Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет48/56
Дата26.10.2022
өлшемі1,9 Mb.
#155048
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56
Байланысты:
ҚҚЗТ МЕК сұрақтары
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
38
деңгейде деген тұжырым жасауға ерік береді. 
Айта кетерлік қызықты бір дерек – бұл мәселе 
жөнінде қалалықтармен салыстырғанда ауыл 
тұрғындарының көбірек хабардар екендігі.

Гендерлік саясат туралы ақпарат таратушы 
дәстүрлі түрде алдымен БАҚ (47,2 %), содан 
кейін ғана ғаламтор (20,2 %) болып табылады. 
Сауалнамаға қатысушылардың бар болғаны 
9,1 % ғана гендерлік саясат туралы білімді 
білім жүйесінің арқасында алғаны – өкінішті 
жайт.

Сауалнамаға 
қатысушылардың 
көпшілігі 
Қазақстан 
Республикасы 
азаматтарының 
гендерлік құқықтарын реттейтін нормативтік 
құжаттарды білмейді. Тек 6,8 % информант 
«ҚР 2006-2016 жылдарға арналған
гендерлік 
теңдік стратегиясының» мазмұнын білетінін 
айтты.

Ерлер мен әйелдерге ортақ проблемалар 
ретінде жұмыссыздық, еңбек нарығындағы 
бәсекелестіктің жоғарылығы атап көрсетілді. 
Ең көп таралған ерлер проблемаларына 
респонденттер жоғары деңгейдегі өлім-
жітімді, жүрек-қан тамырлары ауруларының 
көптігін және жұмыссыздықты жатқызады.

Әйелдердің басты проблемалары ретінде 
аталғандар: ерте жүктілік, ақы төленбейтін үй 
еңбегі, жұмыс орнындағы және үйдегі екі есе 
жүктеме. Тұрмыстық зорлық проблемасы тек 
төртінші орынға қойылды.

Информанттар әлеуметтік тұрғыдан осал 
әйелдер санатын қарастыра келе, бірінші 
орынға 
мүгедектерді, 
екінші 
орынға 
жұмыссыздарды, үшінші орынға мүгедек 
балалары бар әйелдерді жатқызды. Айта 
кетерлік қызықты бір дерек – әлеуметтік 
тұрғыдан осал әйелдер санаты ретінде жауап 
түрінде 
ұсынылған 
басқа 
нұсқаларды 
респонденттердің таңдамағандығы. Бұл жайт 
аталмыш әлеуметтік санат адаптациясына 
қатысты тәжірибе мен стратегия Қазақстанда 
толығымен жабық, аз зерттелген және оған 
қол жеткізу мүмкін емес деген ойға жетелейді.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 
көпшілігі әйелдердің саясатқа араласуы қажет 
деген пікірде. Ерлер әлі күнге дейін саясат 
әйелдердің ісі емес, өйткені ол әйелдердің ана 
мен жар болуына кедергі болады және жалпы 
алғанда саяси қызмет әйелдер үшін тым 
күрделі іс деген таптаурын пікірді қолдайды. 
Ал әйелдердің өздері әйелдер ерлерге 
қарағанда айлалы әрі икемді болғандықтан 
саясатқа қажет деген таптаурын пікірді 
жақтайды.

Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 
көпшілігі әйелдерді саясатқа белсенді түрде 
тарту үшін оларға саясат пен отбасын қатар 
алып 
жүру 
мүмкіншіліктеріне 
қатысты 
жеңілдіктер жасап, оларды саяси басшылыққа 
тәрбиелеу 
керек 
екендігін 
айтады. 
Респонденттердің айтарлықтай бір бөлігі
әйелдердің саяси партиясын құру қажет 
екендігін білдірсе, мәслихаттар мен мәжілістен 
әйелдерге орын бөлу жөніндегі жауап 
нұсқасын информанттардың ең аз бөлігі 
таңдады.

Сауалнама 
нәтижелері 
бойынша 
қазақстандықтардың 
көпшілігі 
гендерлік 
бюджеттендірудің не екенінен бейхабар 
екендігі 
анықталды. 
Сауалнамаға 
қатысушылардың бар болғаны 10,1 % ғана 
гендерлік 
бағыттағы 
бюджетті 
біледі. 
Жауаптардың мұндай бөлісі зерттеуіміздің 
гендерлік 
бюджеттендіру 
мәселесі 
қазақстандықтар үшін өзекті емес деген 
болжамының растығын дәлелдеді. Гендерлік 
бюджеттендіру деген не, оның үрдістері қалай 
жүріледі, қандай пайда әкеледі және онымен 
кім айналысады дегеннен хабардар адам аз.

Жауаптарды 
саралау 
сауалнамаға 
қатысушылардың 
көпшілігінің 
(45,8 
%) 
мамандықтарды гендерлік белгі бойынша 
бөліп қарастырмайтындығын көрсетті. Тек 
39,6 % ғана еңбектің гендерлік тұрғыдан 
бөлінетіндігімен 
келісті. 
Ал 


қазақстандықтар 
«ерлерге 
тән» 
және 
«әйелдерге 
тән» 
мамандықтар 
болатындығынан мүлде бейхабар. Ерлердің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет