Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы


Фразеологиздердегі көпмағыналылық



бет26/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya
«Гипотиреоз даму себептері, лабораторлы диагностикасы, орын басу терапиясының принциптері»;, 1-сабақ. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы, Имаш Қуанышбек электрлі трансмисия, 461196.pptx, SCIENTIFIC TRANSLATION TECHNIQUES, презентация ботаника
Фразеологиздердегі көпмағыналылық
Тілдегі бір сөздің көп мағыналы болуы сол сөздің жан-жақты мағыналық тарамдалып көбеюіне, баюына ұйытқы болады. Көпмағыналылық – тіл дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Кез келген тілдің түсіндірме сөздіктері жеке лексеманың көпмағыналылығын арнайы мысалдармен дәйектеп отырады. Содан барып, тіл байлығы жеке сөздердің өптігімен ғана емес, оның мағыналық қырларының молдығымен де өлшенеді.
Полисемия лексикалық бірліктер мен қоса фразеологизмдерге де тән. Жеке сөздерге қарағанда полисемия құбылысы – көпмағыналылық тұрақты тіркестерде сирек кездеседі. Қахақ фразеологиясындағы көпмағыналылық туралы І.Кеңесбаев, Ә.Болғанбаев т.б. пікірлері болмаса, бұл мәселе жүйелі зерттелмеген.
Фразеологизмдердің семантикалық категориялары ретінде полисемантизмнің саны көлемді болмаса да ажырата білудің теориялық және практикалық маңызы бар.

  • Көпмағыналы фразеологизмдердің мағыналық құрылымын анықтау алдымен лексикографиялық еңбектерді түзуге керек.

  • Қазақ тіліндегі көп мағыналы фразеологимздердің санын есепке алу қажеттігі де бар.

  • Фразеологизмдер бірден көпмағыналылыққа ауыспайды. Полисемияның себебін анықтау үшін тілдегі ішкі фактор, мәселен, стильдік және экстралингвистикалық фактор, қоғамдағы әлеуметтік әр түрлі жағдайлардың әсері талданады. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістер ұқсас ассоциацияны тудыратындықтан, кейбір фразеологизмдердің мағынасы бірте-бірте полисемияға ұшырайды. Бірақ бұл өте ұзақ процесс.

  • Көпмағыналылық фразеологизмдердің барлық түрінде кездеспейді. Оның себебі мағынасы неғұрлым тұрақтанған идиом тіркестерден гөрі, ауыспалы мағынадан, метафоралық тәсілдерден жасалған фразеологиялық бірліктер көпмағыналылыққа бейім келеді.

Осы аталғандардың ішінде тұрақты тіркестерде көпмағыналылықтың пайда болуына тілдің ішкі, сыртқы себептері басты фактор екендігін естен шығармау керек.
Фразеологизмдердің өзі көбінесе метафораланудың нәтижесінде еркін сөз тіркесінің ауыспалы мағынада қолдануынан жасалатыны белгілі. Олай болса, фразеологизмнің жаңа мағынасы сол бұрын жасалған еркін сөз тіркесінің параллель дамуы арқылы пайда болады. Демек бір фразеологимзнің әр түрлі мағынасы оның алғашқы және соңғы ауыс мағынасының ара қатысына тәуелі емес. Оның әрқайсысы сол өзі пайда болған бұрынғы тура тіркес мағынасына ұмтылады.
Сондай-ақ, көпмағыналы фразеологизмдердің мағыналары бір-бірімен үнемі тура, ауыспалы, негізі және туынды қатыста болады деген пікірлер үстем. /Н.Шанский/
Егер көп мағыналы сөздердің даму процесі мәнмәтінге /контекске/ тәуелділігі аз болып келсе, ал бір мағыналы фразеологизмнің өзі мәнмәтінде шектеулі боп келетінін ескерсек, онда көп мағыналы фразеологизмнің мағынасын контексте аналитикалық тәсілмен жұмсалуын бақылауға болады. Мұның өзі көп мағыналы фразеологизмнің контексте оның дамуына кәдімгідей әсер етеді., яғни шектейді. Көп мағыналы фразеологимздердің мағыналық дамуына олардың семантикалық құрылысы көп әсер етеді. Егер фразеологизм сманьткалық жағынан бөлінбейтін, копонент құрамына мағына тәуелді болмағандықтан, олардың арасында көп мағыналық пайда бола бермейді. Мәселен, идиом тұрығсындағы фразеологизмдерде мүлдем кездеспейді. Компоненттер арасындағы семантикалық байланыстың сақталуы полисемияның дамуына әсер етеді. Бұл, әсіресе, фразеологиялық бірліктер арасында көп байқалады.
Фразеологизмдердегі көпмағыналық туралы пікірлерді жинақтай келе, бір фразеологизмнің көп мағыналығын айқындау үшін мына белгілер ұсынылады:

  • Фразеологиялық бірліктер құрамындағы компоненттердің семантикалық еркіндік дәрежесі сақталады.

  • Әр мағынаның түрлі мазмұнда жұмсалуы үшін бір ойдың түрлі зат, құбылыспен ортақ байланысы болуы керек.

  • Егер компоненттер арасындағы байланыс әлсіреп, мағыналары мүлдем алыс, мағыналық байланыс болмаса, онда көпмағыналылық емес, омоним фразеологизмдер пайда болады.

  • Полисемиялы фразеологизмдер әр түрлі сөз табынан болады және әр түрлі синтаксистік қызметте жұмсалады.

  • Мағынаның жұмсалуында фразеологизмдер біркелкі грамматикалық байланыста болмайды.

  • Фразеологизмдердің түрлі мағынада жұмсалуына интонацияның да әсері бар. Мысалы:

Соған байланысты, І.Кеңесбаев көпмағыналылықтың екі түрлі жасалу жолы бар деп көрсетеді: жалғаса және жарыса туатын мағына.
Фразеологиялық полисемияның мағыналық құрылымы екі сатыдан тұрады. Бірі – фразеологизмнің ең алғашқы, негізгі мағынасы, екіншісі – кейін пайда болған туынды мағынасы. Соңғы мағынаның тууына фразеологизмнің алғашқы мағынасы себеп болса, соңғы мағына алғашқы мағынаның жасалуына негіз бола алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет