Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы



бет23/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya
«Гипотиреоз даму себептері, лабораторлы диагностикасы, орын басу терапиясының принциптері»;, 1-сабақ. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы, Имаш Қуанышбек электрлі трансмисия, 461196.pptx, SCIENTIFIC TRANSLATION TECHNIQUES, презентация ботаника
2.Стильдік реңктер.
Сөздердің функционалдық стильде қолданылуына қарай, сөздер белгілі бір стильдік реңктері бар. Сөздердің айтылуына қарай анықталатын реңк түрлері өте көп. Алайда бұларды сөздіктерде белгілеп отыру қиын мәселе. Мәселен, қазақ тіліндегі сөздердің стильдік реңктері түгелдей белгіленген деп айту қиын. Мысалы: мереке – той, азамат – жігіт деген мысалдарда көтеріңкі реңк бар. Ал асқар – биік, шапақ – арай – поэтикалық, көлік – бұт артар т.б. кеміту, менсінбеу сияқты реңктер бар.
3.Сөз қолданысындағы реңктер.
Тілдегі синоним сөздер қаншалықты мағыналас, мәндес болса да бірінің орнына бірін емін-еркін ауыстырып қолдана беруге болмайды. Сөздердің ежелден қалыптасқан қолданыс орны, қолданыс жиілігі, басқа сөздермен тіркесімділігі дейтін заңдылықтары бар. Бұрыннан қалыптасқан тіркестер құрамындағы сөздердің орнына мағыналас кез келген сөзді ауыстырса, мағынасына нұқсан келеді және сөз бойындағы ерекше реңк бұзылады. Мысалы: өмір сүрді  ғұмыр сүрді, биік тау  бойшаң тау.

Ал мағыналас фразеологизмдердің фразеологизмдердің лексикалық синонимдерден едәуір айырмашылықтары бар. Олар:



  • Тұрақты тіркестердің семантикалық нәтижесі – фразеологиялық мағына. Адамдар сөйлеу қажеттілігін өтеу кезінде фразеологизмдерді алдымен айтайын деген ұғымының мағынасына қарай таңдайды. Сондықтан мағыналас фразеологизмдердің қатар басы фразеологиялық мағынаға бағыт беретін тірек сөз /доминант/ – лексикалық мағынадан басталады. Мысалы, к ө ң і л с і з д і к ұғымына қатысты мынадай мағыналас тіркестер қатар түзеді:

Бас терісі салбырау
Еңсесі түсу
Екі иығы салбырау
Жүзі сынық
Жүні жығылу
Жігері құм болу
Илеген терідей болбырау
Көңілі жер болу
Көңілі құлазу
Қабағы салбырау т.б.



  • Мағыналас қатарға біріктірілген фразеологизмдер тек жалпы ұғымды беру шарт. Мағыналас фразеологизмдер лексикалық синонимдер сияқты тек белгілі бір сөз табына жатпайды, бір семантикалық өрістегі тұрақты тіркестер ретінде жалпы ұғым мен түсінікті қамтиды. Сол себепті мағыналас фразеологизмдер қатарына әр сөз табынан ұшыраса беретін және құрылым құрылысы әр түрлі болып келетін фразеологиялық тірккстер енеді. Ұғымның жан-жақты берілу формалары басты мәселе. Мысалы, ұ я л у жалпы ұғым. Ал оның фразеологиялық көрінісі:

Бетінен оты шығу
Өлмегенге қара жер
Өлген жері осы
Кір келтіру
Беті күю
Жер шұқу
Жүзі шыдамау
Құлағының ұшына дейін қызару т.б.



  • Мағыналас қатарда тұрған фразеологиялық тіркестерде жалпы ұғым мен түсінік басты ерекшелік болғандықтан қатар жасайтын мағыналас тіркестер түрлік сипатпен емес ұғымдық сипатпен іріктеледі.

  • Ұғым жалпылылыққа негізделеді, ал түсінікке нақтылық тән. Сондықтан, мағыналас фразеологизмдерді топтастырғанда тіркестердің мағынасы тепе-тең сөздер емес, мағынасы жақын, мәндес квазисинонимдер басты орында болады.

  • Мағыналас фразеологизмдер қатарын тілдегі адамдық фактор, яғни антропоцентризм тұрғысынан жалпы ұғымдық катыста біріктірілетін фразео-семантикалық тақырыптық топтар құрайды.

  • Фразеологизмдердің басты ерекшелігі – бейнелілік, затты, құбылысты бағалау, сипаттау. Мағыналас қатарлар эмоцияның алуан түрлі реңктерін жан-жақты көрсете алады. Әсіресе, жоғары эмоция түрлерін ерекше сипаттайтын синонимдік қатарлар саны жоғары дәрежеде.

  • Мағыналас фразеологизмдер қатарларының доминанты, тірек сөзі болып жеке сөз де тұруы мүмкін немесе тірек мағына ретінде жеке фразелогизм де болуы мүмкін. Мысалы, р е н ж у : қабағында кірбең болу көңілі құлазу тауы шағылу т.б

Ал мына мағыналас қатарларға: бағы жанбау сормаңдай болу тұмсығы тасқа тию басынан бағы таю т.б. жеке сөз тірек сөз /доминант/ бола алмайды, мұнда тек ұйытқы немесе тірек мағына ж о л ы б о л м а у фразеологизмі қатар басында тұрады.

Мағыналас фразеологизмдердің лексикалық синонимдерден басты ерекшеліктері арнайы зерттелгендіктен тағы басқа қызықты тілдік деректермен жалғастыруға болады. Тіл байлығының басты көрсеткіші синонимдер туралы оның ішінде фразеологиялық мағыналастар, олардың тақырыптық фразео-семантикалық топтарының қатар құруы антропоцентрлікке негізделеді. Тақырыпқа қатысты ғылыми мәліметтерді Мағыналас фразеологимздердің ұлттық-мәдени аспектілері деген монографиядан /Алматы,1998/ толық оқуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет