Дипломатия тілі – ресми стильдің ішіндегі өзгеше тіл. Бұл тілдегі терминдер жүйесі басқа да салалық терминдермен ұштасып жатса да, құрамы жағынан ерекшеленетін тұстары бар. Дипломатия тілі халықаралық терминдердің жиі кездесуімен ерекшеленеді. Орта ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде дипломатия тілі алғашқыда латын тілі, содан кейін XV111-X1X ғасыр басында француз тілі болды. Сол себепті дипломатия тілінде көбінесе француз тілінен қалған терминдер көбірек орын алады. Заңдар тілі – бұл негізінде тұрғылықты халықпен “сөйлесетін” сол елдің мемлекеттік өкіметінің ресми тілі. Қоғамдық мәселелерді сөз етуіне қарай, публицистика көркем әдебиетке де бір табан жақын келеді. Оның да жанрлық ауқымы кең, көркемдік қуаты мол. Алайда публицистика сөз өнерінің бірі ретінде көркем әдебиеттен айырмашылығы бар. Публицистика – алдымен дәлелге, құжатқа, ойға жүгінеді. Ғылыми стильдің қолданылу өрісі өте ауқымды. Бұл әдеби тілге жан-жақты және мықтап әсер ететін стиль түрлерінің бірінен саналады. Қоғамда күн санап қаулап өсіп жатқан ғылыми-техникалық прогресс тіл-тілдің сөздік құрамына жаңа сөздер мен жаңа тіркестерді енгізеді. Ипотека, инвестор, тендер, фермер, транш, аукцион, электрондық пошта, факс, мемлекеттік пакет, акция т.б. толып жатқан жаңа терминдер бұқаралық ақпарат құралдарынан күнделікті тілдік қолданыстарға дейін жетті.
Көркем әдебиет тілі – әдеби тілдің негізгі көрсеткіші. Ұлттық өнер – дамыған әдебиет – әдеби тіл байлығы деп танылады. Қай кезде болмасын ұлт әдебиетінің ірі өкілдері сол ұлттың әдеби тілін дамытуға үлес қосады, өзіндік ізін қалдырады. Орыс әдеби тілі үшін Пушкин шығармашылығы бағдар болса, қазақ әдебиетінің классигі ұлы Абай, Мұхтарлардың қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы орасан еңбектері ғылым зерттеушілерінің нысаны болды. Ақын, жазушылардың кез келгені ұлт тілінің әдеби үлгісіне әрдайым өз шығармаларының шұрайлы тілі арқылы “қолтаңбасын” қалдырады. Көркем тілдің ең дамыған жоғары сатысы сол ұлт тілінің жеткен жетістігі ретінде бағаланады. Тілдің қолданысында адамның сезіміне әсер ететін түрлі эмоционалды сөздер кездеседі. Мақтану, еркелету, қошемет көрсету, үрей т.б. толып жатқан сезімдерді білдіретін сөздер экспрессивтік-эмоционалды лексикаға жатады. қайран өмір, аға-ек, алпамсадай, маң-маң басу.
Достарыңызбен бөлісу: |