Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы



бет24/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya
«Гипотиреоз даму себептері, лабораторлы диагностикасы, орын басу терапиясының принциптері»;, 1-сабақ. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы, Имаш Қуанышбек электрлі трансмисия, 461196.pptx, SCIENTIFIC TRANSLATION TECHNIQUES, презентация ботаника
Антоним фразеологизмдер
Адамдардың логикалық-танымдық және психологиялық ерекшеліктеріне қарай, өмірде түрлі қарама-қайшылықтар болады. Бұдан қарама-қарсылықтар пайда болады. Ал олардың тілдегі көрінісі тілдік бірліктердің антонимиялық құбылысын туғызады. Тіл білімінде кейінгі кезде басқа да ғылым салаларында, әсіресе, логика, философия, психологиямен байланысты қарастырылған кешенді зерттеулер бойынша антонимдерді топтастыру мәселелері басқаша бағыт алды. Антонимдер туралы осыған дейін тілдік қағидалардың аясында грамматикалық құрылысы, тұлғалық белгілері, сөз табына қатыстылығы т.б. айтылып келеді. Соңғы зерттеулер антонимдердің тек тілдегі ерекшеліктерін сөз етпей, қарама-қарсылық ұғымының сөйленістегі семантикалық көрінісіне қарай талданады. Орыс фолнологиясындағы Н.С.Трубецкойдың оппозиция әдісін антонимия құбылысына да зерттеу тәсілі етіп алған. Соның нәтижесінде оппозиция әдісі бойынша қазақ тіліндегі антонимдердің басқышты немесе сатылы /градуалды/ оппозицияларының түріне : үлкен орташа кіші, кешебүгінертең т.б. мысалдарды жатқызады. /А.Жұмабекова. Қазақ тіліндегі антонимдер сөздігі/
Ал қос мүшелі оппозизицияларының түрі деп /привативті/: жанды – жансыз, бар – жоқ, оң – теріс, жүйелі – жүйесіз т.б. мысалдар келтіріледі. Күшті – күшсіз, сауатты – сауатсыз сияқты мысалдарды антоним деуге болмайды. Себебі бұл ұғымдар оппозициялы болғанымен, ұғымға қатысты күші аз, шала сауаты бар деген сөздер арасына қосылады.
Анатомиялық оппозициялардың тағы түрі эквиполентті антонимдер. Бұлардың алдыңғы екеуінен басты айырмашылығы қоршаған ортадағы түрлі құбылыстардың, іс-әркеттердің қарама-қарсылығына негізделген қарым-қатынастың көрінісі: кіру – шығу, қашу – қуу, кіріс – шығыс, күн – түн, әке – шеше, жығу – жығылу т.б. Мұндай антонимдер адамдардың өзгермейтін қарама-қарсылықтар жағдайында дағдылы өмір сүруінің тілдегі қалыптасқан қарсы мәнді сөздермен білдіреді.
Антоним сөздер мен фразеологимздер арасында жалпы семантикалық және стильдік байланыс бар. Алайда лексикалық антонимдерге қарағанда фразеологиялық бірліктердің өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын өзгешеліктер кездеседі.
Антоним сөздер фразеологизм компонентерінің бірін құрайды. Сондай-ақ, сөз де, фразеологизм де тұрақты тіркестің құрылымы мен құрамының тұрақтылығын сақтап тұрады.
Фразеологиялық антонимдерге қарағанда лексикалық бірліктер антонимдерге бай келеді. Олардың лексика-грамматикалық сипаты қазақ тіл білімінде жақсы зерттелген. Антонимдік қатарды құрайындар алдымен сын есімдер, содан соң үстеулер, ал етістік, зат есімдер кейінгі орында.
Лексикалық антонимдерден фразеологиялық антонимдердің айырмашылықтары бар. Лексикалық антонимдер кейде сөздердің көпмағыналылығынан басқа да антоним жұп құрауы мүмкін. Қарсы мәнді фразеологимдерде тұрақты тіркес ретінде мұндай құбылыс байқалмайды. Бір фразеологиялық мағынадағы бейнелілік басқа қарсы мәндегі фразеологиялық бейнелілікпен антоним құра алмайды. Мысалы: ?
Антоним сөздер фразеологизм құрамында қарсы мағыналық негізде айтылса, онда фразеологиялық антонимдер бір құрылымды болып келеді.
Мысалы:
Ыстық қанды  суық қанды,
Дүниеге келу  дүниеден кету,
Қолы ұзару  қолы қысқару,
Маңдайының бес елі бағы бар  маңдайының бес елі соры бар – бір құрылымды антонимдер, – .
Ал антоним фразеологизмдер лексикалық құрылымы мен синтаксистік құрылысы жағынан ерекшеленіп тұрса, онда олар әр құрылымды.

Мысалы:
Ауылы аралас, қойы қоралас болу ит пен мысықтай болу


Ит арқасы қиянда таяқ тастам жерде
Әмпей-жәмпей болу жүз жыртысу
Ит жеместі жесісу ауыз жаласу
Фразеологиялық антонимдер көбінесе етістікті фразеологизмдер құрамында кездеседі.
Етістіктердің қарама-қарсы мәнде кездесуінен мысалы, жанды – сөнді, түсті – көтерілді, кеңіді - тарылды т.б. сияқты сөздерден эквиполентті антонимдер жасалады.
Шырағы жану Шырағы сөну
Еңсесі түсу Еңсесі көтерілу
Пейілі кеңіу Пейілі тарылу

Кейде қарама-қарсылық ұғымдарды әр түрлі фразеологиялық мағыналарды салыстыру арқылы байқауға болады. Мысалы, компонеттер жеке тұрып қарма-қарсы мәнде айтылмай-ақ, /басына ақ күн туу қара күн туу дегендегі ақ – қара сияқты/ қарсы мәндегі ұғымды беретін тіркестер бар.


Мысалы:
Үлде мен бүлдеге орану үрерге иті жоқ, сығарға биті жоқ, Аспан айналып жерге түскендей сақылдаған сары аяз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет