Ата аналарга
Сіздің балаңыздың қауіпсіздігі
Қылмыстың бір түрі – балаға зорлық көрсету. Озбырлық, зорлық-зомбылық көрсету, жаман қарау, ауыр физикалық және психологиялық зақым көрсету деректері күн сайын газет беттерінде жиі кездесіп тұрады.
Қауіп-қатер азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. Көп жағдайда милицияға ол туралы хабарлай алмайды, себебі білместік немесе қорқыныш сезім, үрей билейді. Сондықтан да балаға мынаны түсіндірген жөн:
– Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;
– Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;
– Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.
Ал ата-аналарға осыған жауап:
– Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді;
– Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді;
– Тәрбиеші мен репетиторды жалдағанда өте мұқият болған жөн, себебі сіз балаңызды басқа адамның тәрбиесіне бергелі отырсыз;
– Егер сіз балаға қатыгездікпен қарау жағдайларын естігін болсаңыз немесе көрген болсаңыз бірден білікті билік органдарына хабарлаңыз.
Арқасөмкелерін қалай дұрыс таңдау керек?
Кейде 1 сынып оқушысының сөмкелерінің ауырлығы екі килограммнан асып кетеді. 6-7 жасар бала үшін 1,5 киллограммнан асып кетсе, бұл ауырлық нормадан тыс. Сондықтан дорба алар кезде ата-ана ең алдымен оның салмағына назар аударуы керек. Таңдау жасар алдында әдемілік үшін жапсырылған түрлі суреттер, замок, шынжырлардың керек емес екендігін ойлаңыз. Ең дұрысы, жеңіл, арнайы ордопедикалық арқасы бар сөмкелерді таңдау керек. Мұндай сөмкелердің салмағы 500-800 граммнан аспайды. Олар өте қарапайым, әрі керексіз бөлшектері жоқ.
3 сыныптан бастап жинақталған портфельдің салмағы 2,2 килограммның жобасында болуы тиіс, 7-8 сынып оқушыларының портфель салмағы 3,2 килограммға дейін болуы керек. Түлектер денсаулықтарына зиян келтірмей 3,7 килограммға дейін көтеруі қажет. Сөмке салмағы өзінің кішкентай иесінің салмағының 10 пайыздық бөлшегінен аспауы тиістігін естен шығармау қажет. Портфель сынды мектепке қажетті затты алу кезінде сөмкенің ретке салынатын асқышының жұмсақ, әрі жалпақ болуы керек екендігін естен шығармағаныңыз абзал. Сапалы сөмкелердің арқаға асқышында иыққа батпасы үшін кішкене жұмсақ жастықшасы болады. Сонымен қатар денег қысым түспесі үшін дорбаның арқашасында да сондай кішкене жастықшасы болады. Сондай-ақ сөмкелерде жарыққа әсер ететін, қараңғыда жолда алыстан жарқырап көрінетін жолақшалардың болуы баланың өмірін сақтап қалуға өз үлесін қосар еді деп ойлаймын.
Тест- болжам: “Баланың қабілеті. Оны қалай тану керек?”
Бұл тақырыптық диагностика ата- аналарға өз балаларын жан- жақты тануына және дер кезінде оқушының қабілетін, дарынын әрі қарай жетілдіруге, дамытуға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |