Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы


Мағыналас фразеологизм сөздігінде



бет25/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya
«Гипотиреоз даму себептері, лабораторлы диагностикасы, орын басу терапиясының принциптері»;, 1-сабақ. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы, Имаш Қуанышбек электрлі трансмисия, 461196.pptx, SCIENTIFIC TRANSLATION TECHNIQUES, презентация ботаника
Мағыналас фразеологизм сөздігінде жолы болу мағынасында 17, жолы болмау мағынасында 19 тіркес берілген.
Сезім жағдайына қатысты жоғары эмоциялы фразеологизмдердің күлу мен жылау ұғымдарының тіркестері өте бай, қатар құрамы жан-жақты. Бұл фразеологиялық синонимдер мен антонимдердің жасалуына семантикалық процестің ортақ екендігін көрсетеді. Олардың арасындағы тығыз байланыстың бір көрінісі екеуінің де қатар құруға бейімділігі. Әдетте тілде мағыналас фразеологизмдердің қатары туралы жиі айтылады. Мысалдар да көбірек келтіріледі. Мысалы, бір заттың аз-көптігіне қарай айтылатын қатарларды салыстырайық:


КӨП, МОЛ АЗ


Ат көпір Ат төбеліндей
Аузы-мұрнынан шығу Бір түйір
Аяқ алып жүргісіз Бір уыс
Бықып жату Бір шайнам
Бырдай болып жату Бір шөкім
Есеп жоқ Жоқтың қасы
Жыртылып айырылу Жұмырына жұқ болмау
Иттен де көп Қасқалдақтың қанындай
Құмырысқадай құжынау Саусақпен санарлықтай

Оң жақтағы антонимдер әрі синонимдік қатар түзген әрі симметриялы синонимдік-антонимдік қатынаста тұр.


Алайда синонимдік-антонимдік қатарлар үнемі сандық бірлікте бола бермейді. Кейде мағыналастарға бір ғана антоним табылуы мүмкін. Мысалы:
Қарсы мәнде айтылатын фразеологиялық мағына кейде бір тіркес құрамында байқалады. Мысалы:


Өліп-тірілгеніне қарамау
Күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмеу
Қойдай өргізіп, қозыдай көгендеу
Көңілі көкте, басы жерде
Аузына ақ ит кіріп, қара ит шығу
Ашса алқанында, жұмса жұмырында
Үстінен құс ұшырып, астынан ит жүгірту
Ыстығына күйіп, суығына тоңу

Мысалдарда күлкі – ұйқы, күю – тоңу деген сөздер лексикалық антонимдер болмайды, бұлар тек тіркес құрамында тұрып қарсы мәндегі фразеологиялық мағына мәнмәтінде /контексте/ байқалады. Мұндай мысалдарға Қысқа күнде қырық шабу, Аспанға ұшса да, жерге батса да жоқ қылу, Отырса опақ, тұрса сопақ, Таңы атып, күні шықпау т.б. сияқты тіркестер жатады.


Осыған орай, көркем мәтінде авторлар стильдік мақсатта қарсы мән тудыру үшін антонимдік ұғымы жоқ әдеттегі сөздерден қарсы мән туғызады. Бұл оқушыға тілдік бірліктер арқылы сөздер мен тұрақты тіркестердің прагматикалық әсерін күшейту үшін жасалатын тәсіл. Мысалы
Антоним фразеологизмдердің де тақырыптық топтары әр алуан. Кеңістік, өлшем, адамның жағымды-жағымсыз қасиеттері және түрлі сезімдік әрекеттерге қатысты қарсы мәнді фразеологиялық топтарды жіктеуге болады.
Антоним фразеологизмдердің жасалу жолдарын былай түйіндеуге болады:

  • Антоним фразеолологизм құрамында қарсы мәнді бір компонент қайталанып отырады: Шырағы жану Шырағы сөну.

  • Фразеологиялық мағынаның өзінде қарама-қарсы ұғымның болуы антоним фразеологизмдердің жасалуына ықпал етеді. Су сепкендей басылу Жүрегі алып ұшу.

  • Кейде болымсыз жұрнақтардың қызметі компонеттер арасында антонимдік мағына туғызады: Куәлі істі куә табар Куәсіз істі күмән табар.

  • Фразеологизм құрамындағы кейбір компоненттер өзара қарсы мәндде айтылмай, бірақ мәнмәтінде /контексте/ анонимдік мағына жасайды: Қысқа күнде қырық рет шабу, Мұңын мұңдау, жырын жырлау; Бұлар прагматикалық антонимдер деп аталады.

Антонимя құбылысы жеке сөздер мен фразеологимздерде әр түрлі көрінеді. Ал олардың арасындағы жалпылылық - антонимияның лингвистикалық құбылыс екендігі. Жеке сөз бен фразеологиялық бірліктердің екі басқа тілдік фактор болуы – ерекшеліктері. Сондықтан фразеологизмдер мен сөздердің антонимиялығы лексикалық, фразеологиялық талдауды қажет етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет