Білімділік:Архимед күші, Архимед заңы, сұйық ішіндегі кері итеруші күштің қандай физикалық шамаларға байланысты екендігін білуге баулу.
Дамытушылық : Сұйық ішіндегі, сұйыққа батырылған денеге кері итеруші қысым күші туралы білімдерін, оқушылар-дың өзіндік сыни ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік : Сабақ барысында оқушылардың дербестігін, пікір алмасуға, шығармашылық-қа, өздігінен білім алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс- тәсілдер : топпен жұмыс, ойын эстафеталық жарыс, тақтамен жұмыс
Қолданылатын көрнекіліктер, құралдар : карточкалар, плакаттар, штатив, шыны банка, динамометр, жүктер, интерактивті тақта, оқулықтар.
Пәнаралық байланыс : математика, химия, география, әдебиет.
Сабақтың жүру барысы :
І. Ұйымдастыру . Оқушылармен, көрермендермен амандасу. Сынып тазалығына, сыныптың ашық сабаққа жабдықталғанына көз жеткізу. Оқушылар түгендігін тексеру.
1. Психологиялық ахуал туғызу. Көңіл күйлеріңіз қалай?
ІІ. Алдыңғы үй тапсырмасына шолу жасау.
Интерактивті тақтада «Сен маған, мен саған» сұрақтар жиынтығы:
1.Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың
әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл кімнің қағидасы Блез Паскаль
2. Мақтаны, қағазды, ағаш жаңқаларын т.б престеу үшін қолданылатын
машиналар гидравликалық машиналар.
3. Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы газ молекулаларының
соқтығысуынан пайда болады.
4. Газдың көлемін кішірейтсе , оның қысымы артады , ал көлемін ұлғайтса, қысымы кемиді .
5.Жер бетіне және ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі.
Архимед (б.з.б.287-212) Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы, математигі, механигі. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында туып, сонда өмір сүрген. Архимед астроном Фидийдің баласы деген жорамал бар. Архимед сол замандағы ірі мәдениет орталығы - Мысырды аралап, александриялық ғалымдардан, солардың ішінде Конон мен Эратосфеннен білім алған. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған. Архимедтің көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттердің ауданын есептеу ерекше орын алды. Архимед рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпаның құрамын анықтау тәсілін тапқан, өз атымен аталған гидростатика заңын ашқан, жер суаратын механизмдерді, жүк көтеретін рычаг жүйелері мен блоктарды, тас ататын, қамал бұзатын соғыс қондырғыларын, т.б. ойлап шығарған. Рычагтың математикалық заңын тапқанда, Архимед “Тіреу нүктесін берсеңдер, Жерді де төңкеріп тастаймын” деп айтқан екен. 9-11 ғасырларда Архимедтің еңбектері араб тіліне, ал 13 ғасырда олар араб тілінен латын тіліне аударылды.