Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат


H.49. Сіздің ойыңызша зорлық- зомбылықтың қандай салдары болуы мүмкін?



Pdf көрінісі
бет45/56
Дата26.10.2022
өлшемі1,9 Mb.
#155048
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56
Байланысты:
ҚҚЗТ МЕК сұрақтары
 
H.49. Сіздің ойыңызша зорлық-
зомбылықтың қандай салдары
болуы мүмкін? 
 
Респонденттердің 29 % зорлық-зомбылық адамға 
көбінесе психологиялық зақым әкеледі деген 
пікірді қолдаса, 22 % жиі кездесетін салдардың 
бірі – адамдардың өзіне-өзі қол салуының өсуі 
деп санайды. 18% моральдық зақымды, 13 % 
отбасының бұзылуын, 5 % экономикалық залалды 
атап көрсетті. Жауаптарды аймақтар деңгейінде 
саралағанда Астана, Алматы, Павлодар, Орал, 
Шымкент, Қарағанды тұрғындарының басым 
бөлігі зорлық-зомбылықтың басты салдары 
ретінде психологиялық зақым мен зорлық 
құрбандарының арасында өзіне-өзі қол салу 
өседі деген пікірді білдірді. Жауаптарды 
жыныстық белгілер бойынша саралау бұл сұрақ 
бойынша 
пікірлерде 
айта 
қоярлықтай 
айырмашылықтың жоқ екендігін көрсетті. Тек ер 
адамдардың 
19 

зорлық-зомбылықтың 
салдарынан 
экономикалық 
зиян 
туындайтындығын тілге тиек етті. Жас мөлшеріне 
қарай респонденттердің көпшілігі бастан кешкен 
зорлық-зомбылық 
оның 
құрбандарының 
психологиялық зақымға ұшырауына, өз-өзіне қол 
салуының артуына және моральдық зақымға 
әкеліп соғады деген ойды қолдайды. Жоғары 
білімді респонденттер де, орта және арнайы орта 
білімді респонденттер де зорлық көрудің ең 
жағымсыз салдары ретінде психологиялық 
зақымды, жәбірленушілер арасында өзін-өзі 
өлтірушілер санының өсуін және моральдық 
зақымды атап көрсетті.
H.50. Сіздің ойыңызша зорлық-
зомбылықпен кім және қалай
күресуі керек? 
 
Сауалнамаға қатысушылардың 39 % зорлық-
зомбылықпен мемлекет, 28 % полиция, 22 % 
азаматтық қоғам күресуге тиіс десе, 11 % бұл 
проблеманы адамның өзі шешуі керек деп 
санайды. Берілген жауаптарды тұрғылықты 
аймақтар бойынша қарастырғанда сауалнамаға 
қатысқан жандардың көпішілігінің ең алдымен 
мемлекетке, екіншіде полицияға, үшіншіде 
азаматтық қоғамға үміт артатындығын көрдік. 
Ерлер (79 %) мен әйелдердің көбі (76,6 %) 
зорлық-зомбылықпен мемлекет күресуге тиіс 
деген пікірде болса, 57,7 % әйелдер, 52,1 % ерлер 
бұл іспен полиция айналысуға тиіс деп санайды. 
Барлық жас өкілдері бұл проблемада мемлекет 
пен полицияның көмегіне үміт артады. Жоғары 
білімділер де, орта және арнайы орта білімділер 
де «мемлекет» - 78,5 % және 76 %; «полиция» -
57,5 % және 54,4 % деген жауап нұсқаларын 
таңдады. Этникалық деңгейде жауаптардың бөлісі 
тура алдыңғы белгі бойынша жағдайға ұқсас 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет