Сөздің лексикалық мағынасы, оның түрлері, жіктелуі. Зат, құбылыс, мезгіл, мекен, қимыл, сан, сын ұғым атаулары – сөз деп аталады



бет1/2
Дата01.12.2022
өлшемі24,42 Kb.
#160796
  1   2
Байланысты:
1. Дәріс


Сөздің лексикалық мағынасы, оның түрлері, жіктелуі.
Зат, құбылыс, мезгіл, мекен, қимыл, сан, сын ұғым атаулары – сөз деп аталады. Сөз – басқа тілдік элементтердің ішіндегі ең бастысы, негізгісі басқа тілдік құралдар сөзді бөлшектеуден (морфемаларға жіктеуден) немесе сөзді тіркестіруден (сөздерді қырын келтіріп сөйлем, сөз тіркесін құраудан) тұратын сияқты көрінеді. Дәстүрлі лингвистиканың деңгейлерінің (фонетика, лексика, морфология, сөзжасам, синтаксис) қай қайсысының болмасын негізгі зерттеу нысаны осы сөз. Сөздің тұлғасы оның заттық жағы, сыртқы көрсетіліміне жатады. Тілді жүйе деп танитын болсақ, сол жүйе мағыналардың жүйесінен тұрады. Тұлға бар жерде оның ішкі мазмұны да болатындығы белгілі. Бұлар бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылуы бірде метафора мен қызмет бірлігі тәсілдері арқылы жүзеге асырылса, бірде метонимия мен синекдоха тәсілдері арқылы болады. Тілдегі омоним, антоним және синоним қатарлары, сөздердің көпмағыналық сипатталуының нәтижесі де, тілдегі метонимия, синекдоха және метафора құбылыстары сол нәтижені жүзеге асырушы тәсіл болып табылады.

Тілдің даму барысында сөздің лексикалық мағынасында əр түрлі өзгерістер болып жатады. Сөздің семантикалық жақтан өзгеріп түрленуі тілдің сөздік құрамы дамуының басты жолдарының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Сөз мағынасының өзгеруінің, жаңа мағынаға ие болуының екі түрлі себебі бар.


Біріншіден – сөз мағынасының өзгеруіне тілден тыс, сыртқы себептер əсер етсе (экстралингвистикалық),
екіншіден – тілдік, лингвистикалық себептер əсер етеді.
Жалпы қазақ тілі бай тіл болғандықтан тілімізде əр түрлі мағынада кездесетін сөздер өте көп, жиі кездеседі. Сөз мағыналарының ауысуы, өзгеруі олардың келтірінді мағынада қолданылуы нəтижесінде іске асады. Келтірінді ауыспалы мағыналар өз ішінде метафоралық мағына, метонимиялық мағына, синекдохалық мағына болып сараланады.
Сөз мағынасы айналамыздағы затпен құбылсқа байланысты туындап отырады. Сөз мағынасында əр тілдің өзіндік ерекшелігі мен өзіндік бояуы жəне ұлттық сипаты көрініс береді. Сөздік құрам тілімізге кірген жаңа сөздермен толығып, байып отырады.
Тілімізде жаңа мағыналардың пайда болуы ауыспалы мағынадағы сөздерден (метафора, метонимия, синекдоха) келіп шыққан. Троптың бұл түрлері көркем шығармада өте жиі ұшырасады. Метафора, метонимия, синекдохалық қолданыстар əдебиетте де қарастырылады.
Сөздің тура мағынасы нақты, қашанда тұрақты болады жəне айқындалып тұрады. Негізгі мағына əрқашанда ауыспалы мағынаның қайнар көзі əрі оның пайда болуына себепкер болады.
Метафоралық мағына (гр. сөзі - ауыстыру) – белгілі бір зат атауының белгісі мен қасиетіне қарай басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасын ауыстыра қолданатын троптың бір түрі. Метафора қолдану сипатына қарай негізінен екі түрге бөлінеді:
а) тілдік метафора;
ə) поэтикалық метафора.
Тілдік (сөздік) метафора сөзге үнемі жаңа мағына қосып, оның семантикалық аясын кеңейтіп əрі үздіксіз дамып отырады. Тілдік метафора жалпыхалықтық қолданыс болғандықтан дəстүрлі метафора деп те аталады. Тілдік метафоралар көбінде қазақ тіліндегі көп мағыналы сөздерден ұқсату негізінде шыққан. Мыс: аяқ, бас сөздері орындықтың аяғы, жұмыстың басы. Ауылдың басынан кіріп, аяғынан бір-ақ шықтым дегенде үшінші мағына пайда болған. (Үш аяқты мотоцикл, екі аяқты велосипед) деп ұқсатып, аяқ сөзіне жаңа мағына қосып айтатын болдық.
Сөзге метафоралық тəсіл арқылы ауыспалы мағына жасайтын тілдегі сөздердің бəрі емес, тілдегі заттар мен құбылыстардың атын, іс-əрекетін, сапа мен белгілерін, қасиетін білдіретін сөздер. Жұғу лексикалық мағына (үстіме кір жұқты, киімге шаң жұқты, қолыма май жұқты) одан кейін аурудың біреуден біреуге тарауын, ауысуын да түсінеміз. (сынықтан басқаның бəрі жұғады). Метафораның негізінде туған ауыс мағына сөздік мағынаға еніп, сөздің туынды мағыналарының қатарында қаралады.
Мыс: астар – киімнің ішкі қабаты ал сөздің астары дегенде басқаша мəн деп түсінеміз. Екінші мағына алғашқы негізгі, тура мағынадан шыққан қосымша туынды мағына деп есептеледі. Ə.Болғанбаев тілдік метафора мынандай ұқсастықтар негізінде тууы мүмкін дейді.
а) тұлға ұқсастығы. Қанат – құстың қанаты, ұшақтың қанаты.
ə) қимыл ұқсастығы. Тіл – адамның тілі, сағаттың тілі.
б) заттардың қызметіндегі ұқсастық. Серік – адамның жолдасы (серігі) –
жер серігі.
в) ұғымдардың бір-біріне қатыстылығынан туындайтын ұқсастық. Сұлу –
сұлу адам – сұлу табиғат, ащы – ащы тұз, ащы зар, ащы өмір, өткір - өткір
қайшы - өткір сөз, өткір пікір, ой.
Тілдік метафора уақыт өте келе күңгірттеніп, атауыш мағынаға ие болып кетеді. Мыс: адамның беті – дəптердің беті, адамның көзі – иненің көзі, адамның аяғы – орындықтың аяғы, адамның басы – таудың басы. Осындағы бет, көз, аяқ, бас сөздері атауыш, яғни номинациялық мағынада қолданылып тұр. Сөздерді метафоралау процесінде үш түрлі жағдайды байқауға болады.
Бірінші жағдайда сөздің сыртқы белгісі алынады. Мыс: кілт – есіктің кілті – мəселенің кілті; бастау – бұлақтың бастауы – шығармашылық бастау.
Екінші жағдайда метафора жасайтын сөздердің семантикасына үңілуге тура келеді. Түлкі – аң, айлакерлік белгісі; балшық – зат атауы, адам мінезіндегі ынжықтық.
Метафоралаудың үшінші түрінде белгілі бір белгілер мен қасиеттердің басқа топтағы заттар мен құбылыстарға тəн екендігі белгілі бола тұра, басқа топтағы ұғымдарға сіңіп кетеді. Мыс: қасқыр ұлиды көркем шығармаларда жел ұлиды. Сол сияқты өткір сөзі қатты заттарға қатысты болатын өткір ұстара, кейінгі кезде өткір мəселе тіркесі қолданылып жүр.
Поэтикалық (контекстік) метафора көбінесе көркем шығармада кездеседі. Ойды əсерлеп, көркемдеп жеткізу үшін поэтикалық метафора кең түрде қолданылып жүр. Мақта – ақ алтын, көмір – қара алтын. Бидай – сары алтын былып қолданған болсақ, қазір бұлар əдеби тілімізге əбден сіңісіп кетті. Əсіресе халық ақындары қылыш, семсер дегендердің орнына алмас, болат сөздерін жиі қолданады.
Жеке қолданыстағы (индивидуалды) метафора белгілі бір суреткердің шығармасында ғана өмір сүреді. Олардың мағынасы контексте ғана ашылады жəне жалпыхалықтық сипат алмай авторлық метафора деңгейінде қалады.
«Метонимия» - гректің сөзі атын өзгертіп, алмастырып атау деген мағынаны білдіреді. Қазақ тіл білімінде метонимияға берілген анықтамалар бір ізді емес. Мыс, І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаевтың анықтауында, «Бір сөздің орнына екінші бір сөздің ауыс қолданылуынан шығатын іргелес ұғым метонимия деп аталады.»
«Метонимия дегеніміз – белгілі бір заттар мен құбылыстардың сыртқы жəне ішкі мəн-мағынасының реалды байланысына қарай алмастыру амалы» дейді Ə.Хасенов. Əдебиетшілер З.Қабдолов, Қ.Жұмалиев те метафораға түсінік береді.
Қазақ халқының ірі ғалым – лингвисі, түрколог, дарынды ақын, əдебиет зерттеушісі, аудармашы А.Байтұрсынов метафораның əдеби шығармалар үшін айрықша болатынын айта келіп, былай түсіндіреді: «Арасында жақындығы бар екі нəрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту төмендегі түрі болса, ондай ауысу алмастыру (яғни метонимия) деп аталады.»
Мысалдар:
1. «Анау үйдің құдасы келіп жатыр» дейміз. Құда үйдікі емес, ол үйдегі адамдікі. Бірінің орнына бірін айтамыз.
2. «Ауыл ұйқыда жатқанда» дейміз. Ауыл ұйықтамайды, ауыл адамдары ұйықтайды. Ауыл мен ауыл адамдарында жақындық барлығынан, адамдардың орнына ауылын айтамыз.
3. Біреудің қолы жүйрік, шапшаң дегеннің орнына, «қаламы жүйрік» дейміз. (Қолмен қалам жақындығы)
4. Неше аяқ іштің? Неше кесе іштің? Неше шелек құйдың? Дейміз. (Қымыз орнына – аяғын, шай орнына – кесесін су орнына – шелегін алмастырып айтамыз)
5. «Абайдан көшіріп жаз» дейміз. Абайдың сөзінен, кітабынан көшіріп жаз дегендердің орнына, сөздің орнына иесін айтамыз.
Сонымен, мəндік, мекендік, мезгілдік, түр-түстік жағынан бір-біріне бүтіндей немесе бөлшектей жақындығы бар екі заттың иə құбылыстың бөлшегі орнына бүтінін алмастырып айтуды метонимия дейміз.
Келсем, қанғы ауылының ақсақал, қарасақалы күтіп отыр екен. (І.Жансүгіров) Осында да алмастыру бар. Сақал – негізінен бөлшек, бірақ ақсақал, қарасақал дегенде метафораның беріп тұрған мағынасы əрі толық, əрі бейнелі: біріншіден «адам», екіншіден «қарт адам» деген мағынаны білдіреді. Демек, метонимия тілімізге жаңа сөз қоспайды, бұрынғы бар сөзге жаңа мағына береді немесе оның мағыналық аясын кеңейтеді. Метонимия арқылы тілдің лексикасы сан жағынан емес, сана жағынан байи түседі.
Метафоралық қолданыстар көркем əдебиетте өте көп кездеседі жəне ақын-жазушылардың қаламынан стильдік яғни өзіндік метафоралар туындап отырады.
Қысық көзді Күншығыс,
Бұл тұруың қай тұрыс …
Жақын қалды Күнбатыс. (М.Жұмабай)
Осындағы «Күншығыс», «Күнбатыс» - батыс жəне шығыс халықтарын меңзеп тұрған метафоралық қолданыс. «Күншығыс», «Күнбатыс» - жер деген ұғым. Метонимияға мəн-мағына жағынан метафора жақын тұрады, сондықтан «Күншығыс», «Күнбатыс» сөздері неге метафораға жатпайды, өйткені метафорада бір нəрсенің орнына екінші нəрес толық алмастырылмайды, бір нəрсе екінші нəрсеге тепе-тең дəрежеде баланады. Алайда көп жағдайда метафора мен метонимияны бір-бірінен ажырату əжептəуір қиындық туғызады. (узуалды - əдеттегі, дағдылы).
Көркем əдебиетке тəн поэтикалық метонимия, ал лингвистикалық метонимия узуалдық құбылыс болып табылады.
Сонымен, метафораның өзі екіге бөлінеді: бірі – көркем əдебиетке тəн поэтикалық метонимия, екіншісі – тілдің лексикасында ежелден өмір сүріп келе жатқан лингвистикалық метонимия.
Поэтикалық метонимия өмірде нақты болатын жəне бола бермейтін құбылыстардың атауын бейнелі, астарлы мəні бар сөздермен алмастырылады. Мыс: «Кетем бе деп қорқамын, Өз отыма өртеніп» От – жігер, намыс, оккозионалдық метонимия жасалып тұр. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» осындағы Абай сөзі лингвистикалық, яғни узуалдық метонимияға жатады. Мысалдар: «Жауды алдық қой», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Асан қайға», «Қарынбай, Шығайбай», «Қожанасыр».
Метафоралық лексика – семантикалық ерекшеліктері, құрылымы, жасалу жолдары (сөз табына қатыстылығы) қарастырылады. Ғылымда метонимияны, синекдоханы жеке-жеке тораптың екі түрі деп қарастыру бар жəне синекдоханы метонимияның бір түрі деп те қарастыру бар, яғни екеуін біріктіріп қарастыру бар.
Синекдоха – гректің жобалап, нобайлап, шамалап түсіну – бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні немесе жалқының орнына жалпыны, бөлшектің орнына бүтінді қолдану негізінде сөз мағынасын алмастыру амалы. А.Байтұрсын синекдоханы мезгеу деп атады да, мынадай анықтама береді: «Бір ұғым орнына екінші ұғым айтылуы мезгеу болады.»
Қазақ ауызекі сөзде: «Басың нешеу?» - деп сұрайды. Бұл «Отбасыңда қанша адам бар?» Бүтіннің орнына бөлшек қолданатын. «Адам» бүтін ұғым «бас» бөлшекті білдіреді. «Тұяқ орнына тұяқ тұра береді». «Тұяқ» – малдың аяғы бөлшек бола тұрып, «тұтас мал» деген үғымды білдіреді. Қ.Жұмалиев: «Есте болатын нəрсе: синекдоха мен метонимияның арасына үзілді-кесілді шек, айырым қою қиын» - деп жазады. Метонимияның тілдік табиғатын зерттеген Л.Нұржекеева: «Бұлардың айырмашылығы мынада, яғни айырма тек бүтін мен жалпының орнына бөлшегі мен жалқысы, немесе, керісінше, алмастырылып айту синекдохада ап-айқын білініп тұрса, метонимияда көмескіленіп, оңайлықпен байқалмай тұратындығында». Мысалдар: Əуелгі байлық – денсаулық, екінші байлық – ақ жаулық. Орамал тартқандар ғана қимылдап, бөрік кигендер үй күшік боп отырса, құдайда сүймес оны. Сыртқы көріністері арқылы бейнелі образ тудырып тұр. Синекдоха тəсілімен сөз мағыналарын өзгерту амалдары көбінде көркем шығарма стилінде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет