызекі сөйлеуде сөз бұрын дайындалмаған, табан астында суырып салғандай айтыла береді.
Ауызекі сөздің әдетте диалог түрінде жұмсалуы оның лексикалық құрамы мен синтаксистік құрылысына көп әсері бар. Диалог формасы қысқа айтылуға және түсінуге қолайлы құрылуы керек. Диалогтағы сөйлем мен сөз тіркесінің ықшамдалған құрылымы болады. Сонымен қатар, кейіпкер тілі көбінесе диалогпен берілетіндіктен айтылатын ойы нақты, қысқа және тыңдауға, естуге ауырлық түсірмеуі қажет. Осындай талаптармен құрылған диалогтың көркемдік әсері әрдайым жоғары. Сөйлеу стилінің лексикасы 1.қарапайым лексика, 2.варваризмдерр, 3. әдеби сөйлеу лексикасы деп бөлінеді. Қарапайы лексикаға ерекше стильдік бояуы бар балағат, кемсіту, дөрекі сөздер, алғыс-қарғыс мәндегі сөздер жатады. (Мысалдарды студенттер өздеі ойлап табады). Варваризмдер қазіргі тілдік қолданыста өте жиі кездеседі. М, вообще, прикинь, да ты что, с ума сойти, давай, хорошо т.б. Әр бір қазақтың тілінде кездесіп отыратын варваризмдер өте көп. Ал бұрын тіл таза кезінде кездесетін мұндай сөзде сол ұлт ерекшелігін білдіру үшін, кейде тыңдаушысын күлдіру үшін “қарағым айналайын черный көзім”, кейде аударуға қиын болғанда кірме сөздер ретінде жүрсе, кейде ақын-жазушылар шығармаларында юелгілі бір мақсатпен қолданыста жүреді. Кітаби сөздер - кітаби лексика деген шартты атау. Бұрынғы жазба әдебиеттегі кездесетін сөздерді атаған. Дұрысында кітаби лексика деген ұғым жазба тілде қолданылатын сөздер. Алайда қазақ тіліндегі қазігі кітаби лексика мен ертедегі кітаби тілден айырмашылығы бар. Будун-халық, йыл-жыл, бітік-жазу, сарығ-сары т.б. Алдыңғы сыңарлары көне түркі жазба ескерткіштеріндегі мысалдар. Қазіргі кітаби лексиканың стильдік саралануы мен таралу деңгейі жоғары. Әдеби тілдің қалыптасқан үлгісін білдіретін лексикалар. Мұнда ресми-іс қағаздар, дипломатия, заң актілерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ресми тіл – ресми іс қағаздар тілі. Қазақ іс қағаздар тарихы зерттеушілердің сілтеуі бойынша XV111 ғасырдың үлесіне тиеді. (қараңыз: Л. Дүйсембекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. А., 2000). Бұл ғасырдан қазақ хандары мен сұлтандарының орыс патшасы мен оның әкімшілік орындарына жазған хаттар мәтіндері сақталған. XV111 ғасырдағы ресми іс қағаздар тілі қолданған лексика-грамматикалық ерекшеліктер сол дәуірдің ресми тілінің қалыптасуы мен даму дәрежесін көрсетеді.
Қазіргі ресми стиль кітаби стильдің қатарынан орын алады және жазба тіл түрінде көрінеді. Ал ресми тілдің ауызша түріне түрлі мәжілістерде, салтанатты жиындарда, ресми қабылдауларда сөйленген сөздер мен қоғамдық және мемлекеттік қызметкерлердің ресми баяндамалары жатады.
Ресми тіл тек ресми жағдайларда ғана және қарым-қатынас үлгісінің ең маңызды жақтарына қызмет етеді. Мемлекетарлық байланыстар мен еларалық қарым-қатынас және мекемелер, ұйымдар, жеке тұғалардың қоғамдық, әлеуметтік сұраныстары мен тапсырыстарына мүдделілік танытып, іс-қағаздарын ресми түрде жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет