Ақтоғай ауданы Әбжан ауылы Ленин негізгі мектебі
«Балдырған» шағын орталығы
Ашық сабақ
Тақырыбы: Ә.Табылдиев “Бағдаршам” өлеңі
Тәрбиешісі: II сәбилер тобының
Жумагулова С. А.
2016жыл
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған іс әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ә.Табылдиев “Бағдаршам” өлеңі
Мақсаты: Өлеңді мәнерлеп жаттау, бағдаршам туралы мәлімет беру
Міндеті:1.Жол жүру ережесін үйрету, бағдаршам тәртібін түсіндіру. 2.Балаларды ұқыптылыққа, сақтыққа тәрбиелеу
3.Өлеңді жаттау арқылы тілдерін дамыту
Қажетті құралдар: Бағдаршам, жол белгілері, жол көшесінің дыбысының үнтаспасы, макеттер.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, тірек сызба арқылы тақпақты жаттауға үйрету
Кезеңі
|
Тәрбиешінің оқу іс - әрекеті
|
Баланың іс – әрекеті
|
Кем
|
Жет
|
Мотивация
|
Сабақ сиқырлы қорапша тауып алу арқылы басталады. Ішінен бәйтеректің төбесі шығады.
-Балалар, бұл не?
-Ал, бәйтерек қай қалада орналасқан?
-Біз енді бәйтеректің төбесін қалай орналастырамыз, не істеуіміз керек?
-Олай болса кеттік, Астанаға жол жүрейік! Ой, балалар, Астана өте алыс немен барамыз Астанаға?
-Біз поездбен барсақ қайтеді?
-Онда кеттік!
Балалар қатар – қатар тәрбиешінің артына поезд болып тізіліп тұра қалады.
|
-Бәйтеректің төбесі
-Астанада
-Бәйтерекке бару керек
-Автобуспен, машинамен, маршруткамен
-Барайық!
-Алақай!
|
|
|
Ұйымдастыру
|
-Міне балалар, біз Астанаға да келіп қалдық. Ой, балалар Астана қаласы өте үлкен екен, көліктер де көп екен. Әне бәйтеректі көріп тұрсындар ма? Кеттік бәйтеректің төбесін орнына қояйық. Бірақ, біз қазір үлкен жолдан өтеміз. Біз жолдан өткенде өте мұқият абайлап жүруіміз керек, иә?!
-Жақсы, бағдаршам көшеде көліктер бір - бірімен соқтығысып қалмауы үшін, адамдарды көлік апатынан құтқару үшін қызмет етеді.
|
-Білеміз!
Балалар тәрбиешімен жолдан өтіп бәйтеректің төбесін орнына қойып орнатады.
|
|
|
Негізгі бөлім
|
Билингвалды компонентті пайдалану.
Тәрбиеші бағдаршамға қарап балалардан сұрайды. Сұрау барысында тәрбиеші бағдаршам түстерінің ағылшынша аудармасын да сұрайды.
-Қараңдаршы, бағдаршамның неше көзі бар?!
-Бағдаршамның көздерінің түсі қандай?
-Қызыл - red, сары - yellow, жасыл - green
-Қызыл көзі жанғанда не істеу керек?
-Сары көзі жанғанда ше?
-Ал жасыл түсі жанғанда не істейміз?
-Жақсы, мынау не?
Ал енді біз екі топқа бөлінеміз. Сары түс өнер орталығына, ал жасыл түсті алған балалар көркем әдебиет орталығына барамыз.Өнер орталығындағы балалар бағдаршамды жапсыруға үйренеді. Жасыл түсті дөңгелектері бар балалар бағдаршамды құрастырады.
Тақпақты жаттауға үйрену.
Ал қазір балалар біз Ә.Табылдиев “Бағдаршам” өлеңін жаттауға үйренеміз. Тіәрбиеші тірек сызба арқылы балаларға өлеңді жаттатады.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін, жасқанба!
Бірқалыпты дауыспен айту
Қатты дауыспен айту
Тізбектеп айту
Әндетіп айту
Жұмбақ шешу
Бір көзім “кідір” дейді
Бір көзім “жүгір” дейді
Бір көзім “абайла” дейді
“Қарап ал маңайға” дейді
(Бағдаршам)
Қарашы күшін керемет
Көше тәртібін сақтап тұр.
Сілтеп еді оң қолын,
Дәу машина тоқтап тұр
(Реттеуші миллиционер)
Бір – біріне қарап үйлер тіркесіп
Қара тұлпар жүр әрі – бері көшіп
(Поезд)
Сымға асылып,
Жүр асығып
Дыз – дыз етіп жүрегі
Сымнан ұстап жүр еді
Өзіне адам мінеді
Ол не, ал кім біледі?
(Троллейбус)
|
-Үш
-Қызыл, жасыл, сары
-Тоқтау керек
-Дайындалу керек
- Жүреміз
-Жол белгісі
Балалар екі топқа бөлінеді.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды, тақпақты тәрбиешімен бірге қайталап айтады.
Балалар бағдаршам деп жауап береді.
Балалар ойланып реттеуші миллиционер деп жауап береді.
Поезд деп айтады
Балалар троллейбус дейді.
|
|
|
Дидактикалық ойын
|
“Жүргізуші, абайла!” ойыны. Тәрбиеші тоғыз баланы алып шығып қолдарына руль береді. Тәрбиеші миллиционер болып жүргізушілерге жолда жүру ережелеріне байланысты сұрақтарға жауап беруін ұсынады. Миллиционер жүргізушімен әңгімелеседі.
-Бағдаршам не істейді?
-Біз қазір сендермен қаламыздың бір көшесіне серуенге шығамыз. Егер бәріміз жаяу жүріп барсақ, онда бізді кімдер деп атайды?
-Жаяу жүргіншілер қай жермен жүруі керек?
-Жолдың қай жақ бөлігімен жүрген дұрыс?
-Біз жаяу жүргіншіден жолаушыларга айналамыз. Біз автобусты қай жерде күтуіміз керек?
|
-Көшедегі көліктердің жүрісін реттеп отырады.
-Жаяу жүргінші
-Оң жағымен
-Аялдамада
|
|
|
Сергіту сәті
|
Көтереміз қолымызды
Созыламыз жоғары
Бір - екі, үш – төрт
Денеңді солға бұр, оңға бұр
Қолыңмен көмектесіп, беліңді шынықтыр.
-Балалар біз бүгін қандай тақпақ үйрендік, қайталап жіберейікші
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін, жасқанба!
Артикуляциялық жаттығу.
-шам- шам- шам- бағдаршам
-тер- тер- тер- көліктер
-дар- дар- дар- ұзын жолдар
-лер- лер- лер- белгілер.
Тәрбиеші тірек сызба арқылы балаларға сөздерді жекеше және көпше түрде айтқызады
Бағдаршам – бағдаршамдар
Көлік- көліктер
Белгі – белгілер
Жол - жолдар
|
Балалар қолдарын көтереді, жоғары созылады, белдерін оңға, солға бұрып шынықтырады.
Балалар тақпақты тағы да қайталап айтады.
Тәрбиешінің айтқандарын қайталайды.
Тірек сызбада көрсетілген сөздерді жекеше және көпше түрде айтады.
|
|
|
Қорытынды
|
Кубизм әдісін пайдаланып қорытындылау.
Мақсаты: текшелерде бейнеленген белгілерді айтуға және бағдаршамның түстерін білуге үйрету.
|
Балалар тәрбиеші лақтырып отырған текшеде бейнеленген суреттерді, белгілерді атап сұрақтарға жауап береді.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |