Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы


дәріс.Фразеологизмдердің семантикалық категориялары



бет20/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya
«Гипотиреоз даму себептері, лабораторлы диагностикасы, орын басу терапиясының принциптері»;, 1-сабақ. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы, Имаш Қуанышбек электрлі трансмисия, 461196.pptx, SCIENTIFIC TRANSLATION TECHNIQUES, презентация ботаника
14 дәріс.Фразеологизмдердің семантикалық категориялары
Фразеологизмдердің семантикалық категорияларына фразеологизмдердің варианттылығы, синонимдері мен антонимдері және омонимдері, көпмағыналылығы жатады.
Фразеологизмдердің варианттылығы.
Сөздердің варианттылығы лексика-грамматикалық құбылыс ретінде тілдің табиғи даму ерекшеліктерінен пайда болады. Қатысым әрекетінде варианттылық көбінесе ауызекі сөйлеу тілінің жемісі ретінде фразеологизмдерде де жиі кездеседі. Фразеологизм компоненттерінің кейбір сыңарлары басқа мәндес немесе мағыналас қатардағы сөздермен ауыстырылып айтылатындықтан вариант фразеологизмдер пайда болады. Олардың жасалу жолдарында мынадай ерекшеліктер кездеседі.
1.Фразеологиялық тіркес құрамында алмасқан компоненттер лексикалық мағынасы жағынан өзара синоним, мағыналас болуы керек.
Мысалы: Ит тұмсығы өтпейтін//Ит тұмсығы батпайтын; Санда бар, санатта жоқ//Санақта бар, санатта жоқ; Қарақан басы//Соқа басы//Жеке басы.
2.Ауыстырылатын комоненттер гиперо-гипонимдік қатынастағы лексикалық бірліктер болуы шарт.
Мысалы: Жаны мұрнының ұшына келу//Жаны тырнағының ұшына келу; Қас қаққанша//Кірпік қаққанша; Бұрау басын сындармау//Шөп басын сындармау; Инеге шаншар еті жоқ//Қармаққа шаншар еті жоқ.
3.Тіркес құрамындағы компонеттер өзгергенде вариант фразеологизм болу үшін міндетті түрде алғашқы түпкі тұлғадағы образдылық сақталуы тиіс.
Мысалы: Ауыздыға сөз, аттыға жол бермеу// Ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермеу; Ат басын тіреу//Ат басын бұру; Кеудесінде оты бар//Көкірегінде оты бар.
Қазақ тілінде фразеологизм варианттарының мынадай түрлері бар:
1.лексикалық
2.фонетикалық
3.морфологиялық

  1. 4.лексика-грамматикалық.


Фразеологизм варианттарының ішінде ең жиі кездесетін лексикалық варианттар. Басқа түрлеріне осы лексикалық вариант негіз болады. Фразеологизмдердің лексикалық варианттарында тұлғалық жағынан аздаған өзерістер болады, мағынасы сол күйінде сақталады. Алайда өзгерген компоненттердің мағыналық реңктеріне қарай стильдік мақсатта эмоционалды-экспрессивті әсері түрліше болуы мүмкін.
Мысалы: Сенімді ақтау//Үмітті ақтау;
Аузына қан толсын//Көзіне құм толсын.
Бұл мысалдардағы сенім – үміт сөздерінің мағыналық реңктері айтушы мен тыңдаушыға бірден байқалады. Ал қарғыс мәнде айтылатын тіркестегі қан – құм сөздерінің арасында ешбір мағыналық байланыс жоқ. Жеке сөз ретінде бұлардың синонимдері де болмайды. Бұлар мәтінде прагматикалық вариант жасап тұр. Жалпы тұрақты тіркестердің қолданыс аясында қарғыс мәнді тіркестердің экспрессиясы өте жоғары. Мұнда троптың алуан түрлері қолданылады. Қиыспайтын ой қиыстырылып айтылады. Фразеологизмдердің прагматикалық табиғатының көптеген қызметі бар. Солардың бірі, мәселен, адамды бірнәрседен жирендіріу, бойын аулақ ұстату, көрген күнін итке берсін, Мұз жастанып, су сүйеніп отыр; жең ұшымен сәлем беру. Жағыңа жылан жұмыртқаласын; Фразеологизмнің ерекше бейнелілігі осындай прагматикалық варианттарды жасайды.
Фразеологизмдердің лексикалық варианттарының түрлері 1.идиомдарда, 2.ұйытқы сөздері сан есім, 3.соматикалық атаулар болған тіркестерде және 4.құрамындағы компоненттердің сандық өзгерістерге ұшырауы арқылы жасалған фразеологизмдерде кездеседі.
Мысалы:
1.Түйе үстінде ит қапты – түйе үстінде сирақ үйтті.
Бұл идиомның /фразеологиялық тұтастық/ мағынасы ебедейсіз, бос, болбыр адамның кейпін сипаттайды. Идиомдар фразеологиялық бірліктер мен тізбектерге қарағанда врианттылыққа көп ұшырамайды. Оның себебі идиомдардың жеке компоненттері әбден тұтасқан, орын тәртібі нық, кез келген сөздермен ауыстыра беруге көнбейді.
2.Бір ауыз сөзге келмеу – Екі ауыз сөзге келмеу;
Жарты малта ас болмау – Алты малта ас болмау;
Обалы қырық жылқыға – Обалы қырық бір жылқыға.
3.Тілінен қағыну – Аузынан қағыну – Сөзінен қағыну;
Қабағы тырысу – Шекесі тырысу.

4.Екінің бірі, егіздің сыңары – екінің бірі;


Қағанағы қарық болу – Қағанағы қарық, сағанағы сарық болу.
Фразеологизм құрамындағы сөз сыңарларын кейде көркемдік тәсілдердің түрлерімен жаңарта, жаңғырта қолданысқа түсіру арқылы да лексикалық варианттарды жасауға болады. Мәселен, тіліміздегі эпитет, метафора, теңеу т.б. троптың түрлері компоненттерді ауыстыруға ықпао етеді.
Мысалы:
Теңеу: Абыройын төгу – Абыройын айрандай төгу;
Шыбын жанын шүберекке түю – Шыбындай жанын
шүберекке түю;
Эпитет: Опасыз дүние – Қайырсыз дүние – Жалған дүние;
Құлазыған дала – Жапан дала – Қу медиен дала;
Жылы көңіл – Жылы жүрек – Жылы қабақ;

Метафора: Бет пердесін ашу – Бет пердесін жұлу– Бет


Пердесін сыпыру – Бет пердесін жырту;
Ой жүгірту – Ой жіберу;

Метонимия: Аузынан шықпау – Тісінен шықпау;


Көлденең көз –Көлденең көк атты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет