Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы



бет19/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya
«Гипотиреоз даму себептері, лабораторлы диагностикасы, орын басу терапиясының принциптері»;, 1-сабақ. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы, Имаш Қуанышбек электрлі трансмисия, 461196.pptx, SCIENTIFIC TRANSLATION TECHNIQUES, презентация ботаника
фразеологиялық түйдектер
фразеологиялық тіркестер
Автор фразеологиялық түйдектерді идиом сөзінің қазақшасы ретінде ұсынады. Ал фразеологиялық тіркестерді өз ішінде екіге бөліп: түйіс тіркес /бұл бұрынғы фразеологиялық бірліктер болатын /, түйін тіркес /бұл бұрынғы фразеологиялық тізбек/ деп атайды.
1993 ж. шыққан Фразеология және тілдік норма деген кітапта Н.Уәлиұлы қолданған фразеологиялық түйдек те идиом мағынасында жұмсалады. Ал фразеологиялық шоғыр деген термині І.Кеңесбаев айтқан фразеологиялық түйіс тіркеске жақын, яғни тұрақты тіркестің ішкі формасы аса тасаланбаған, бұрынғы фразеологиялық бірліктің орнына қолданған. Сондай-ақ, Н.Уәлиұлы фразеологиялық тіркестер деген жалпы атауды бұрынғы фразеологиялық тізбектердің орнына жұмсайды. Ал фразеологиялық тізбектерді Н.М.Шанскийдің фразеологические выражения деген фразеологиялық сөйлемшелердің орнына қолданады.
Аталған термин түрлеріне келтірілетін мысалдардың семантикалық құрылымынан
түйіс тіркес, түйін тіркес , шоғыр тіркес
дейтін терминдердің өзіндік аталу уәжділігі шықпайды. Демек лингвистикалық сөздіктегі бұрын аударылған терминдер өз орнында қалғаны дұрыс.
Фразеологизмдердің белгілері туралы да қате қолданыстар бар. Олар: мағына тұтастығы /фразеологизмдер құрамындағы жеке сөздедің бірігіп бір мағынаны білдіруі/, тіркес тиянақтылығы /фразеологиялық мағынаны құрайтын сөздерді өзгертуге немесе орнын ауыстырып қолдануға болмайтындығы/ және қолдану тұрақтылығы /фразеологизмдердің үнемі даяр қалпында қолданылуы/. Аталған үш белгі Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінің 690-бетінде мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолдану тиянақтылығы деп, екі рет тиянақтылығы сөзі қайталанып кеткен. /Бұл негізінде корректор қатесі болу керек./ Дәл осы беттің үшінші абзацында тұтастық, тұрақтылық, тиянақтылық ФЕ-нің басты, негізгі белгісі дегенде … деген сөйлемнен бастап дұрыс қолданылған. Аталған кемшілік І.Кеңесбаевтың Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер /1987/ деген еңбегінің 204 бетінде сол күйінде тағы да қайталанып басылып кеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет