Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы


дәріс. Сөз және мағына. Сөз мағынасының өзгеру себептері



бет5/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya
«Гипотиреоз даму себептері, лабораторлы диагностикасы, орын басу терапиясының принциптері»;, 1-сабақ. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы, Имаш Қуанышбек электрлі трансмисия, 461196.pptx, SCIENTIFIC TRANSLATION TECHNIQUES, презентация ботаника

3 дәріс. Сөз және мағына. Сөз мағынасының өзгеру себептері


Алдымен белгілі бір зат немесе әрекет туралы ұғым болмаса, онда мағына да бомайды. Мағына тек ұғым болған жерде ғана бар. Бірақ сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа себептер болады. Сөз мағынасы заттық-логикалық ұғымнан басқа айтушының ақиқат дүниеге көзқарасын, әр түрлі көңіл күйін, сезімін сөздердің түрлі грамматикалық сипатын да білдіре алады. Бұдан сөз мағынасының ұғымнан кең екені көрінеді. Ойбай, құдай-ай, па, шіркін т.б. сөздер адамның сандаған сезім спектрлерін көрсетеді. Демек, сөз мағынасы ойды ғана емес, сезім, көңіл-күйді де білдіреді. Сонымен сөз дегеніміз – заттың, түрлі құбылыстың, қимыл әрекеттің атауыы. Сөз мағынасының екі түрі бар. Лексикалық және грамматикалық. Сөздің лексикалық мағынасы зат, құбылыстың тұрақталған ұғымның мазмұныны қамтиды. Сөздің жеке тұрғанда немесе сөйлем ішінде білдіретін негізгі ұғымы лексикалық мағына делінеді. ЛМ – сөздерді бір-бірінен ажыратып, танудағы ең негізгі мағына, ол арқылы жеке единица қасиетіне ие. Сөз санауға, есебін алуға болатын тілдік бүтін. Бірақ көптеген сөздердің екі немесе одан да көп мағынасы болады. Мағынасы оннан да асып кететін сөздердің саны едәуір. Сондықтан сөз байлығы деген ұғым жеке сөздедің саны ғана емес, мағынасын да қамтуы керек. Мәселен, 10 томдық ҚТТС –да 66931 сөз берілген. Бұл сөздің саны. Ал сол сөздерге 103 000 мағыналық сипаттама жасалған екен. Демек бұл томдарда күллі сөзде қамтылмаған. (Ә.Қайдар). Сөздердің тұтас жиынтығы тіл ғылымында лексика немесе сөздік құрам деп аталады. Сөз мағынасында әр бір тілдің өзіндік ерекшелігі, өзіндік бояуы, өзіндік мәні, өзіндік сипаты болады. Сөздің белгілері:
1.Сөздің барлығы белгілі бір дыбыстық құрылыммен айтылады.
2. Белгілі бір дыбыстық құрылымға ие болған сөздердің мағынасы болады.
3. Әрбір сөз сол тілдің грамматьикалық заңдарына бағынып, соған тән тұлғаға ие болады.
4.Белгілі бір дыбыстық құрылыммен айтылған сөзге одан басқа дыбыс қосылмау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет