Сабақтың тақырыбы Бурабайдағы демалыс Оқыту мақсаттыры



Дата08.02.2022
өлшемі289,5 Kb.
#98514
түріСабақ
Байланысты:
4-кл 02.09.20


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Мектеп: Успеноюрьевка орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Курмангожина Назерке Салимовна




Күні:
Сынап : 4

Қатысқандар :
Қатыспағандар:




Сабақтың тақырыбы

Бурабайдағы демалыс




Оқыту мақсаттыры

4.​2.​1.​1* берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы, мағыналас сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
4.​2.​2.​1 берілген тірек сөздер мен жоспардың негізінде қысқа монолог құру




Оқу мақсаты:
(Оқушылардың ойлау деңгейіне байланысты күтілетін нәтиже)



Барлық оқушылар істей алады: Жаңа сөздерді меңгереді. Дауыс ырғағын, сөйлеу стилін сақтайды.
Оқушылардың көпшілігі істей алады: Берілген тақырып аясында тілдесімге қатыса алады. Септік,тәуелдік, жіктік жалғаулы сөздерді ауызша қолданады.
Кейбір оқушылар істей алады: Сұхбатқа қатысып, баяндайды, кері байланыс береді






Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Сұрақтарға жауап бере алады. Сөз тіркестерін, сөйлемдер құрай алады




Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: аудан, орталық, алыс, еркін




Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: осы ауданда, орталықта тұрамын,




Талқылау сұрағы: Бурабайда демалдың ба?




Ишара: Кейбір оқушылар сұрақ құрай алмаса үлгі ұсынамын.




Алдыңғы білім

Қазақстанның қалалары




Сабақтың барысы




Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар







1.Психологиялық ахуал
Шаттық шеңбері «Жүректен жүрекке» мұғалім бірінші тілек білдіреді. Оқушылар тілекті бір-біріне жалғастырып тілек айтады. Сынып 3 топқа бөлінеді: Бурабай, Оқжетпес, Көкшетау. Спикерлер тағайындалады







Басы

«Кел,ойнайық!» тапсырмасы алдыңғы білімді жаңа біліммен ұштастыру және білім мен түсінікті жетілдіру ретінде оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға арналған. Тапсырма жұпта орындалады. Тапсырманы орындату барысында «Кім білгір?» әдісін қолдануға болады. Қағаз қиындысына 1-ден 16-ға дейінгі сандар жазылып, оқушылар санға сәйкес сұраққа жауап береді.
1.Сен қайда тұрасың?
2.Сенің көшеңде ескерткіш бар ма?
3.Кемені қай қалада жасайды?
4.Сенің ата-әжең қай қалада тұрады?
5.Батыс аймақта қандай қалалар орналасқан?
6. Солтүстік аймақта қандай қалалар орналасқан?
7.Шымкент қаласы қайда орналасқан? т.б
Сұрақты бір оқушы жұбына қояды, екінші оқушы сұрақты мұқият тыңдап, сұраққа жауап береді. Сұраққа барынша жылдам әрі қатесіз жауап берілуі керек.
Мұғалім оқушылардың жауаптарын бақылап отырады. Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды. «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Жақсы!», «Нашар», «Талпын», «Жауабыңды толықтыр!» т.б. (мұғалімнің қалауы бойынша)

2 мин

Мұғ-Сынып








ортасы

«Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім грамматиканы қолданыстық тұрғыда меңгертеді. Алдымен оқушыларға –да/-де, -та/-те жалғауларының дұрыс жалғану реті көрсетілген кесте көрсетіледі. Мұғалім кестедегі ережені басшылыққа ала отырып, «Сәйкесін тап» әдісі бойынша оқушылар сөздер мен жалғауларды сәйкестендіреді.

-да

-де


Қайда?
Астана
Атырау
Шымкент
Оңтүстік
Шығыс
Орал
Өскемен
Өлке

-та

-те


Мұғалім оқушыны сынып алдында қымсынбай жауап бере алуына жетелейді. Тапсырманың орындалу барысында мұғалім топтарды аралап қолдау көрсетеді, түзету, бағыттау, кестені қолдана отырып, білуге үйрету жұмыстарын жүргізеді.

3-мин









  • Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға бейнеролик көрсету арқылы, сұрақ арқылы диалогқа түсіру, сабақтың тақырыбын анықтау

  • Бурабай туралы бейнеролик

  • Тілдесім сұрақтары:

  • Бұл қай жер?

  • Бұл жер туралы не білесіңдер?

  • Сендер Бурабайда болдыңдар ма?

Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды. Оқушылардың жауаптарын тыңдап болған соң, Бурабай туралы қысқаша мәлімет береді.
Қосымша мәлімет: Бурабай Көкшетаудағы ең әсем жер. Бурабай көлі емдік қасиетімен танымал. Суы таза, жұмсақ, тұщы. Бурабайда демалыс орындары көп. Бурабай аудан орталығынан алыс. Адамдар Бурабайға демалу үшін барады.Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Сабақтың мақсаты хабарланады

5 мин







  1. «Прожектор» әдісі.

Сөздікпен жұмыс
- Таныс емес сөздерді табады, хормен оқиды, аудармасы түсіндіріледі
-Дәптерлеріне жаңа сөздерді жазады: аудан, орталық, алыс, еркін
-1 сөзге 2 сөз тіркесін, 1 сөйлем құрайды.



5мин







Оқулықта ұсынылған «Жаттығайық» айдары бойынша диалогтегі сөздерге «Қайда?» сұрағын қойып, тиісті жалғауды жалғайды. Мұғалім оқушылардың «Қайда?» сұрағына дұрыс жауап беруі мен, тиісті жалғаулардың дұрыс жалғануын бақылайды, оқушылардың қателерін өздеріне түзеттіреді.

5 мин




«Кел сөйлесейік!» айдары бойынша оқушылар оқулықтағы суретке назар аудара отырып, рөлдік ойынға қатысады және Еркін ағаймен танысады. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар өздерінің алдыңғы алған білімдерін қолданады. Оқушылар Еркін ағайдың пәуескесіне отырып, өздерін таныстырады.
Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Тапсырма ауызша орындалады және оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға бағытталған.

3 мин






«Тыңда» тапсырмасын орындауда оқушылар мәтінді тыңдайды. Мәтінде оқушылар өздерін қалай таныстырды? Тапсырма оқушылардың сабақ барысында алған алған ақпаратын өздері білетін мәліметтермен салыстыра отырып, қорытындыға келуге бағытталған. Мұғалім әр тапсырманы орындауда саралауды ескеруі қажет. Ол үшін өзін ерекше таныстырған оқушыларды ескеріп, қосымша сұрақтар немесе түрткі беретін, қайта бағыттау сұрақтарын беруіне болады. Оқушылардың жауаптары ұжымда немесе мұғалімнің мадақтауы арқылы бағаланады.

5 мин

«Тыңда және жауап бер» айдарында оқушылар тыңдалған мәтіннің мазмұны негізінде сұраққа жауап береді, кестені толтырады.

5 мин

Сыныптың білім деңгейіне қарай оқушыларға қосымша тапсырма беріледі. Оқушыларға тірек сөздер беріледі,оқушылар тірек сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырады. Тапсырма ауызша орындалады.
Тірек сөздер: Қош келдіңдер!, сұлу жер, қонақтар, атарба, қыдырту.

2 мин




Оқушылар тақтадағы кері байланыс парағына стикерлер жапсырады. Оқушылардың білімі қаншалықты деңгейде қалыптасқаны бағаланады.
Үй жұмысы



2 мин



Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру
Мұғалімдер оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін міндетті түрде тексеруі керек. Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау элементтері көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы (мадақтау сөздерін қолдануы), оқушылардың өздерін және бір -бірін бағалаулары болуы керек. Сабақ барысында оқушы үшін, жұмысын жандандыру мақсатында кері байланыс жүргізудің маңызы зор.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет