Тәрбие сағаты
Т а қ ы р ы б ы
Қазақтың зергерлік бұйымдары
Дайындаған: Калиева Нурлыхан
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№7 орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының зергерлік бұйымдары
Сабақтың мақсаты:
1.Зергерлік кәсіп туралы түсінік беру.
2. Оқушыларды қазақтың зергерлік бұйымдарымен таныстыру.
3. Зергерлік бұйымдарды пайдалану мәдениетін меңгерту.
4. Қазақ өнерінің тарихында зергерлік бұйымдардың алатын орнын көрсету. 5.Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары көрмесі, ат әбзелдері, зергерлік бұйымдар туралы видеоролик, бұймдардың суреттері, ұстаның көрігі.
Күтілетін нәтиже:
- зергерлік өнердің тарихын түсіну;
-әшекей бұйымдардың негізгі түрлерін ажырата білу.
- пайдалану мәдениетін меңгеру;
Тәрбие сағатының барысы
1. Ұйымдастыру
2 Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру
3. Психологиялық дайындық ( зергерлік бұйымдардың көрмесіне назар аударту)
Не көріп тұрсыңдар? Не айта аласыңдар?
Мұғалімнің ақпараты: Балалар, бұлар қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері. «Сәндік қолданбалы өнер» дегеніміз- тәжірибелік жағынан да, эстетикалық мәні жағынан да маңызды, көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туынды. Бұрынғы өткен заманда адамдар өз тұрмысын өздері әсемдеуге ұмтылды. Адам өмірінде қолданбалы өнер шығармалары үлкен орын алды.
Сәндік-қолданбалы өнерге жалпы барлық адам қолынан шыққан өнер бұйымдары жатады.
Қолөнер бұйымдарын жасаушылар 4 топқа бөлген.
ұсталар
ісмерлер
Ағаш шеберлері
зергерлер
Ұсталар олар темір ұстасы темірден әр түрлі бұйымдар жасайтын адамдар.
Ісмер әр түрлі ұлттық бұйымдарды тігетін шеберлер.
Ағаш шебері ағаштан әр түрлі бұйымдар жасайтын шеберлер.
Зергер-бұл алтыннан, күмістен,мыстан, жез темірден бұйымдар соғатын шеберлер. Біздер сендермен бүгінгі сабағымызда қазақтың зергерлік бүйымдарымен танысатын боламыз.
Зергердің кім екенін ақын апаларың «Зергер» атты өлеңі арқылы Фариза Оңғарсынова бізге айтып кеткен:
Оқушы: Білесің бе бұл істі Көрсең қайран боларсың-
Зергерлікке кім дайын? Мақтанышы ол елдің.
Балқытып ап күмісті, Күмістейді тағасын,
Сапырады судайын. Таралғы мен жүгенін
Осы жұмыс ырғағы, Демеңіздер бұл қалай,
Білезік пен алқаеы, Күмісті де илеген....
Сақинаны, сырғаны Осы өнерді мұрадай
Күміс сымнан тартады. Зергерлерден үйренем!
(мұғалім өлеңнің мазмұнын түсіндіреді)
Оқушылар, осындай бұйымдарды қайдан алуға болады?
( балада бар ақпаратты алу)
Қосымша мәлімет: Зергерлік -өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Қазақ арасында жалпы темірден дүние жасайтындарды да, зергерлерді де «ұста» деп атаған. Ұста сөзі шебер, өнегелі, ісмер деген ұғымды білдіреді.
Ұста ағаш ұстасы
күміс ұстасы
сөз ұстасы деген сияқты тізбектеліп айтыла береді.
Бірақ алтын, күміс әшекейлі бұйымдарды жасаушылар өздерін темір ұстасынан бөлек санаған. Қолөнер-біздің рухани байлығымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, ол бірнеше ғасырлардың дамуынан пайда болған өнер туындысы. ( көрмедегі ер тұрман әбзелдерімен таныстыру)
- Зергерлік бұйымдар не үшін қажет? ( ойлау қаблетін дамыту)
- жауап
- Осы зергерлік бұйымдардың адам ағзасына немесе өміріне тигізер пайдасы бар ма?
- жауап
Теориялық білім беру
Алтын мен күмістің адам ағзасына тигізер пайдасы мен зияны туралы Канадалық зерттеушілер айтып кеткен, Ұзақ жылдар бойы алтынның адам ағзасына тигізер әсерін зерттеген. Металдан жасалған әшекей бұйымдар адамды күйзеліске алып келетінін хабарлады.
Тәжрибе нәтижесі бойынша теріге тиген алтын жүйке қызметін нашарлатып, зат алмасуды тежейді әрі көңіл-күйдің бұзылуына себепкер болатындығын анықтады.
Мұнымен қатар алтынның қояншық ауруына шалдыққандар үшін аса қауіпті екенін зерттеген Канада ғалымдары алтын бұйымдарды мүлде тақпаңыздар демей, керісінше тек түнде шешіп , қоюға немесе орнына жүйке қызметін реттеп артериялық қысымды төмендететін күмісті тағуға кеңес берген. Ал күмістің әсері керісінше адам өмірі үшін өте пайдалы деген. Күміс шаршағанды басады, бас ауырғанды басады.
Сұрақ-жауап.
-Алтын мен күмістен бұйымдар жасайтын адамды зергер деп атайтынын
Білдік.
Слайд №1
Зергер алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасайтын адам. Зергер батырларға арнап алмас жүзді айбалта, қозы жауырын жебе, сауыт т.б. бұйымдар жасаған. Маңғыстаудың айтулы зергері Атанша Өтешов, Мұрын Жырау Сеңірбекұлы бағалы металдардың ішіндегі ең қолайлысы күмісті пайдаланған. Өйткені олар күмістің жалтыраған түсін, тазалығын бағалаған.
Зергердің бұйымдар жасау үшін арнайы құралдары:
төс, балға, іскенше, дәнекелегіш, түрпі, егеу, қайшы, бұрғы, біз, тескіш, күмісті балқытуға арналған ұзындығы 25 см түтік көрік.
Слайд №2
Қазақта ертеректе қыз балағада әшекей бұйымдар таққан. Мына қыз баланың бас киіміне үкі және күмістен жасалған әшекей бұйымдар таққан. Сонымен қатар мойнына бой тұмар таққан.
Тұмар: әсемдік бұйымдар ішінде мойынға тағатын әшекейлер де өзінше қызықты. Олар эстетикалық қызметпен бірге тіл-көзден қорғаушы қызметін қатар атқарған. Тұмарға құран үзінділерін, теңіз, өзен бақалшақтарын, үкі қауырсынын, қой, түйе жүндерін ішіне салған.
Слайд № 3
Көптеген әшекей бұйымдар ұзатылған қыздың сән-салтанатты жасауы болыпта саналады.
Сырға: әшекейлердің тіл-көзден сақтау қасиеті бар деген түсінік ертеден қалыптасқан. Солардың көнеден келе жатқандарының бірі сырға. Ол әйел затының бала кезінен бастап өмірден өткенше тағып жүретін әшекейі. Сырғалардың көптеген түрі бар. Мына қыз баланың тағып отырғаны
шекелік деп аталады. Бұл ауыр болған соң оны құлақтың сырғалығын жыртып кетпеуі үшін бас киімге немесе самайға іледі. Оны самайсырға деп те атайды.
Өңіржиек омырау әшекейінің бір түрі өңіржиек бала емізетін әйелдің міндетті әшекейі болған. Себебі ол әйел омырауын тіл-көзден сақтайды деп есептеген. Өңіржиек өзара бір-біріне шашбау секілді етіп үзбелеп бекітілген әшекей. Қолындағы білезік.
Білезік әдетте бір қолға кейде екі қолға да тағылады. Білезіктердің де бірнеше түрі бар. Сондай-ақ саусақтарға тағылған жүзіктердің білезікпен қоса жасалуы « бес білезік » деп аталады.
Сақина-жүзіктер:сақина, жүзіктердің сиқырлы күші бар заттар деп қарастыру Шығыста кеңінен таралған түсінік. Кез келген әйел ас тазалығы үшін күміс сақина тағып жүруге тиіс болды. Бұл ретте қазақтың:»Тамақ адал болуы үшін қолда жүзік болуы керек» деген.
-Балалар күнделікті өмірде күміс әшекейлерді не үшін пайдаланатынын білесіңдер ме?
- сәндік үшін тағады;
-айтулы жүзіктерді мереке-тойларға таққан;
-дүниеге келген нәрестені шомылдырғанда суға күміс теңге немесе сақина тастап түсіреді. «Баланың күні күмістей жарық болсын» деп жоралғы жасалған.
-құдағи жүзік Батыс Қазақстандық құдағи жүзіктер екі бастаудың екі шаңырақтың ілік жекжат болуын бейнелейді. Бұл жүзікті келінге деген жылы қабағы, қамқорлығы үшін қыздың шешесі ұлдың шешесіне салған. Қапсырма:-екі бөлік жасалып, бір-бірімен ілгек арқылы жалғасқан, түйме орнына қолданылатын ою-өрнекті сіркелі, асыл тасты күміс зергерлік әшекей.
Қорытындылау:
Бүгінгі сабағымызды қорыта келе қазақ халқының кез-келген өнерін алсақ та, терең мән-мазмұнға, белгілі бір мақсатқа өзіндік ерекшелігімен қасиетін байқап көруге болады.
«Қарсы қозы балықта, қалың қазына халықта» деген мақалмен
аяқтағым келеді.
Бүгінгі сабақта қандай зергерлік бүйымдармен таныстық
- СТО техналогиясы топтастыру стратегиясы бойынша топтастыру.
«Әшекей бұйымдарды насихаттау» бөлімі
М. Омаровтың «Қыз сыны» әнінің әуені жүріп жатады. Әшекей таққан қыздар әуеннің ырғағымен қозғалыс жасайды.
Соңы
Ашық сабақ
Т а қ ы р ы б ы: Есеп
( 1-сынып. Математика)
Дайындаған: Калиева Нурлыхан
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№7 орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: Есеп
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі : Оқушыларға есеп шығарту және оған кері есептерді орындату, Өрнектерді салыстыруды тиянақтау.
Дамытушылығы: Кері есеп ойлау қабілетін жетілдіру, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету, қорытынды шығару және ойын еркін жеткізу қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі:сыйластыққа, ізгілікке, бірлікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар
Сабақтың түрі: ақпараттық
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, дәлелдеу
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру
1-слайд. «Ғажайып сәлемдесу»
Мұғалім: Оқушылар сәлемі
Мейірімді жүрекпен, Үлкенге де сіз
Ақпейілді тілекпен, Кішіге де сіз
Амандасып алайық, Сәлем бердік сіздерге,
Бір жадырап қалайық. Құрметпенен біз.
2-слайд. «Күнді шығару».
- Балалар, не көріп тұрсыңдар?
- Күнді
- Балалар, күннің көңіл-күйі қандай? Күн бізге не береді ?
- Дұрыс айтасыңдар, олай болса біздер де осы күн сәулесіндей бір-бірімізге өз жан жылуымызды сыйлайық, бір-бірімізге сәттілік тілейік!
Бүгінгі біздің сабағымыздың эпиграфы: «Бәріміз біріміз үшін,
біріміз бәріміз үшін»
Бүгінгі математика сабағымызда ауызбіршілікпен жұмыс жасап математикадан білгендерімізді ортаға салатын боламыз.
II. Өткенді қайталау, еске түсіру.
3-слайд. «Блум түймедағы»
(Әр қатардан екі оқушыдан шығып сұрақтарға жауап береді)
. қосудың компонентерін ата;
. азайтудың компонентерін ата;
.өзара кері амалдарды ата;
- 1см неше дм бар?
. қосу амалының қасиеттерін ата;
Өткенді қорытындылау.
III. Жаңа тақырып
4-слайд. «Білім кәрзеңкесі»
Есеп туралы не білетінімізді мына «Білім кәрзеңкесіне» салатын боламыз.
-Есеп дегеніміз не?
- «Есеп» деп- жауабы арифметикалық амалдардың көмегімен тұжырымдалатын сұрағы бар мәтінді айтамыз.
а ) Есептің шарты мен сұрағы болады
ә ) Сұрақсыз есеп болмайды.
б ) Есеп бір амалмен шығарылса, жай есеп деп аталады.
5- слайд. Есеп неше кезеңнен тұрады?
1 кезең-есептің мазмұнымен танысу
2 кезең-есептің шешуін іздеу
3 кезең-есепті шешу
4 кезең-есептің шешуін тексеру
IV. Сабақты бекіту (Оқулықпен жұмыс).
№1 Есепті оқыту.
-Есепте не туралы айтылған?
- Отбасының әдет-ғұрпы туралы не білеміз?
(үлкенді сыйлау, кішіге ақылшы, көмекші болу)
Мектептегі өтіп жатқан айлық туралы қысқаша мәлімет.
Есепке талдау жасау.
- Ағасының жасы нешеде?
- Қарындасы неше жаста?
- Қайсысының жасы үлкен?
- Есептің сұрағы қандай?
Есепке шарт құру Ағасы- 10 жаста
Қарындасы- 4 жаста
Сұрағы: Ағасы қарындасынан неше жас үлкен?
Шешуі: 10-4 = 6
Жауабы: Ағасы 6 жас үлкен
Өзіндік жұмыс
№2 есеп
Қарындасы- 4 жаста
Ағасы- Одан 6 жас үлкен
Ағасы неше жаста?
Шешуі: 6+4 10
Жауабы: ағасы 10 жаста
Екі есепті салыстыру ( СТО технологиясы бойынша)
- Бірінші есепте кімнің жасы белгілі? (ағасының)
- Екінші есепте кімнің жасы белгілі ?(қарындасының)
Сұрақ:
- Бірінші есепте нені табу керек?
-Ал ол екінші есепте белгілі ме?
- Екінші есепте нені табу керек?
- Ал бірінші есепте ол белгілі ме?
Қорытынды шығару:
«Бірінші есепте екінші есептегі белгіліні табу қажет болды, ал екінші есепте бірінші есептегі белгіліні табу қажет болды. Сонымен осы есептерді өзара кері есептер деуге бола ма?
- Балалар, демек бұл есептер бір-біріне кері есеп.
8- слайд. Мәні 5-ке тең болатын қосындыларды жаз.
1+4 3+2 2+3 4+1
- Тағы не айтуға болады?
- 5-тің құрамы
V. Дәптермен жұмыс.
Шығармашылық тапсырма ( Балалардың логикалық ойлау қабилеттерін жетілдіру)
Себеттегі төрт алманы төрт балаға бір-бірден бөліп беру керек және себетте бір алма қалу керек.
Қалай бөліп беруге болады? ( өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру)
Оқушылардың пікірін тыңдау.
Мұғалімнің алма туралы пайдалы ақпараты:
Балалар, алмада адам ағзасына қажет дәрумендер болады. Сондықтан алма сияқты жемістерді үнемі жеу керек. Адамға пайдалы болғандықтан жаңа өмірге келген балаға Алмагүл, Өрік, Жеміс деп ат қойған және оны әнге де қосып айтқан.
VI. Сергіту сәті: «Қызыл өрік» (оқушының белсенділігін арттыру)
VII. Салу есебі.
№3
Ұзындығы 4 сантиметрден артық, бірақ 8 см кем кесінділерді саламыз.
4 тен артық сандарды кім айтып береді? 5, 6, 7
8 ден кем сандарды кім айтып береді? 7, 6,5
Үш қатарға үш түрлі өлшемде кесінді сызуды талап ету.
VIII. «Тез ойла, тез ойна» ойыны. ( ауызша есептеу машығын дамыту)
.
Тақтамен жұмыс. Өрнектерді салыстыру.
4+4 9-1 8-3 7+2 4-3 3-3
10-5 4+3 9+1 6+4 5+2 7-0
IX. Рефлексия.
- Балалар, бүгін біздер сендермен бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін жұмыс жасап математикадан білімдерімізді көрсете алдық.
X. Қорытындылау.
- Сабақ сендерге ұнады ма?
- Cабақ сендерге ұнаса алдарыңдағы сары смаиликті көтересіңдер.
- Егер сізге сабаққа түсінбеген болсаңдар, жасыл смаиликті көтересіңдер.
- Ал егер сабақ мүлдем ұнамаған болса қызыл смаиликті көтересіңдер.
Үйге тапсырма
Оқушыларды бағалау.
-дүниеге келген нәрестені шомылдырғанда суға күміс теңге немесе сақина тастап түсіреді. «Баланың күні күмістей жарық болсын» деп жоралғы жасалған.
-құдағи жүзік Батыс Қазақстандық құдағи жүзіктер екі бастаудың екі шаңырақтың ілік жекжат болуын бейнелейді. Бұл жүзікті келінге деген жылы қабағы, қамқорлығы үшін қыздың шешесі ұлдың шешесіне салған. Қапсырма:-екі бөлік жасалып, бір-бірімен ілгек арқылы жалғасқан, түйме орнына қолданылатын ою-өрнекті сіркелі, асыл тасты күміс зергерлік әшекей.
Қорытындылау:
Бүгінгі сабағымызды қорыта келе қазақ халқының кез-келген өнерін алсақ та, терең мән-мазмұнға, белгілі бір мақсатқа өзіндік ерекшелігімен қасиетін байқап көруге болады.
«Қарсы қозы балықта, қалың қазына халықта» деген мақалмен
аяқтағым келеді.
Бүгінгі сабақта қандай зергерлік бүйымдармен таныстық
- СТО техналогиясы топтастыру стратегиясы бойынша топтастыру.
«Әшекей бұйымдарды насихаттау» бөлімі
М. Омаровтың «Қыз сыны» әнінің әуені жүріп жатады. Әшекей таққан қыздар әуеннің ырғағымен қозғалыс жасайды.
Соңы
Достарыңызбен бөлісу: |