«Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» халықаралық ғылыми конференцияның материалдар жинағЫ



Pdf көрінісі
бет20/79
Дата17.10.2023
өлшемі2,19 Mb.
#185969
түріСборник
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79
Байланысты:
сессия зоология2, Презентация (1)
Түйін сөздер:
электрондық оқу-әдістемелік кешен, Google, Google Docs, 
Calendar, Gmail, Google Maps, Google Sites, Google Translate, Padlet. 
 
 
Қазіргі таңда ақпараттың қарқынды дамуы, білім беру жүйесіне 
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолданудың қай жолы 
тиімді деген сұрақ туғызады? 
Бірінші жол: мұғалімнің педагогикалық тәжірибенің өзіндік ерекшелігі 
мен педагогикалық іс-әрекет стилін ескере отырып, өзінің электрондық білім 
беру ресурстарын (презентациялар, жарияланымдар, сайттар, тесттер, 
иллюстрациялық материалдар, модельдер және т.б.) құруы. 
Екінші жол: мамандар жасаған дайын электронды оқу-әдістемелік 
кешендерді қолдану, мысалы, оқулыққа электронды қосымша. Осылайша, 
мұғалім оқу процесінің барлық негізгі аспектілерін көрсететін толық дайын 
өнімді алады: оқу материалын ұсыну, оны игеруді бақылау, оқушылардың 
өзіндік жұмысын ұйымдастыру және т.б. 
Бірінші де, екінші де жол да оңтайлы емес. Біріншісі мұғалімнен көп 
уақытты қажет ететіндіктен тиімді болмаса, екіншісі мұғалімге оқу процесін 


Қазіргі білім берудің даму тенденциялары 
39 
ұйымдастырудың алдын-ала модельденген схемасын ұсынатындықтан тиімді 
емес. Себебі, әр мұғалім алдын ала дайын модельденген схемаға келісе 
бермейді. Әр мұғалімнің өзіндік шығармашылық ерекшеліктері болуы мүмкін. 
Бүгінгі таңда ең тиімді жол – бұл мұғалімге ақпараттық материалдар 
жиынтығынан (презентациялар, анимациялар, схемалар, суреттер, мәтіндік 
материалдар және т.б.) өз сабағын жобалауға, студенттердің өнімді қызметін 
және олардың оқу процесінде өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға мүмкіндік 
беретін жол. 
Электрондық оқу-әдістемелік кешен (ЭОӘК) – оқу процесінің 
дидактикалық циклінің үздіксіздігі мен толықтығын қамтамасыз ететін және 
интерактивтілік, ақпараттық ашықтық, қашықтық және білімді бағалау 
рәсімдерінің формалдылығы қағидаттарына құрылған ұйымдастырушылық 
және жүйелендірілген теориялық, практикалық, бақылаушы материалдарды 
қамтитын оқу мақсатындағы бағдарламалық мультимедиа өнімі [1]. 
Электрондық оқу-әдістемелік кешеннің артықшылығы сабақтар мен 
практикалық сабақтардың әзірлемелерін, рефераттар тақырыптарын, сондай-ақ 
оқушыларға оқу пәндерін меңгеру бойынша әдістемелік ұсынымдарды, 
ұсынылатын әдебиеттер тізімін қамтитын топтастырылған материалдың болуы 
болып табылады [2].
Қазіргі таңда электронды оқу әдістемелік кешкен дайындайтын орталар 
жетерлік. Солардың ішінде ең тиімді ортаның бірі ол Google қосымшалары.
Google ортасы мұғалімдер мен білім алушылардың бірлескен қызметіне 
қол жеткізе отырып, білім беру кеңістігін құра алатын орта. Google 
технологиясының мәні білім алушыларды білім беру контентін тұтынушылар 
ретінде ғана емес, сонымен қатар оның белсенді жасаушылары ретінде де 
жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Бұл ортада білім алушыны педагогикалық 
үдерістің орталығында болуына ықпал етеді. Google ортасы жеке немесе 
топтық қарым-қатынас құруға ыңғайлы.
Google корпорациясы интернет арқылы қосылуға болатын көптеген 
бағдарламалар мен қызметтерді әзірлеп және ұсынып жатыр. Мысалыға білім 
беру қоғамдастығында ең көп қолданылатын Google қызметтері: Google 
Calendar-онлайн күнтізбе, Google Docs – онлайн кеңсе, Gmail – тегін 
электрондық пошта, Google Maps – карталар жиынтығы, Google Sites – вики 
технологиясын қолданатын тегін хостинг, Google Translate-аудармашы
YouTube – видео хостинг. Келесі электрондық оқу-әдістемелік кешеніне 
«Padlet» (сурет 1) онлайн тақтасын жатқызуға болады.
Padlet – бұл әр оқушыға өз жұмысын тақтаға шығаруға, ал мұғалімге-оған 
көп уақыт жұмсамай және ауыр дәптерлерді жинамай-ақ, әр мұғалімге 
түсініктеме беруге және бағалауға мүмкіндік беретін қызмет.
 
 
 
 
 


Development trends of modern education 
40 
 
Сурет 1. Padlet 
 
Белгілі бір тақырып бойынша материалдарды ортақ жинау үшін тақтаны 
пайдалануға болады. Бұл ретте оқушылар барлық сыныпта да, топта да жұмыс 
істей алады. Барлық ресурстар бір жерде жиналады және ешқашан жоғалмайды. 
Сервис толығымен тегін, орыс тілінде және жасалатын беттер мен қатысушы 
пайдаланушылардың санына ешқандай шектеулер жоқ.
Күнделікті өмірде қызметтің өзі де, оның жұмысының нәтижесі де 
«падлет/падлеттер» деп аталады. Қызмет тегін, орыс тіліндегі нұсқасы бар, 
үйрену оңай және бастапқы дайындықты қажет етпейді. Сайтқа кіре отырып, 
пайдаланушы бірден қызмет мүмкіндіктеріне қол жеткізе алады және оның 
функцияларын тіркеусіз де қолдана бастайды. 
Padlet сервисін пайдаланудың артықшылықтарына келесілерді жатқызуға 
болады: 
– виртуалды тақтаның дизайнын таңдау мүмкіндігі; 
– нақты уақыт режимінде ұжымдық қызметті ұйымдастыру және 
визуалды контентпен жұмыс істеу мүмкіндігі; 
– материалдарды кез келген тасымалдаушыдан, сондай-ақ интернет 
желісінен (фото –, бейне –, аудиофайлдар) орналастыру мүмкіндігі. 
Padlet тақтасымен жұмыс жасау: 
Сурет 2. «Padlet» тақтасына тіркелу.
 
Сурет 3. Қабырға жасау.
 


Қазіргі білім берудің даму тенденциялары 
41 
Жұмысты бастау үшін оқытушы Google немесе Facebook-те тіркелу 
немесе бар аккаунттарды пайдалану қажет (сурет 2). Тіркелуден өткеннен кейін 
біз жаңа бет, яғни падлет құрамыз «Қабырға жасау / Make a padlet» батырмасын 
басқан кезде қызметтің негізгі жұмыс өрісі ашылады (сурет 3). 
Қызмет материалды қабырға, үздіксіз ағын (мазмұн қарапайым таспада 
жоғарыдан төменге қарай орналасқан), тор, сөре (үш бағанға бөлу), блог, 
сонымен қатар кенеп түрінде (сурет 4) – дәйекті және еркін тарату режимінде 
орналастыруға мүмкіндік береді. 
 
Сурет 4. Қабырға түрлері. 
Хабарламалар қабырғаның кез келген жерінде екі рет шерту арқылы 
қосылады. Қолданушының алдында екі белсенді өрісі мен материалдарды 
жүктеуге арналған түймелері бар шағын терезе пайда болады (сурет 5). 
 
Сурет 5. «Padlet» қабырғасы. 
 
Жасалған қабырғаға қол жеткізуді бірнеше жолмен ұйымдастыруға 
болады: 
– жеке – тек виртуалды қабырға авторына және e-mail арқылы 
шақырылған адамдарға материалдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді; 
– қорғалған – кіру паролін білетіндерге мазмұнға кіру ашық; 


Development trends of modern education 
42 
– жасырын сілтеме-кіру сілтемесі бар кез келген пайдаланушы 
материалдармен жұмыс істей алады; 
– барлығына қол жетімділік – кез келген адам мазмұнға қол жеткізе 
алады. Деректер іздеу қызметтеріне қол жетімді болады және іздеу 
нәтижелерінде көрсетілуі мүмкін. 
Қызмет сонымен қатар пайдаланушыларды шартты санаттар бойынша 
бөлуге мүмкіндік береді: әкімші, модератор және пайдаланушы. Бірінші 
жағдайда, мазмұнға ғана емес, сонымен қатар қабырғаның барлық 
параметрлеріне шексіз қол жетімділік беріледі. 
Модераторлар материалдармен жұмыс істеумен шектеледі: хабарламалар 
қосу, редакциялау, ұйымдастыру және құрылымдау. Тұтынушы тек жүктелген 
деректерді көре алады және ешқандай өзгеріс жасай алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет