Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы


Жібін /тамырын/ тартып көру



бет31/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya
«Гипотиреоз даму себептері, лабораторлы диагностикасы, орын басу терапиясының принциптері»;, 1-сабақ. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы, Имаш Қуанышбек электрлі трансмисия, 461196.pptx, SCIENTIFIC TRANSLATION TECHNIQUES, презентация ботаника
Жібін /тамырын/ тартып көру – байқау, сынау мағынасында. /ҚТФС, 224/. Сөздікте берілген түсінікке дұрысы сыр тартып байқау деп қосса, оң болар еді. Тамырын сөзі бұл арада лексикалық вариант ретінде көрінгенімен, фразеологиялық нормаға сай емес. Ал тамырын басып көру деген мағыналас түрі жұмсалу нормасына сай келеді. Әдетте тамырды тартып көрмейді, басып көретіні шындыққа лайық. Сондықтан сөздіктегі вариант түрі /тамыры/ басы артық сөз.
Бұл тіркестің тура мағынасын былай таратуға болады. Кездеменің /мата/ қатты немесе бос тоқылған түрлері болады. Бос әрі сирек тоқылған түрінің жіптері саусақ ұшы тиген сайын селдіреп, жіптері тарқатыла береді. Ширақ қатты тоқылған матаның жібі оңайшылықпен суырылмайды. Адамға қатысты ауыспалы мағынаға айналуы ұқсастық заңына негізделген. Сонымен қатар, тілімізде суыртпақтап сұрау – ақырындап сыр тарту дегенге саяды.
Талқыға салу – көпшілік сынына түсіру /ҚТФС, 490/. Талқы негізінде тері илейтін ағаштан жасалған құралдың аты. Малдың терісін түрлі киім-кешек, т.б. заттар пайдаланғанда, теріні жұмсарту үшін талқыға салып илеген. Қазіргі тілдік қолданыста адамдардың ой-пікір таластарын ортаға салған кезде талқыға салу тіркесі айтылады.
Сол сияқты, құйысқаны берік, құлағы елең ету, мойнын бұру, жарасы жеңіл т.б. толып жатқан фразеологизмдердің алғашқы мағынасы еркін сөз тіркестерінен құралған.
Фразеологиялық тіркестердің шығу тегін тереңірек қарастыру үшін, ең алдымен оның ішкі формасына көңіл бөлу керек. Сонда ғана фразеологиялық мағынаның өзіндік ерекшеліктерін және даму жолдарын түсіндіруге болады. Сөздің ішкі формасы деген құбылыс тіл білімінде түрліше атаулармен (мағынаның белгісі, мотивация т.б.) аталып жүр.
М.М.Гинатуллиннің анықтамасы бойынша: "Мотивация – раздел лексикологии, задачей которого, является изучение связи между словами и вещами в момент их наименования, а также состояние и степень мотивированности слов на определенном этапе развития языка" [37, 73]. Яғни, мотивация құбылысы зат пен оның аталу кезіндегі сөзбен байланысын қарастыратын болса, біз осы құбылыс арқылы тұрақты тіркестің қалыптасуына негіз болған мотивті анықтауымызға болады. А.Мелерович: "Ішкі форма дегеніміз – жаңа мағына жасауға негізі болатын ең жақын семантика-этимологиялық мағына", – дейді [38; 59].
Фразеологизмнің ішкі формасын анықтау фразеологиялық мағынаның қалыптасуымен тікелей байланысты. Сондықтан тұрақты тіркестің ішкі формасын анықтау үшін, тіркесті толық қайта ой елегінен өткізу керек. Осындай қайта ой елегінен өткізу нәтижесінде ауыспалы мағынада беріліп тұрған тіркестің нақты нәрсені ойша абстракциялаудан және соның негізінде жаңа түсініктің пайда болатынын байқауға болады. Кейіннен даму барысында ол жалпыланып, соңында фразеологиялық мағынаның қалыптасуына негіз болады. Егер сөз тіркесінің мағына өзгерісі баяу, әрі ұзақ болса, өзгеріс іштей байқалмай қала берді. Сонымен қатар, оның даму барысына бастапқы сөздік комплекс сәйкес келсе, тіркестің семантикалық өзгерісі оның формасына әсер етпейді. Біз оған жоғарыда еркін тіркес мағыналарына жасалған талдаулар арқылы көз жеткіздік.
Тіл арқылы барлық құбылыс, заттар, яғни, әлемнің тілдегі көрінісі тілдік единицаларға тән болғанымен, кумулятивтік қызмет, әсіресе, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерден ерекше байқалады. Оның себебі сол ұлт топырағында тамырланып, нәр алған халық тіліндегі сөздер мен фразеологизмдер ғана ұлт ерекшелігін, менталитетін айқындап бере алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет