Ата аналарга Сіздің балаңыздың қауіпсіздігі


Егер балада музыкалық қабілеті анық көрінсе, онда ол



бет3/3
Дата02.02.2022
өлшемі17,16 Kb.
#117040
1   2   3
Байланысты:
2 5339501547090873148
Заңды біл! compres, Абилхайров Толагай Калиевич 22 топ
Егер балада музыкалық қабілеті анық көрінсе, онда ол:

–         Музыка тыңдағанды ұнатады, оны тыңдау үшін бірнеше сағат бөледі, музыкалық жазбаларды сатып алады;

–         Концерттерге барғанды ұнатады;

–         Ән әуені мен ырғағын тез еске сақтайды;

–         Музыкалық аспаптарды ойнағанды, ән айтқанды ұнатады;

–         Өзінің ән әуенің шығарғанын ұнатады;

–         Музыкалық мәдениеттің әр саласын жетік біледі.



  1. Егер балада ғылыми қызметке қабілеті көрінсе, онда ол:

–         Абстрактілі ұғымдарды түсіну қабілеті байқалады;

–         Басқанын ойын немесе байқауын сөзбен жеткізу қабілеті бар,керек кезде жазбалар жүргізеді;

–         Ғылыми- әдістемелік жұмыстарды, сөздіктерді, кітаптарды оқығанды ұнатады;

–         Әлемдегі құбылыстар мен процестерге байланысты сұрақтар қойғанды ұнатады;

–         Айналаны қоршаған әлемдегі құбылыстар мен процестерге өзінің түсіндірмесін бергенді ұнатады;

–         Өз қызығушылығына байланысты ізденіс жұмыстарымен айналысуды, жобаларды жасауды ұнатады.



  1. Егер балада артистік қабілеті анық байқалса, онда ол:

–         Егер сөзі жетпесе, онда ол өз сезімін қимыл- қозғалыс , қолмен сермеу арқылы  білдіреді;

–         Өз қабілеті арқылы тыңдармандарды, аудиторияны өзіне қаратып алады;

–         Дауыс ырғағын өзгертіп, адамның іс- әрекетін қайталап көрсетеді;

–         Аудитория алдында сөйлегенді ұнатады;

–         Басқа кейіпкер образына енуді жақсы көреді.


  1. Егер балада интеллектісі жетік дамыса, онда ол:

–         Өз ойын жақсы пайымдап айтады;

–         Еске сақтау қабілеті жоғары дамыған;

–         Оқу материалын тез меңгереді, қызықты сұрақтар қояды;

–         Мектептен тыс әдебиеттерді оқығанды ұнатады;

–         Өз сыныптартарынан оқуда алда жүреді;

–         Өз жасынан артық әр түрлі облыстағы кеңейтілген білімді меңгереді;



  1. Егер сіздің балаңызда спорттық талант анықталса, онда ол:

–         Үнемі қозғалыста болғанды ұнатады;

–         Спорттық ойындарды және одан ұтқанды ұнатады;

–         Дене шынықтыру қабілеті жоғары, дене бітімі иілгіш;

–         Спорттық идеалы бар және оны үлгі етеді;

–         Коньки, шаңғытебуді, доппен ойнағанды және т.б спорттық құралдарды меңгергенді ұнатады.


  1. Егер балаңызда көркемдік қабілеті дамыса, онда ол:

–         Сурет және жапсыру арқылы өз сезімін көрсеткенді ұнатады;

–         Өнердің көркемдік шығармаларымен айналысқанды ұнатады;

–         Айналадан көркем мен сұлулықты көре біледі;

–         Бос уақытында сурет салуды, сызумен , жапсырумен айналысқанды ұнатады;



–         Үйде өте қызықты және  танымдық  жағдаяттарды қалыптастыруды ұнатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет