Қазіргі қазақстандағЫ Әйелдер мен ерлерге қатысты саясат



Pdf көрінісі
бет54/56
Дата26.10.2022
өлшемі1,9 Mb.
#155048
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
 
 
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР МЕН ЕРЛЕРГЕ ҚАТЫСТЫ САЯСАТ 
44

Қазақстанның 
шығыс 
және 
оңтүстік 
аймақтарына ерекше назар аудара отырып
жергілікті БАҚ-та гендерлік мәселенаманы 
өзекті ету қажет. Қазақстандық әйелдердің 
саяси тәжірибесі мен саяси белсенділігін, 
саяси жетістіктерін көптеп көрсету керек.

Гендерлік бюджеттендіру негіздері бойынша 
мемлекеттік 
қызметкерлерге, 
Қазақстан 
колледждері мен ЖОО студенттеріне арнайы 
семинарлар жүргізу. Қазақстандық БАҚ үшін
гендерлік бюджеттендірудің пайдасы туралы 
ақпарат қамтылған әлеуметтік жарнама 
дайындау. 

Мектептерде, 
колледждер 
мен 
ЖОО
гендерлік бағыттағы оқу курстары арқылы 
қазақстандықтарға еңбек нарығының да 
гендерлік сипатқа ие екендігін, сонымен қатар
жұмысқа қабылдау, мәнсап жолында өсу, 
жалақының мөлшерін бекіту, сұхбаттасу, 
лауазымға тағайындау немесе одан босату 
жосықтары 
да 
гендерлік 
сипатпен 
шартталғандығын жеткізу.

Бүгінгі таңда қазақстандықтар үшін мектептен 
бастап жоғары оқу орындарына дейінгі 
аралықта жыныстық қатынастар жөніндегі 
ағартушылық аса қажет.

Қазақстандық БАҚ-та ерлер мен әйелдердің 
бейстереотиптік 
мәнсаптары, 
өмірлік 
стратегиялары, өмір сүру салттары мен 
стильдері туралы ақпараттар мен ток-шоулар
көрсету.

Мектептер, колледждер мен ЖОО оқу 
бағдарламасына 
«Гендерлік 
білімдер 
негіздері» міндетті курсын енгізу. Мемлекеттік 
білім беру стандартының аясында әрбір 
әлеуметтік-гуманитарлық пәннің мазмұнында 
«Қазақстан Республикасындағы гендерлік 
саясат» тақырыбын қарастыру.

Әсіресе 30 - 60 жас аралығындағы ерлердің
денсаулығын сақтау мен нығайту мәселесін 
өзекті ету.

«Қазақстан 
Республикасында 
гендерлік 
теңдікке қол жеткізу стратегиясының» негізгі 
ережелерін қайта қарастыру. Жыл сайын 
гендерлік мәселенамаға деген сезімталдықты 
бағалауды 
қамтыған 
қоғамдық 
пікір 
мониторингісін жүргізу. Гендерлік теңдікке 
қол жеткізу стратегиясының қағидаларын 
орындаудың қысқа мерзімдік жоспарын (жыл 
сайынғы) енгізу. Олардың орындалу барысы 
бойынша ағымдағы жылдағы әйелдер мен 
ерлердің жағдайлары туралы есеп беру, 
баяндама жасау; гендерлік теңдікке қол 
жеткізу стратегиясының мақсат-міндеттерін 
орындауға жауапты құрылымдар мен оларды 
орындаудың айқын өлшемдерін анықтау; 
аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, жыл 
сайын Қазақстандағы ерлер мен әйелдердің 
жағдайларына қатысты мониторинг жүргізу 
және 
зерттеу 
нәтижелерін 
БАҚ 
пен 
ғаламторда таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет