Қазіргі қазақ тілінің бағдарламасы



бет4/31
Дата25.01.2023
өлшемі478 Kb.
#166371
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Lekcya lekcykologya
«Гипотиреоз даму себептері, лабораторлы диагностикасы, орын басу терапиясының принциптері»;, 1-сабақ. Прокариот және эукариот жасушаларының құрылысы, Имаш Қуанышбек электрлі трансмисия, 461196.pptx, SCIENTIFIC TRANSLATION TECHNIQUES, презентация ботаника

Экспрессия латынша выразительность. Е.М.Галкина Федорук: экспрессия сөздің мәнерлілігін, суреттілігін күшейту, айтар ойымыздың әсер қуатын арттыру. Тілде әлдеқайда айқын, күшті, ерекше, әсерлі ететін амалдардың бәрі сөз экспрессиясыч болады. Тілде экспрессивті лексика жоқ, тек бейнелеу мен мәнерлеудің айырықша тәсілдері бар.(Слово и понятия 1956).


2 дәріс. Ұғым, мағына және сөз.


Ұғым сөздерді заттармен байланыстырады. Ал бұл заттар сөз туралы ойлауға алып келеді. Көбінесе қабылдауға қиын соғатын заттар туралы сөз болғанда, ұғымның көмегі арқылы сол заттардың таңбаланған белгісі болады. Ұғымның сөзге деген қатынасы бойынша жоғары, туынды түрде болады. Түсініктен ұғымға өту процесінде ұғымның мазмұны жинақталады. Бірақ түсініктің ұғымға айналуы ойлауды белгіленген ұғымның мазмұны сөз сөз формасына еніп, бекігенде ғана аяқталады. Дыбыспен қосылған күйде сөз тұлғасына еніп, ұғым айқынырақ түрге енеді. Сондықтан сөз ұғымның тууына әсерін тигізіп, оның қалыптасу прцесін аяқтайды. Сөз ұғымның қалыптасу көзі емес, оның құралы болады. Ұғымның қалыптасуы күрделі процесс, соның ішінде сөз маңызды рөл атқарады. Сөздің өзі ұғымның қалыптасуының жемісі болады. Сөздің формасын жамылған ұғымның мазмұны сөздің мағынасы болады. Сөздің пайда болуына ұғымның сезімдік толығу, қанығу актісі болып табылады. Қалыптасқан ұғым өзінің сөздік тұлғасына енбей, әртүрлі сөздермен берілуі мүмкін, ал бұл тізбектегі сөздер әрқайсысының өзінің мағынасы ба. Ұғымды білдіретін арнайы сөздердің болмауы, ұғымды басқа күрделі сөз тіркестерімен беруге мәжбүр етеді. Бұл жағдай көптеген тілдерде кездеседі. М, орыс тілінде автомобиль – машина, түрік тілдінде – араба, бірақ қазақ тілінде арба сөзінің өз мағынасы бар. Сол себепті қазақ тілінде өз сол күйінде алынып отыр.


Сөз бен ұғымның өзара байланысында анықтаушы, шешуші рөл ұғымға тән болады. Ал сөз әртүрлі тілдердің единицасы ретінде ұғымға өзінің кері ықпалын тигізеді. Негізінен, бұл ықпал әрбір жеке тілге тән болатын кейбір ұғымдардың бір азғантай түрін өзгертуіне және вариациялануына өз әсерін тигізеді. Сондықтан ұғымның құрамы, яғни көлемі мен мазмұны, негізінен әр түрлі тілдердің ұлттық ерекшелігімен емес, объективті шындық болмысының құрылымымен, қоғамдық дамудың деңгейімен анықталады. Зат, құбылыс, сапа, қалып немесе қимыл туралы ұғым - қоғамдық қызмет процесінде танылатын реалды өмірдің қасиетінің негізгі түсінігінің адамдардың санасында көрінетін, сезінетін заттар, яғни бес сезу мүшелері дәм, есту, көру, иіс, сезу арқылы адамдардың қабылдайтын бейнесі. Ойлаудың жетілуінің негізінде адамда абстрактылы, яғни дерексіз заттарды түсінетін қабілет пайда болады. Адамдар санасында реалды заттар ғана емес, басқа да құбылыстар М, қуаныш, туралы ұғым, толқу, батылдық т.б. бейнелене бастайды.
Заттар мен құбылыстарды тани келе адам олардың барлық қасиеттерін қалдырып, өзінің санасында заттар мен құбылыстардың негізгі қасиеті мен белгілеріне өзінің зейінін шоғырландырады. Содан соң, адам санасында, ойлауында шындық болмыстың заттары мен құбылыстары туралы ұғым қалыптасады. Ұғымда заттар мен құбылыстардың барлық қасиеттері, белгілері емес, сол затқа немесе қимылға тән ғана, оларды басқалардан ерекшелендіретін жалпы, негізіг неғұрлым елеулі қасиетер мен белгілер бейнеленеді. М,балық туралы сөз болса, ол ұғымға тән болып табылатын негізгі түсінік біздің көз алдымызда суда ғана тіршілік ететін, желбезектерімен дем алатын, омыртқалылырдың бір түрі. Міне, осы белгілерге сүйене отырып, балықты басқа омыртқалылардан айыруға болады. Сөзбен таңбаланатын заттардың ұғымы неғұрлым кең болса, ұғым көлемі де солғұрлым кең болады немесе керісінше. Ұғым сөзге қарағанда кеңірек. Өйткені бір ұғымды әртүрлі, бірнеше сөзбен беруге болады. Ұғым – затты танудың қорытындысы.
1.Сөздің негізгі қызметі – атау, яғни зат, құбылыстың жалпы, айырықша белгілері жинақталып, топтастырылып беріледі. Неғұрлым кейін пайда болған ұғым атаулары бұрыннан белгілі ұғымдарға ұқсатық негізінде жасалып отырады. М., сарыбасжусан, ақбасқурай, имекбасгүл сияқты атаулар осы сөздердің құрамындағы әр сөздердің бұрыннан келе жатқан мағыналарына қарап, ұқсату арқылы жасаған.
2.Сөз жалқы бір затты ғана атамайды. Бәрін жалпылап, жинақтар біртектес заттарды да білдіреді. М, өзен. Ағаш, қала т.б. Мәселен, зат есімдер бүкіл сөз табының ішіндегі логикалық ұғымы жағынан ең айқын сөз табы десек, олардың да нақтылығы өзара салыстырғанда бірдей бола бермейді. Зат есімдерді ең нақтысы жалқы есімдер десек, олардың да өз ішінде жалпылылық сипаты болады. М, Дүйсембай деген кісі аты бүкіл дүйсембі күні туғандардың есімі. Ал жалқылардың ішінде жер-су қала аттары шын мәнінде жалқылықты білдіреді. Алматы ...
Ал етістікке тән сөздердіің жалқылығына келсек, жалпы есімдердің жалпылылығынан де күрделірек. Ас, тамақ дегенде адам баласының қоректік заты, жем, шөп. өлексе десек, жан-джануарлардың тамағын да ажратуға болады. Бірақ етістік олардың барлығына тән етіп, тек жеу, ішу сөзімен ғана қолданылыдырады. Олай болса, заттық ұғымдағы сөздерден етістік ұғымды білдіретін сөздердің жалпылылық қасиеті күшті.
3.Сөз бен сөз сол атап тұрған зат, құбылыс я әрекеттің арасында ешбір табиғи байланыс болмайды. Тілдегі сөздер зат, құбылыстарға шартты түрде атау болып кейін қалыптасқан. Сөз бен зат, құбылыстың арасында табиғи байланыс болмағандықтан,ибелгідлі бір зат не құбылыс әр тілде әр түрлі аталады. Зат, құбылыс, іс-қимыл туралы ұғымдар бірдей болғанымен олар әр ұлтта түрліше аталады.
4. Тілдегі сөздердің бәрі бірдей қалыптасқан логикалық ұғымды білдіре бермейді. М, қазақ тіліндегі шылау, одағай, көмекші сөздер, модаль сөздер, белгілі дәрежеде есімдіктер ұғымды білдірмейді, себебі олар материалдық ақиқат өмірдегі зат, құбылыс ұғымдарымен тікелей байланысты емес. Одағайларда “әттеген-ай” белгілі ұғым жоқ, бірақ ол өкіну мағынасын білдріп тұр. Сөздер ұғымды білдіру, білдірмеуіне қарай: 1.ұғыммен тікелей байланысты, ұғымдық сипаты бар толық мағыналы сөздер. Олардың грамматикалық қызметіне қарап атауыш сөздер дейді. Бұларға өздеріне тән лексикалық, грамматикалық мағыналары бар, тілдік қарым- қатынастың негізі болатын барлық есімдер және етістік, үстеу, елітеу сөздер жатады. 2.зат, құбылыс ұғыммен тікелей байлныссыз, ұғымдық сипаты жоқ дербес мағынасыз сөздер. Олар грамматикалық қызметіне қарай көмекші сөздер, модаль сөздер. М, еді, екен, бәлкім, . есімдіктер атауыш есім сөздердің орнына жұмсалып, есімдер тобына қосылғанымен, нақты ұғымда білідірмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет