Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы



бет29/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya
«Гипотиреоз даму себептері, лабораторлы диагностикасы, орын басу терапиясының принциптері»;, 1-сабақ. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы, Имаш Қуанышбек электрлі трансмисия, 461196.pptx, SCIENTIFIC TRANSLATION TECHNIQUES, презентация ботаника
Омоним фразеологизмдер

Фразеологизмдердің семантикалық парадигмаларының ішінде сирек те болса омоним тіркестер де кездеседі. Көп мағыналы фразеологизмдердің кейбір қатарларында омоним тіркестердің ұшырасып отыруы тілдік факт ретінде сөздіктерге енген. Және жеке-жеке реестрге алынған.


Жалпы омонимдердің пайда болуының бір жағы көп мағыналыққа қатысты. Полисемиялы тіркестер арасында мағыналық байланыстың үзілуінен омоним фразеологизмдер бөлінеді. Бұлар бір кезде өзара байланыста болған, бірақ көп мағыналықтың әрі қарай ыдырау процесі мен семантикалық тұтастықтың әлсіреуінен ұқсас категориялар болып қалыптасқан. Омоним тіркестерді І.Кеңесбаев жарыса туған екі мағынаның ең алшақ типі деген. Алайда ең алшақ типтерді тауып, мынау көп мағыналы, мынау омоним тіркес деп тану бұлардың арасында бір кезде аралық мағынаның болуы себепті екеуін ажыратудың қиындығы лексикалық омонимдер мен полисемияны ажыратудың қиындығынан да күрделі.
Омоним фразеологизм болу үшін тіркестер арасында мағыналық байланыс болмауы керек.
Мысалы:
Есі кету
1.Қуаныштан
2.Қорыққаннан

Мысалда оппозициялық екі түрлі ситуация бар. Алайда қорыққан мен қуанған бірдей деген мақалды еске алсақ, шынында адамның ішкі эмоциясы бет әлпетінде бірыңғай ұқсас қимылдарды туғызады. Содан барып сыртқы көріністегі ұқсас ассоциация сақталып, бірақ ішкі мазмұн, мағына мүлде басқа жағдайды қорыққанын немесе қуанғанынын суреттейді. Демек екі тіркестің арасында ешбір мағыналық байланыс жоқ. Көп мағыналықтың жарыса туған түрлерінің арасынан омонимдерді іздеу, ажырату оңайға түспейді.


Ал мына мысалда да ұқсас ситуация, бірақ мағыналық байланыс байқалмайды.
Ауыз ашу
1.Бір нәрсеге таңқалу

  1. 2.Ораза кезінде ауыз ашу

3.Сөйлей бастау

Бірінші тіркестің бейнелі мағынасы адамның таң қалған жағдайдағы аузы ашылып қарауы, тыңдауы т.б. физиологиялық сәтін суреттейді. Екінші тіркесте рамазан айында мұсылман жұртының ауыз бекіту ұғымына қарсы мәндегі ауыз ашу, тамақ ішу мағынасы берілген. Ал үшінші мағынасы бойынша адресанттың айтуы, сөйлей бастауы деген ұғым қалыптасқан.


Кейде көп мағыналыққа қатыссыз дыбысталу мен жазылуында кездейсоқ ұқсастығы бар омоним фразеологизмдер кездесесіп қалады.
Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет