Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгейдің сұрақтары
Оқыту мақсаты міндеттерін атаңыз.
Оқытудың мақсаты бұл оқушылардың тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен дамыту болып табылады.Ал оқытудың міндеті – оқушыны айнала ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп, дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыта түседі. Және оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс–әрекеті болса, оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Сөйтіп, оқушының таным әрекеті мұғалімнің басшылығы арқасында ғана жүзеге асады.
2-деңгейдің сұрақтары
Білім негіздерін меңгеруде жалпы білімдік мақсатты айқындайтын
міндеттер атаңыз.
Менің ойымша, Білім негіздерін меңгеруде жалпы білімдік мақсатты айқындайтын міндеттер мыналар деп ойлаймын:
Оқушының психологиялық даму ерекшелігін, пәнге деген қызығушылығын анықтау;
Тілдік қорын, мәдени сөйлеуін жетілдіру;
Оқушылардың өздігінен іздене отыра, шығармашылық қабілеттерін арттыруға икемдеу, соған байланысты жұмыс түрлерін жасау;
Оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе, тәрбие жұмыстарында да, оқушының танымдық белсенділігін арттыру.
3-деңгейдің сұрақтары
Білім бағдарламалары туралы ойларыңызды айтыңыз
Білім беру бағдарламасы дегеніміз бұл оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу, функционалдық сауаттылығын арттыруды жүзеге асырады.Мысалы,қазір барлық Қазақстандық мектептерде жаңартылған білім беру бағдарламасы қолданылады.Аталмыш бағдарламада оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде қажетке асыра білуі керектігі басты назарға алынған . Жан-жақты білімді, ұлтын сүйетін, шығармашыл жастарды тәрбиелеу- мұғалімдердің, яғни біздің қолымызда. Сол себепті білім саласына еңгізіліп отырған жаңалықтардан қалт қалмай, ілгері жылжуымыз қажет, ол тың еңбекті, терең білімді қажет етеді. Сондықтан, мен бұл заманауи талапқа сай жүйелі жұмысқа өзімнің де күш-жігерімді аямай салуға міндеттімін
Достарыңызбен бөлісу: |