Танымдық процесстер диагностикасы 5- 8 сыныптар
Есте сақтау қабілетін дамыту
Сабақтың мақсаты:
Дамытушылық мақсат: оқшылардың есте сақтау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік мақсат: а) оқушылардың ерік-сезімдерін және өзін-өзі тәрбиелей білуіне ықпал ету; ә) эстетикалық тәрбие.
Сабақтың көрнекілігі:
Сандар жазылған плакат;
Суреттер салынған плакаттар;
Есте сақтау ережелері жазылған плакаттар;
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Психодиагностика жүргізу.
Жаңа материал.
Психологиялық тренингтер.
Сергіту.
Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру кезеңінен кейін оқушыларға парақтар таратылады. Алдымен оқушылар ол параққа аты-жөндерін, сыныбын, бүгінгі күнді толтырады. Оқушыларға нұсқау оқылып, олардың көру арқылы есте сақтауларын анықтау үшін диагностика жүргізіледі.
Нұсқау: «Қазір сіздерге 12 екі таңбалы сандар жазылған плакат 30 сек. Уақыт көрсетіліп алынып тасталынады. Зейін салып мұқият қарап сол сандарды есте сақтауға тырысыңыздар. Плакат алынып тасталынған соң екі таңбалы сандарды еске түсіріп кез-келген қатарда парақтарыңызға жазасыздар».
34
|
23
|
54
|
68
|
97
|
50
|
64
|
47
|
77
|
38
|
19
|
76
|
Нәтижелерді өңдеу: Егер 8-9 сан дұрыс жазылса онда, бұл көру арқылы есте сақтаудың жақсы деңгейде екенін көрсетеді.
Осыдан кейін оқушылардың есту арқылы есте сақтауларын анықтау үшін диагностика жүргізіледі.
Нұсқау: «Қазір сіздерге 12 сөз оқылады. Сіздер зейін салып тыңдап, сол сөздерді есте қалдыруларыңыз керек. Мен белгі бернгенде параққа есте қалған сөздерді кез-келген қатарда жазыңыздар»
жарық
|
көңіл-күй
|
жұмыс
|
ауа-райы
|
қанжар
|
кітап
|
машина
|
үй
|
әйнек
|
ағаш
|
қасқыр
|
көру
|
Нәтижелерді өңдеу: Дұрыс қайта жаңғыртылған сөздер 8-9 болса, онда есту арқылы есте сақтау жақсы деп есептелінеді. Соңынан оқушылардан жауап парағын жин.ап алу.
Біздің әрқайсымыздың есте сақтау қабілетіміз әр түрлі. Біреуіміз көру арқылы жақсы есте сақтаймыз, ал екіншіміз есту арқылы жақсы есте сақтаймыз.
Белгілі бір нәрсені ұзақ уақыт есте сақтау үшін біздің соны әлденеше рет қайталауымыз қажет болады.
Уақыт өте келе олар ұмытыла бастайды. Ұмыту табиғи нәрсе. Кәдімгі адамның есте сақтау қабілеті осындай.
Ал өмірде есте сақтау қабілеті ерекше дамыған адамдар да кездеседі. Ондай адамдар бір көргенін, бір рет естігенін «бірден-ақ» есіне алып табан астында айтып береді және ұзақ уақытқа дейін есте сақтайды. Мысалы, тарихта Гай Юлий Цезарь есімі белгілі.
Гай Юлий Цезарь – ол кім? (Римдік қолбасшы)
Оқушылардан жауап алғаннан кейін оларға Гай Юлий Цезарьдің 30000 солдатының түрін танып, аттарын шатастырмай білгенін айту.
Сондай-ақ А.С.Пушкиннің де есте сақтау қабілеті ерекше болған.
- Александр Сергеевич Пушкин кім? (орыстың ұлы ақыны)
Біз жаңа сирек кездесетін есте сақтау қасиеті бар әлемге әйгілі ғұлама тұлғалармен таныстық. Олардың осындай әлемге әйгілі болуына да осы ерекғше есте сақтау қабілеттерінің де себебі болған шығар. Олар табиғатынан дарынды болып туылған адамдар.
Ал біз өз есімізді қалай дамытуымызға, жетілдіруімізге болады? Біз ол үшін түрлі ережелерге, жаттығуларға суйенуімізге тура келеді (плакатқа жазылған ережелерді оқушыларға оқып беріп талдау жасау).
Есте сақтау ережелері:
Жаттағанда білу және есте қалдыру ниетімен жатта.
Ұзақ есте қалдыруды мақсат ет.
Материал ұмытыла бастағанға дейін қайталай баста.
Аз мөлшерде жаттап қайтала.
Матеметикадан соң тарихты, физикадан соң қазақ әдебиетін оқы; ес түрлілікті қалайды.
Оқыған кезде бұрынғы білгендеріңмен салыстыр.
Толық жаттауды күтпей-ақ, кітапты жауып қойып еске түсіруге тырыс.
Егер тапсырманы сейсенбі күні алсаң, жұма күні жауап беру керек болса, бейсенбіні күтпе, дереу жатта, жақындағанда тек қайтала.
Есте сақтау заңдылығына тоқталайық:
(көрнекілікті пайдалану)
Есте сақтау үшін дұрыс әсер алуға тырысу қажет. Мысалы фотоаппарат тұманды ауа-райында дұрыс фотобейне жасамайтыны секілді біздің санамыз да үстірт, тұманды әсерлерді есте сақтай алмайды.
Сезім органдарының неғұрлым бәрімен де әсер алуға тырысыңыз. Мысалы, бір нәрсе есте сақтағың келсе, дауыстап та, оқып, козбен де көріп, яғни көзбен де, құлақпен де әсер алуға ұмтылу керек.
Ең алдымен көзбен әсер алуға тырысу керек, оның ықпалы күшті. Құлақ пен миды жалғайтын жүйкеге қарағанда көз бен миды жалғайтын жүйкенің 25 есе қалаң екені анықталған.
Есте сақтаудың екінші заңы – қайталау. Мысалы, адамдар Құранды, көлемді-көлемді сүрелерді жатқа біледі. Олар оны қайталау арқылы игереді. Біз кез-келген нәрсені жаттай аламыз, тек оны белгілі бір деңгейде жиі қайталау керек.
Есте сақтаудың үшінші заңы – ассоциация. Фактіні есте сақтаудың жалғыз әдісі – оны басқа бір фактімен үйлестіру.
Нәижені бағалау
10 ұпай – бала барлық тапсырманы 45 сек-тан аз уақыт ішінде орындады.
8-9 ұпай – бала барлық тапсырманы 45-тен 50 сек. арасында орындады.
6-7 ұпай – бала берілген барлық тапсырманы 50 мен 60 сек. аралығында орындады.
4-5 ұпай – бала барлық тапсырманы 60 – 70 сек-та орындады.
2-3 ұпай – бала барлық тапсырманы 70-80 сек. аралығында орындады.
ұпай – бала барлық тапсырмаға 80 сек-тан астам уақыт ж
Достарыңызбен бөлісу: |