Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы



бет30/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya
«Гипотиреоз даму себептері, лабораторлы диагностикасы, орын басу терапиясының принциптері»;, 1-сабақ. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы, Имаш Қуанышбек электрлі трансмисия, 461196.pptx, SCIENTIFIC TRANSLATION TECHNIQUES, презентация ботаника
Бас жару
1.Ожарлық әркет жасау
2.Өсімдіктің гүлдеуі
Ат қою
1.Қаралы үйге атпен ой бауырымдап келу
2. Нәрестеге ат, есім беру
Ала көңіл
1.Арам ниет, күдік
2.Көңілі бөліну, алаңдау

Тіркестер омоним фразеологизмдер деп танылу үшін мынадай белгілер болуы керек:


 Омоним фразеологизмдер көп мағыналы тіркеске ұқсайды, бірақ тіркестер арасында өзара мағыналық байланыс болмайды.
 Айтылуы мен жазылуы бірдей омоним тіркестер кейде кездейсоқ жасалуы да мүмкін.


15 дәріс. Фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты және ұлт мәдениеті
Этнографиялық мәнге ие единицалардың көпшілігі тілімізде тіркес ретінде қолданылатын күрделі сөздер мен фразеологизмдер және мақал-мәтелдер түрінде кездеседі. Осыған орай Ә.Қайдар: "Бүгінгі фразеологизм, мақал-мәтел деп жүрген тұрақты тілдік единицалардың басым көпшілігі бір замандағы күнделікті қарапайым тірліктің, құбылыстың нәтижесі ретінде қалыптасқан тілдегі көрінісі. Олар бара-бара тұрақталып, мағыналық өзгерістерге ұшырауы салдарынан этнофразеологизм және мақал-мәтел дәрежесіне көтеріледі. Олардың дүниеге келуі о баста малға, аңға, өсімдіктерге, аспан әлеміне, табиғат құбылысына байланысты болса да, бүгінде бәрі айналып келіп адам тұрмысына, мінез-құлқына, жақсы-жаман қасиетіне, ішкі-сыртқы көрінісіне бағышталады", -дейді [33, 18].
Этнолингвистикалық арналардың бірі фразеологизмдер әр халықтың дүниетанымы, әдет-ғұрпы, салт-санасы мен ұлттық мәдениетінен хабардар етеді. Тұрақты тіркестер арқылы халықтың барлық келелі ой, пікір-түсінігі сырлы сөзбен кестеленіп беріледі. Олар адамның құлақ құрышын қандырып, сезіміне әсер етіп, ойындағы бейнелілікті жандандырады. Бұл жағынан алғанда қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде ең бай, әрі шұрайлы тіл деп мақтан етуімізге толқы мүмкіндік бар. Тіліміздегі тұрақты тіркестер – халқымыздың ұлттық ерекшелігін көрсететін басты байлығымыздың бірі. Біздің ең алғаш тұрақты тіркестермен таныстығымыз бала кезімізде естіген жыр, аңыз, әңгіме, ертегілерден басталады. Айтылар ой көркем болу үшін сан алуан тұрақты тіркестер қолданылып, ауыздан-ауызға таралады. Әйтседе, біз ол тұрақты тіркестердің қалыптасу уәжіне көңіл бөлмей, сол қалпында қолдана береміз. Осы тұрақты тіркестердің қалыптасу мотивін айқындауды тіл білімінің этнолингвистика саласы атқарады.
Фразеология тіл байлығы ретінде тек сөз өнерінің өрісін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар ерте замандардан бергі барша рухани өміріміздің байлығын, оның қыр-сырларын өз бойына жинап, жан-жақты сипаттайды. Тек фразеологизмдер ғана халықтың өткен өміріндегі әр кезеңдерінен алуан түрлі құбылыстар мен оқиғаларды өрнекті тілмен суреттеп, бүгінгі уақытпен үндестіреді. Сондықтан фразеологизмдердің қалыптасу мотивін анықтауда тілдік фактілерді халықтың рухани, әрі заттық мәдениеті мен тарихына, салт-дәстүрі мен ұлттық дүниетанымына байланыста зерттеуді мақсат ететін тіл білімінің жаңа да құнарлы саласы – этнолингвистиканың рөлі ерекше құнды.
Сонымен, этнолингвистиканың объектісі – этнос және оның тілі. Тілде әрбір халықтың ұлттық сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының нысаналары сақталады. Халықтың сондай ерекшеліктері, мәдениеті, әдет-ғұрпы, әдеби мұралары тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады. Жалпы, тіл – мәдениеттің барлық саласының дамуына дәнекер. Адамзат қоғамы тілдің осы қасиеті арқылы ілгерілеген. Қандай халық болмасын оның ұлттық тілі сонау рулық, тайпалық, халықтық сатысынан бастау алып, сол дәуірдегі мәдениетпен бірге өмір сүріп, әр дәуірдің мәдениетін жалғастырып, қазірге дейін жетуіне арқау болған. Ал осы ұлттық мәдениетіміздің зерттеу, соның ішінде тұрақты тіркестердің мәнін ашу – этнолингвистика үлесі.
Этнолингвистика тілді ұлттық мәдениетпен, халықтық менталитетпен байланысты зерттеуге бағдарлайды. Олай болса, халық тіліндегі тұрақты тіркестер бірден фразеологизмдерге айнала қойған жоқ. Олардың өз даму жағдайы мен қалыптасу үрдістері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет