Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
СӨЖ
Тақырыбы:Сөзжасамның теориялық ұғымдары
Орындаған:Серікбай Амира
Тексерген:Каспихан Бауыржан
Алматы, 2022ж
Сөзжасамның теориялық ұғымдары
Сөзжасамның теориялық ұғымдарына тоқталғанда сөзжасамдық ұя,сөзжасамдық қалып,сөзжасамдық тізбек,сөзжасамдық жұп,сөзжасамдық үлгі мен тип ,сөзжасамдық тұлға,сөзжасамдық тарам,сөзжасамдық синтагматика мен парадигматика,сөзжасамдық мағына,туынды сөз,негіз сөз деген теориялық ұғымдарды айтамыз.Сөзжасамның негізгі бірлігі-туынды сөз.Туынды сөз-сөзжасам саласының ең негізгі ұғымы. Туынды сөздер-тілдің сөзжасамдық процесінің нәтижесінде туған лексикалық дайын тұлғалар.Тіліміздің сөздік құрамында қолданылып жүрген қазіргі атау сөздердің бәрі дерлік туынды атаулар.Туынды сөздердің сыры толық ашылу үшін,түп негіз бен мағыналық қатысы ашылу керек.Туынды сөзді мағыналық жағынан қарастыру-сөзжасамдық талдауында негізгі орын алатын объектінің бірі.Мысалы:жақсар деген туынды етістіктің мағынасы жақсы сөзінің негізінде жасалған.Көгер деген туынды түбір көк деген сын есімнің негізінде жасалған.Мағыналық талдауда да түп негіз сөз бен туынды сөз негізгі объекті болмақ және көңіл сол екі сөздің мағыналық байланысын ашуға бағытталу керек.Тіпті қазіргі тіліміздегі бір буынды ат,ақ,су,сай,жақ,бау,тау сияқты атаулардың өзі туынды атаулар ретінде таныла алады.Сөзжасамдық ұя-себепші негіздерден сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалып,атау қызметін атқаратын белгілі құрылымдағы түбірлес туынды сөздердің жиынтығы.Сөзжасамдық ұя болу үшін 1)бір негізден тарайтын түбірлес сөздердің жиынтығы болуы қажет 2)түбірлес сөздердің әрқайсысының жеке номинативтік мағынасы болуы шарт 3) түбірлес туынды сөздер әртүрлі тәсіл арқылы жасалуы ықтимал 4) түбірлес туынды сөздердің мағыналық жақындығы себепші негіз арқылы сақталып,бір семантикалық өрісте жатуы қажет 5)Омонимдес тұлғалар сөзжасамдық ұяға ене алмайды.Сөзжасамдық ұяға енетін сөздер бір түбірден тараған тұлғалар болғандықтан,формалық және мағыналық жағынан бір-біріне жақын келеді.Қазақ тіліндегі негізгі түбірлердің сөзжасамға қатысу қабілетінің күштілігі сөзжасамдық ұядан өте анық көрінеді.Сөзжасамдық ұяның күрделілігі оның құрамындағы әр сөздің сөз жасау қабілетіне байланысты.Олардың әрқайсысы неғұрлым сөзжасамға көбірек қатысса,соғлұрлым сөзжасамдық ұя күрделі болады.Мысал келтіретін болсақ:бас,баста,бастапқы,бастаңғылас,бастауыш т.б сөздерді жатқыза аламыз.Сөзжасасдағы ең негізгі ұғымның бірі-сөзжасамдық тип.Сөзжасамдық тип тілде жаңа сөз қалай жасалатынын конкретті түрде көрсетеді,өйткені ол-әр сөз табының туынды сөздерінің жасалу үлгісі.Сондықтан-сөзжасамдық тип-тілдің сөзжасам жүйесінің негізгі элементіне жатады.Сөзжасамдық типті белгілеу,анықтауда оның төмендегі үш белгісіне сүйенген жөн:1)негізгі сөздің қай сөз табына жататыны,2)негіз сөзбен туындының мағыналық қатысы,3)сөзжасам тәсілінің бірлігі,синтетикалық тәсілде бір аффикс арқылы жасалуы.Мысалы:айтыс,керіс,желіс,тегіс,соғыс,кеңіс.Келтірілген мысалдар сырттай қарағанда,сөзжасамдық бір типке жататын сияқты.Оны анықтау үшін жоғарыдағы үш белгіні іздеу керек.Бірінші белгі тұрғысынан қарағанда,осы туындылардың түп негіздері бір сөз табына жату керек,бірақ олар үш түрлі сөз табына жатады,түп негіздері:1)етістік:айтыс,соғыс,керіс;2)түп негіз зат есім:жеміс,мәніс;3)сын есім:кеміс,кеңіс.Бұл мысалдар сөзжасамдық типтің бір соңғы белгісіне сай,-ыс,-іс жұрнағы арқылы жасалған.Сөзжасамдық мағына-сөзжасам саласындағы негізгі мәселе.Сөзжасамдық мағынаның өзіндік ерекшеліктері бар.Мысалы,етей,дөңки,кемі,байы,күрек,бөлме,етікші,сыншы,қойшы сияқты туындылардың мағынасында болған өзгеріс өте күшті,түп негіздегі мағынаның негізінде басқа лексикалық мағына жасалған.Сөзжасамдық үлгі дегеніміз-туынды сөздердің құрамындағы бір тұлғаның ортақ болуы арқылы қалыптасқан екіншілік мағыналы туынды сөздер.Құрамындағы бір сөзжасамдық тұлға ортақ болғандықтан,жаңадан жасалған туынды сөзде де ортақ сема қалыптасады.Яғни бір сөзжасамдық үлгі негізінде туынды атау пайда болады.Жалпы тіл білімінде де сөзжасамдық тип пен үлгі деген терминдердің жігі анықталмай отыр.Бұлар синонимдер ретінде бірінің орнына бірі қолданыла береді.Мысалы сөзжасамдық үлгіге:ізденімпаз,білімпаз,жеңімпаз және -лық жұрнағы арқылы:баршылық,тоқшылық,молшылық,таршылық,жоқшылық т.б сөздерді жатқызамыз.Сөзжасамдық тізбек-мағыналас,түбірлес сөздердің уәжділік қатыстығы тобынан құралатын сөзжасамдық ұяның күрделі бірлігі.Негіз сөздің өзі басқа сөзбен салыстырғанда негізді сөз бола береді.Мұндай сөздер сөзжасамдық тізбекте кездесе береді.Мысалы:бос-боса-босаң—босаңдық-босаңдат-босаңдатқыз,ен-енші-еншілес-еншілестік т.б.Сөзжасамдық жұп дегеніміз сөзжасамдық ұядағы негіздеуші сөз бен негізделетін сөздің синтагматикалық қатысы.Яғни сөзжасамдық жұпта екі ғана мүше қатысады.Себепші негіз бен соған негізделіп жасалатын туынды сөздің жұбы.Сөзжасамдық жұпты құраушы тұлғалар өзара ұғымдық,тұлғалық және мағыналық байланыста болады.Сөзжасамдық жұптарға мысал:ауа-әуе,өкім-үкім,ана-ене,аса-есе.Сөзжасамдық тарам-бір түбірден не негізден тараған туынды сөздердің тік бағыттағы мағыналық жиынтығы.Бір сөзжасамдық тарауға енетін атауларды айқындайтын үш түрлі негізді атау орынды.Олар ұғымдық,мағыналық,тұлғалық жақындығы.Мұндай ұқсастық,жақындық болмаса,сөздер бір сөзжасамдық тарамға ене алмайды.Сөзжасамдық тарам сөзжасамдық сатымен тығыз байланысты,өйткені ол сөзжасамдық сатылардың бірінде жасалады.Сондықтан сөзжасамдық тарам сөзжасамдық сатының ішінде болады.Сөзжасамдық тарамға мысал келтіретін болсақ:қапша,қабық,қапшық,қапсыр,қапта,қабықша,қабықтай.
Достарыңызбен бөлісу: |