ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
HUMANITIES
Development trends of modern education
4
ҒТАМР 03.20
АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ПОЗИЦИЯСЫ
ЖӘНЕ РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ИДЕЯСЫ
Д.С. Мусралинова
Тарих пәнінің мұғалімі, № 141 жалпы білім беретін мектеп, Алматы қ.
Мақалада алаш арыстарының азаматтық поэзиясы және рухани жаңғыру
идеясы қарастырылған. Алаш арыстары өз шығармаларында бостандық, теңдік,
азаттық, жаңғыру идеяларын ту етіп көтерді. Ал өздерінің саяси
көзқарастарында елдің жігін ажыратпай, біртұтас етіп біріктіруді көздеді.
Сондықтан ең басты мәселе ретінде саяси тәуелсіздікті нысана етіп қоя білді.
Ұлттың жан-жақты дамуы, рухани баюы, өркендеуі ұлттық салтдәстүрлерді
сақтай отырып, өзге өркениетті елдерден үйренер еркіндік салтымен жетілуде
деп білді.
Түйін сөздер:
жан-жақты даму, рухани баю, өркендеу, ұлттық салт-
дәстүрлер, азаматтық поэзия, рухани жаңғыру идея.
Қазақ елінің елдік тарихында алаш арыстарының адамдық болмысы мен
шығармашылық мұрасы ерекше мәнге ие. Жалпы азамматтық құндылықтардың
аса жауапты миссиясын жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ арыстары
атқарған еді. Олар отаншылдық, азаттық, елдік күресті қолдарына қару алмай-
ақ, терең де мәнді ой-пікірлерімен, ғылыми-философиялық тұжырымдарымен,
өлеңжырларымен ұлттық санаға әсер ету арқылы жеткізе білді. Алаш
арыстарының басты мақсаты – қазақ елінің өзін-өзі басқару, яғни ұлттық
мүддесін қорғай алатын мемлекеттік жүйе құру құқын метрополияға
мойындату, түбінде дербес мемлекет құру, әлемдік озық тәжірибені пайдалана
отырып, нарықтық қатынастарға жол ашу, жеке адам құқын және басқа
демократиялық принциптерді қадір тұту, ұлттық мәдениетті өркендету, оқу
жүйесінің, тілдің дамуына қажет шарттар түзу болды. Тапшылдық, жікшілдік
мүдделерді көздемей, ұлт тұтастығын сақтауға ұмтылды.
Алаш арыстары өз шығармаларында бостандық, теңдік, азаттық, жаңғыру
идеяларын ту етіп көтерді. Ал өздерінің саяси көзқарастарында елдің жігін
ажыратпай, біртұтас етіп біріктіруді көздеді. Сондықтан ең басты мәселе
ретінде саяси тәуелсіздікті нысана етіп қоя білді. Ұлттың жан-жақты дамуы,
рухани баюы, өркендеуі ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай отырып, өзге
өркениетті елдерден үйренер еркіндік салтымен жетілуде деп білді. Оқу-
ағартуды, өнербілімді ел тәуелсіздігі жолындағы саяси күреске пайдалануға
әрекеттенді. Көріп отырғанымыздай, арада бір ғасырдай уақыт өткенде осы ұлы
Қазіргі білім берудің даму тенденциялары
5
мұраттар егемен қазақ елінің мемлекеттік ұстанымдарына айнала бастады. ХХ
ғасыр басындағы Алаш идеясы ұлтты идея ретінде алға шығып келеді.
Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын,
елжанды қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі,
Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты – ұлттық тәуелсіз мемлекет құру
идеясымен сабақтасып жатқанында еді. XX ғасырдың басында ұлтының теңдігі
үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш
қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес.
Оның дәлелі – тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы
қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана
уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың
ұлттық өресі де биіктей бермек.
«Рухани жаңғыру» идеясы сонау ХХ ғасырдың ақтаңдақ тарихымен біте
қайнасып, ұштасып жатырса керек. 2017 жылы 12-сәуірде жарияланып, «Еліміз
жаңа тарихи кезеңге аяқ басты» – деп басталатын Елбасы жолдауы заңғар
белестерді еңсеріп, қиындыққа қасқая қарсы тұрған қазақ елінің еңсесін тік
көтеріп, үлкен мақсаттар мен мүмкіндіктерге жол ашқан тыныс бола білді.
Жолдауда бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлік, білім және
ғылым, елдің дамуы мен сана мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар, таяу
жылдардағы басты міндеттер назарға алынып, болашақ ел мүддесі толық
қамтылған. Алаш азаматтарының да идеясы мен мақсаты осы болатын. Ұлтық
сананы оятып, халық мүддесін асқақтатып, білім мәселесіне аса зер салып,
дамуды, рахани жаңаруды, биікке өрлеуді мақсат етті.
Бұл туралы профессор Ө. Әбдиманұлы: «Қазақ даласындағы ол кездегі
саяси-әлеуметтік, қоғамдық мәселелер аз болған жоқ. Сол өте ауқымды
мәселелердің ішінде білім мәселесі өршіп тұрған болатын. Өйткені, оқу-ағарту
ісінде ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ ұлты екі түрлі қыспаққа ілініп тұрды. Бірі
– ұлттық мектептің мәні жойылуы (мұның өзі жаппай сауаттылықты шектеді),
екіншісі – қалың бұқараның сауат ашуына жоғарғы төлем жол бермеуі. Ал
сауатсыздық – халықтың ой-санасын тұмшалаған тор. Өз халін ұғынып, күңгірт
тірліктен бостандықтың боз ала таңына ұмтылу үшін білімнің кәусәр бұлағы
қажет еді» [1, 20 б.] дейді. Ал қазіргі таңда білім саласы қарқынды дамып келе
жатыр. «Рухани жаңғыру» мақаласында: «Табысты болудың ең іргелі, басты
факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін
межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі,
құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.»,-
деп ғылым мен білімнің қоғам өміріндегі айтулы орны бар екендігі анық
көрсетілген.
Жалпы осы кезге дейін ХХ ғасырдың басындағы әдебиет жеке шығарма
немесе жеке жазушы шығармашылығына өзіндік баға беру тұрғысыннан
көбірек зерттеліп келгені шындық. Әрине, әдебиеттегі зерттеу жалпыдан
жалқыға немесе керісінше жүретін процесс екені де анық. Әдебиеттің жалпы
даму үрдісін қарастыру ең алдымен сол әдебиет оятқан ұлттық сананың. Ол
үшін сол тұстағы тарихи әлеуметтік жағдайларға назар сала кеткен орынды.
|