Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы


Негізгі сөздік қормен сөздік құрамның арақатынасы



бет13/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya
«Гипотиреоз даму себептері, лабораторлы диагностикасы, орын басу терапиясының принциптері»;, 1-сабақ. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы, Имаш Қуанышбек электрлі трансмисия, 461196.pptx, SCIENTIFIC TRANSLATION TECHNIQUES, презентация ботаника
Негізгі сөздік қормен сөздік құрамның арақатынасы негізінен, бір-бірімен байланысты болады. Тіл дамуның ерекшелігі ретінде сөздік қордағы сөздер сөздік құрамға өтеді. М, актив пен пассив сөздердің арақатынасынан осыны көреміз. Сөздік қор арқылы сөздік құрам үнемі толығып, лексикалық жүйе үздіксіз даму үстінде болды.
Қазіргі түркі тілдерінң саны отыздан асады. Оладың барлығына ортақ болып қалған соматикалық атаулар, туыстық атаулар, мал атаулары, табиғат құбылыстарының т.б. атаулары бар.


9 дәріс. Қазақ лексикасындағы кірме сөздер

Кейбір сөздердің түп –төркіні туралы.Монғол тілінде тариа (егін), тарих (егу) сөздері түркі тілінен енгенге ұқсайды. Олай дейтініміз: түбір сөз түрікше тарығ – дән, ал монғолша бұл мағынаны үр деген береді. Монғол тілінде егу, егін сөздері бұл сөзден туындамайды, керісінше дайын атауды қабылдаған. Егінші урчин емес,тарығ+ чин, ‑ тариачин (чин –жұрнақ) Салыстыру:


Түрікше
Тарығ – дән
Тарығ – егін
Тарығчы – дән егуші
Монғолша
Үр –дән
Тариа – егін
Тариачин – егінші
Монғолдар үр және тария сөздерін қосып үртария деп те атайды. Ол астық деген мағынаны береді. Бұл егіншілік кәсібін монғолдар түріктерден кейін меңгергендігін байқатады.
Көне түрік тілінде өң,түс реңді білдіретін көк, сары, қара сөздері қазіргі монғол тілінде қаз‑қалпында қолданылады. Мысалы, көк‑хөх, сарығ‑шар, ал қызыл‑ал улаан, қара‑қар. Ал қазақ тіліндегі баран, күрең, қоңыр, бурыл, кер, шабдар, құла, тарғыл шұбар сөздердің айтылуында ғана аздап өзгеріс бар. Бұлар монғолша – бараан, хурэн, хонгор, буурал, хээр, шавдир, хул, тарлан, цоохор түрінде қолданылады.
Монғолдар түсті білдіретін жеті өңді соолонгын доолон өнге ‑ кемпірқосақтың жеті өңі дейді.
Махмұд Қашқаридің сөздігі бойынша қазіргі монғол тілінде дыбысталуы бірдей, мән‑мағынасы өзгермеген сөздерді өзара салыстыру арқылы мынадай қорытынды шығаруға болады: Түбі бір түркі тіліне енген көне түріктің 961 түбір сөзінің 93 қазіргі қалқа монғол тілінде қаз‑қалпында қолданылады екен. Яғни санатқа енген сөз қорының оннан бірі дәлме‑дәл мағынаға ие. Олар сөздік құрамның барлық саласын қамтыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет