Студент: Қуантай Ақбота Сократ философиялық диалектиканың негізін қалаушылардың бірі болды. Ол бұл әдісті әңгімелесулер, яғни, белгілі бір сұрақтар қою және оларға әдістемелік жауаптар табу, арқылы ақиқатты табу барысында қолданды.
Сократ Платон әрбір заттың принципін табу ілімін диалектика деп атады, Диалектика ол үшін логикалық ойлау және іздестірілген затты бөлщектелген, жеке дара бөлінген түрде табу болып табылады.
Аристотель өзі жасаған «Органон» атты логикалық жүйені ақиқат танымның әмбебап құралы ретінде қарастырды. Аристотель ғылымның мақсаты затты анықтау деп білді. Арстотельдің ойынша, толық анықтауға тек дедукция мен индукцияны ұштастыру арқылы ғана қол жеткізуге болады:
1) әрбір жеке қасиет туралы білім тәжірибеден алыну керек;
2) бұл қасиет мәнді екеніне сенім айрықша логикалық түрдегі ой қорытындысы – категориялық силлогизм арқылы дәлелденуі керек.
Жаңа заманда Ф.Бэкон (1561-1626) табиғатты зерттеуде индукцияны пайдалануға шақырды. Оның ойынша, индукция табиғатқа жақын және түйсік мүшелерінің және тәжірибенің көрсеткіштері болып есептеледі. Ол индукция ғылым үшін аса қажет, түйсік органдарының көрсетімдеріне арқа сүйейтін дәлелдеудің және табиғатты тану әдісінің бірден-бір түрі деп үйретті.
Р.Декарттың (1596-1650) «Әдіс туралы толғаныс» атты өзінің ең басты еңбегінде танымның әмбебап әдісін, яғни, білімнің барлық салаларымен айналысатын ғалымдар пайдалана алатын әдісті жасап шығару мақсатын алға қойды. Танымның бастау нүктесі ретінде интелектуалдық интуицияыны ала отырып Декарт танымның бірден-бір әдісі дедукция деп білді. Декарттың ойынша, дедукция ойдың жалпыдан жалқыға қарай қозғалысын бейнелей отырып интелектуалдық интуицияның деректерінен жек ақиқаттарға сәйкес келетін жалпы ұғымдар шығару болып табылады.
Фрэнсис Бэкон
Рене Декарт