«Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» Мамандығы: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет13/41
Дата29.05.2022
өлшемі176,52 Kb.
#145409
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

3.Сөздердің орын тәртібі тәсілі

Сөздердің сөйлемдегі орын тəртібі олардың сөйлемнің қай мүшесі екендігін айқындауы мүмкін.


Бұл тəсіл мұны мен бірге грамматикалық мағыналарды білдіруде мəнерлеуші тəсіл ретінде қызмет атқарады.
Түркі тілдерінде кейбі сөздерінде сөздердің орын тəртібі жалғаусыз байланысқан анықтауыш сөзбен анықталған сөздің жігін ажыратуға көмектеседі. Мысалы, қазақ тіліндегі сағат, қалта деген сөз тіркесінің мағынасына («сағат салатын қалта») қалтасағат дегеннің мағынасы («қалтаға салатын сағат») анықтауыш сөз бен анықталатын сөздің орнына қарай ажыратылып тұр.


4.Екпін және интонация тәсілдері

Екпін жəне интонация арқылыда кейбір тілдерде грамматикалық мағынаны білдіру тəсілі бар. Егер екпін тиянақсыз жылжымауы болса, ол да грамматикалық тəсіл ретінде қызмет атқарады. Орыс тілінде екпіннің жылжымалы екенін, оның əр буынға түсуі сөздің мағынасы мен шегін ажыратудың бір тəсілі ретінде қолданылады. Мысалы, мука-азап, мука-ун, замок-қорған, замок-құлып, пропасть-терең жар, шыңырау, пропасть-жоғалып кету, жоқ болу.


Екпіні тиянақты тілдерде мұндай жағдай кездеспейді. Түркі тілдерінде екпін сөздің мағынасы грамматикалық формасын ажыратарлықтай толық мəніндегі грамматикалық тəсіл емес. Бұл байланысты екпін оларда тұрақты, сөздің соңғы буынына түседі. Интонация арқылы сөйлемдерді бір-бірінен ажыратуға болады. Байымдау, күдіктену, таңдану мағыналарын аңғартады. Мысалы: жазда ауылға барасың ғой. Жазда ауылға барасың ғой?
Мына сөздерді қолданып сөйлем құрастыр:əлдеқалай, əрқашан, əрқалай.
Көмекші сөздер тəсілінің ерекшеліктері нелер?
Дәріс 8


Тақырыбы: Грамматикалық форма және сөз формалары жайында түсінік.
Дәрістің мақсаты: Студенттерге грамматикалық форма және сөз формалары жайында түсінік беру.
Жоспары:
Грамматикалық форма және сөз формалары жайында түсінік

Грамматиканың əрі өте маңызды, əрі күрделі мəселелерінің бірі-грамматикалықформа туралы мəселе. Грамматикалық форма туралы ұғым грамматикалық мағына жəне грамматикалық тəсіл туралы ұғымдар мен тығыз байланысты. Грамматикалық мағына белгілі бір грамматикалық форма мен айтылады. Ал грамматикалық тəсіл грамматикалық форма арқылы білдірудің жолы болып саналады. «Грамматикадағы форма өзара бірлікте болатын грамматикалық мағына мен грамматикалық тəсілдің өзара қатысы». Белгілі бір форманың грамматикалық форма ретінде танылуы үшін, оның міндетті түрде грамматикалық мағынаны білдіруі қажет. Мысалы: ананың сүті бал деген сөйлемдегі ана сөзі ілік септік формасында келіп, меншіктеуші мағынаны білдірсе, сүт сөзі тəуелдік формада келіп, меншіктелуші (тəуелді) мағынаны білдіреді.


Сөз əртүрлі тəсілдермен түрленіп, əлде неше формаға ие болады. Мысалы, қызылдау, қызылрақ, қызғылтым, қып-қызыл деген сөздің аффиксация тəсілі (қызылдау, қызылрақ, қызғылтым). Жартылай қосарлану тəсілі (қып-қызыл) арқылы жасалған формалары болып саналады.
Грамматикалық форма көбіне-көп сөз формаларына байланысты қаралады. Сөз формасы, яғни нақтылы сөздің белгілі бір (грамматикалық) формасы, əрі сөздің формасы əрі жалпы грамматикалық форма, мысалы белгілі бір септіктің, жақтың, шақтың, райдың формасы ретінде танылады.
Орыс тілінің академиялық граматикасында сөздің формаларына мынадай анықтама берілген: «Бір ұғымды білдіре отырып, оған əйтеуір бір қосымша ұғымдарды үстейтін немесе ойдың бір предметінің сол сөйлемдегі ойдың басқа предметіне əйтеуір бірқатнасын білдіретін сөздің барлық түр өзгерістері сөздің формалары деп аталады». Сөз өзгеріп, түрленіп барып, əлде неше формаға ие болатыны анық. Сөздің əлденеше формаларының ішінен бірі негіз форма болып, басқалары сол формадан жасалған, туынды формалар болып саналады. Сөздің белгілі бір формасының негізгі форма ретінде саналуы үшін, оның басқа формаларға ұйытқы болуы шарт. Сонда ғана ол негізгі форма ретінде танылады. Мысалы: септік формаларының ішінде атау септік əдетте, негіз форма ретінде танылады да, ілік, барыс, табыс, шығыс, көмектес септік формалары туынды формалар ретінде саналады. Соңғылардың бірі екіншісінен, мысалы барыс септік формасы ілік септік формасынан емес, бұлардың бəрі де негізгі басты форма-атау септік формасынан жасалады. Етістіктің рай формалары да əртүрлі. Солардың ішінен түркі тілдерінде екінші жақ бұйрық рай формасы негізгі форма ретінде саналады, ашық рай, шартты рай, қалау рай формалары туынды форма ретінде қаралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет