Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы



бет28/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya

Көп мағыналылықтың жарыса туындауы.

Жарыса туатын көп мағыналық жалғаса туатын көпмағыналыққа қарағанда жарыса туындау деген атынан да белгілі өзара көпмағыналы фразеологизмдердің әрқайсысының мағынасы жеке-жеке паралелль дамып, тең дәрежеде көрінеді. Бірақ негіз фразеологизмдегі жарыса туындаған көп мағыналыққа мағына ортақтығымен қатар, әр түрлі ситуация әсер етеді.


Көп мағыналы фразеологиздердегі әр түрлі ситауцияны мына мысалдан көруге болады:
Көңілге алу
1.Ниет ету, мақсат ету
2.Ренжу

Мысалы: Жүзіктің көзінен өткендей


1.қу, жылпос
2.пысық
3.сүйкімді, сұлу


Көңілге алу, жүзіктің көзінен өткендей тіркестердің басқа мағыналарында өзара ассоциациялық байланыс болғанымен, олардың семантикасында жалғаса туған мағына сияқты мағына жақындығы жоқ, өйткені жарыса туған көп мағыналықың әрқайсы тең дәрежеде. Фразеологизмдердің арасында көп мағыналық жалғаса туындауға қарағанда жарыса туындау нәтижесінде көбірек дамиды.
Ассоциациялық байланыс бірнеше ситуацияға негіз болатын мысалдар:
Аузына түсу 
1.Біреуге жем болу
2.Ойға сап ету.
Өліп кете жаздау
1.сұғанақтық көрсету
2.кез-келген іске жан-тәнін салу
3.қатты ұялу
4.жақсы көру, өбектеу.
5.ашкөздік
Мағына ортақтығы бір фразеологиялық тұлғадан көрінеді. Бейнелеу, сипаттау кезінде айтушы ауыспалы метафоралық мағына арқылы бірнеше көріністің суретін бір-ақ ауыз сөзбен жеткізе алады. Мұндай тіркес мағынасының сан түрлі мағыналық қырлары жалғаса туатын көп мағыналықтан жарыса туатын көп мағыналықтың ерекшеліктері бар. Олар:

 Жарыса туындаған көп мағыналықта алғашқы мағына соңғы мағынаға негіз бола алмайды.


 Жарыса туатын көп мағыналық үшін әр түрлі ситуация қажет.
 Тіркестер арасында ассоциациялық байланыс болғанымен, олардың семантикасында жалғаса туған мағына сияқты мағына жақындығы болмайды.
 Жарыса туған көп мағыналықтың әрқайсысы тең дәрежеде дамиды.
Негізгі мағынадан алшақтап, мағыналық байланыс үзілсе омоним тіркестерге айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет