«Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы» Мамандығы: 5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет9/41
Дата29.05.2022
өлшемі176,52 Kb.
#145409
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
?àçà?ñòàí ðåñïóáëèêàñû á³ë³ì æ?íå ?ûëûì ìèíèñòðë³ã³

Негізгі әдебиеттер:

  1. Қазақ грамматикасы. – Астана. 2002ж.

  2. Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары.- А. 1995ж.

  3. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология, -А. 1991ж.

Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, - 1992ж


Дәріс 5


Тақырыбы: Аффикстік морфема және олардың түрлері.
Дәрістің мақсаты: Аффикстік морфема және олардың түрлері туры түсініктерін кеңейту.
Жоспары:
1. Аффикстік морфема және олардың түрлері.
2.Омонимдес аффикстер
3.Синонимдес аффикстер
4. Антонимдес аффикстер
1.Аффикстік морфема және олардың түрлері

Өз алдына дербестігі жоқ, тек сөз құрамында түбір морфемаға жалғанып ғана, белгілібір мағынаға ие болатын көмекші морфемалар аффикстік морфемалар немесе морфемалардеп аталатынын білеміз. Аффикстер мағынасымен қызметі жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Олардың ішінде түбір морфемаға жалғанып, оның мағынасын нақтылай түсетін аффикстер бар. Мысалы, көл-шік т.б. Түбір морфемадан сөз жасайтын аффикстерді сөзтудырушы аффикстер дейміз. Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы деривациялық (латын меншіктеп бөлу) мағына деп аталады. Аффикстердің кейбіреулері сөз бен сөзді байланыстырып, өз ара қарым-қатнасын білдіреді. Мысалы, көл-дің жағасы дегенде-дің аффиксі сөз тудырып тұрған жоқ, көл мен жаға сөздерін байланыстырып, олардың бір-біріне қатысын білдіріп тұр. Бұндай аффикстер сөз түрлендіруші аффикстер сөз түрлендіруші аффикстер, олардың грамматикалық мағыналары реляциялық (лат. қарым-қатынас) мағыналар деп аталады. Көмекші морфемалар немесе аффикстер осылайша екіүлкен топқа-сөз тудырушы, сөз түрлендіруші топқа бөлінеді. Орыс тілінде көмекші морфемалар немесе аффикстердің префикс, суффикс, флекция (оканчение) деп аталатын түрлері бар. Орыс тіліндегі суффикс түркі тілдерінде, солардан қазақ тілінде жұрнақ депаталатын морфемаға сəйкес келеді.


Аффикстік морфемалардың ішінде ең жиі ұшырасатындары жұрнақтар мен жалғаулар. Жұрнақтар өз ішінде екі топқа бөлінеді, бірі сөз тудырушы жұрнақтар (словообразующие суффиксы) мысалы, ек, су, қол деген, түбірлерге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғауынан егін, егінші, егіншілік, екпе, егістік, сулы, сулық, сулы, суландыру, сусау, сусыз, қолдау, қолдаушы, қолдан, қолданыс, қолдас, қолтық, қолотықтат.б. Екінші-форма тудырушы жұрнақтар - мысалы кел деген сөзден əртүрлі жұрнақтардың жалғауынан келер, келмес, келген, келетін, келік, келіп, келгелі, келсе, келгей т.б. сөздердегі жұрнақтар кел деген түбір етістіктің негізгі лексикалық мағына сын өзгертпейді. Жұрнақтармен салыстырғанда жалғаулардың қолданы өрісі мен шеңбері анағұрлым кең жалғаулар белгілі сөз тобына енеті сөздерді талғалымай, олардың күллісіне бірдей жалғана береді. Мысалы қазақ тілінде зат есімдер тобына енетін сөздердің бəріне бірдей септік жалғаулары да көптік жалғаулары да, тəуелдік жалғаулары да жалғана береді. Етістіктердің тобына енетін сөздердің күллісі бірдей жіктеле алады. Жұрнақтар белгілі бірсөз тобына енетін сөздердің күллісіне қарай бірдей емін-еркін қосыла бермейді де, олардың ішінде арнаулы бір тобына ғана жалғанады. Мысалы, зат есімнің -ым-ім-м жұрнағы етістік атаулының бəріне жалған бермейді. Аталған жұрнақ жайыл, түс, өн деген етістіктерге жалғанады да, олардан зат есімдер (жайлым, түсім, өнім) жасалады, бірақ бұл жұрнақ қуан, сүйін, қызған деген етістіктерге жалғана бермейді. Оларға басқа жұрнақ (-ш,ыш, іш) жұрнақтар жалғанып, қуаныш, сүйініш, қызғаныш тəрізді туынды зат есімдер жасалады.
Ал аффикстік морфемалардың екінші түрі жалғаулар жалғанған сөздің құрамындағы негізгі морфема (түбір) мен көмекші морфеманың (жалғаудың) мағыналары бір-біріне жымдаса кірігіп кетпейді, аффикстік морфеманың сөзге жалғанып соған ілесіп жүрген қосалқы элемент екені аңғарылып тұрады. Тілдерде сөздер бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасқа түсуіне қарай, омонимдес сөздер, синонимдес сөздер, антонимдес сөздер болып топталады. Əлденеше мағынада қолданылатын сөздер полисимантизм немесе көп мағыналы сөздер деп аталады.
Омонимия, полисимия, синонимия жəне антонимия құбылыстары тіл білімінде көбіне-көп лексикалық единица сөздерге тəн құбылыс ретінде саналып, осыған орай, олар əдетте лексикология саласында қаралып келді. Тіл деректері аталған құбылыстардың сөздерге ғана емес, сонымен бірге аффикстік морфемаларға тəн құбылыс екендігін көрсетеді.
2.Омонимдес аффикстер. Бір түбірден кемінде екі сөз тұдыратын дыбысталуы бірдей, мағынасымен қызметі басқа-басқа аффикстер (жұрнақтар) омонимдес аффикстер деп аталады. Омонимдес аффикстердің қатарына етістіктің –т, (ыт,-іт) жұрнағымен зат есімнің –т (-ыт, іт) жұрнағы енеді. Мысалы, құмарт, сейілт, шырамыт, қарауыт, қырауыт, мұнарт, кеңіт деген сөздердің құрамындағы –т(-ыт, іт) аффиксі - етістіктің жұрнағы болса (бұл жұрнақ есімдерден етістіктер тұдырып тұр), бөгет, шабыт, іркіт, сырқат тəрізді сөздердің құрамындағы –т(-ыт,-іт) аффиксі – зат есімдердің жұрнағы (бұл жұрнақ етістіктерден зат есімдер тұдырып тұр). Сондай-ақ –н(-ын, ін) жұрнағында омонимдес аффикстер қатарына енеді. Мысалы, шегін, талпын - зат есімнен етістік тұдыратын жұрнақ, толқын, боран, сауын, жиын, шығын, түйін, егін, тығын, жауын, ағын, тігін-етістіктен зат есім тұдыратын жұрнақ.
3.Синонимдес аффикстер. Мағынасы мен қызметі бір-біріне ұқсас, өз ара мəндес аффикстер (жұрнақтар)-синонимдес аффикстер деп аталады. Мысалы, -шақ (-шек),-қақ (-кек),-ғақ (-гек), -қыш (кіш), ғыш (-гіш), -қыр (-кір), -ғыр (-гір) жұрнақтарында қызметі жағынан ұқсастық, мағынасы жағынан өзара жақындық бар екенін көруге болады.
Аталған жұрнақтардың жалғауынан жасалған ұрыншақ, ұялшақ, сүріншек, жасқаншақ,мақтаншақ, еріншек, қызғаншақ деген сөздер ұрынғыш, ұялғыш, мақтанғыш, сүрінгіш,жасқанғыш, ерінгіш, қызғанғыш сөздерімен синоним болса, урысқақ сөзі урысқышсөзімен, тырысқақ сөзі тырысқыш сөзімен синоним бола алады. Сондай-ақ, білгіш пенбілгір, ұшқыш пен ұшқыр мағына жағынан өз ара жақын болса, сүзгіш пен сүзеген, тепкішпен тебеген сөздеріде мағына жағынан бір-біріне алыс емес.
4. Антонимдес аффикстер. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы аффикстер (жұрнақтар) антонимдес аффикстер қатарына сын есімнің–лы-(-лі), -ды (-ді)-ты (-ті) жұрнағы мен –сыз (-сіз) жұрнағын жатқаруға болады. Мысалы, таулы, таусыз, сұлы,сусыз, қарлы, қарсыз, əдепті, əдепсіз, көңілді, көңілсіз т.б. Сөздердің морфологиялық құрылымы өзгеріп отыратын құрылыс. Тілдің замандар бойындағы дамуы барысында сөздердің де құрылымынды өзгеріс болады. Мұндай өзгеріс сөздердің жəне олардың құрылымдық элементтерінің (морфемалардың) ішкі (мағыналық)жағын да, сыртқы (дыбысталу) жағын да бірдей қамтуы, соның нəтижесінде олардың (сөздер) мен олардың құрылымындағы морфемалардың шегі ауысып, олардың (сөздердің)морфологиялық құрылымның өзгеруі қалай болса солай емес, белгілі бір грамматикалық процестердің əсерінен болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет