Христофор Колумб (итал. Cristoforo Colombo; ис.Cristóbal Colón; 31 қазан 1451 жыл – 20 мамыр 1506 жыл) — әйгілі жиһанкез және саудагер. Генуяда туған. 1476 - 84 жж Лиссабонда, португалиялық Мадейра және Порту - Санту аралдарында өмір сүрген. Солтүстік Атлант мұхитына жүзуге қатысқан.
Колумб жас кезінде қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын тілдерін жақсы білгені анық. Он төрт жасында Колумб теңіз қызметіне келеді. Жасында Жерорта теңізінде, Еуропа жағалауларын кезген сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайын жақсы біліп алады. Ол Генуяда болғанда географиялық карта сызумен айналысады. Бұл мамандықты меңгерген соң, інісі Бартоломеймен Португалияның Лиссабонқаласына, сол кездегі теңіз шаруашылығының орталығына келіп ғалымдар, теңізшілер, географтармен араласады.
Испания королі Колумбтың алыс сапарына арнап екі кеме жабдықтайды. Үшіншісін Колумб өз қаржысымен жабдықтайды. 1492 жылы, 3 тамызда Колумб үш кемеге отырған 90 адаммен бірге Батыс жолмен тұңғыш рет Атлант мұхиты арқылы белгісіз Үндістанды, Қытай жерлерін, Жапония аралдарын, Азияның шығысын ашуға аттанады

. Ашық теңіз айдынына түскен соң Колумб флоты оңтүстік-батысқа қарай жүзіп, Канар аралдарынажетеді, одан тіке батысқа қарай 19 күн жүзіп, Гомера аралына келеді. Мұнан олар азық-түлік алып 19 қыркүйекте Канар аралдарының ақырғысы – Ферро аралынан шығып, белгісіз мұхит суымен жүзе береді.
Түн ортасында жағалау белгі бергендей болады. Кешікпей түнгі сағат 2-де алда келе жатқан «Пинта» кемесі зеңбіректен салют береді. Теңізшілер таң атуын асыға күтеді. Колумб 12 қазанда көптен арман еткен «Жаңа жер» жағасын көреді, қуаныштың ұшы қиыры болмайды. Колумб он жолдасымен қайыққа отырып, аралға аттанады. Колумб ту ұстап жағаға шығып, жаңадан ашқан бұл аралды Сан-Салвадор (құтқарушы) деп атайды.

Осы сапарында Колумб Үндістан жеріндегі аралды аштым деп ойлап, онда тұратын адамдарды үндістер деп атады. Жер шарындағы мәдениеті төмен барлық халықты солай атады. Испандықтар жергілікті халықты көргенде олардың танауындағы, құлағындағы алтын күміс сырғаны көріп, оның мәнісін сұрайды, олар қолын сілтеп оңтүстікке көрсетеді.