«Қазіргі білім берудің даму тенденциялары» халықаралық ғылыми конференцияның материалдар жинағЫ



Pdf көрінісі
бет6/79
Дата17.10.2023
өлшемі2,19 Mb.
#185969
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79
Development trends of modern education 
12 
ұйымдастырушылық-басқарушылық, 
материалдық-техникалық. 
Бұл 
мәселелерді шешу үшін әр түрлі әдістер қолданылады. 
Жоғары оқу орындары оларды нарықтық басқару принциптерін қолдану 
арқылы шешуге тырысады, сонымен қатар ғылыми-инновациялық қызметті 
басқару құрылымының ашықтығына, икемділігіне және басқарылуына қарай 
өзгерту арқылы бюджеттен тыс көздерді табуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, 
табысты шетелдік университеттердің көпшілігінде инновациялық даму 
нәтижелерін коммерцияландыруға жауапты құрылымдар бар екенін атап өткен 
жөн [5]. 
Әдістемелік. 
Digital Kazakhstan жобасы – бұл Қазақстан экономикасын 
дамыту қарқынын жеделдетуге және біздің азаматтардың тұрмыс сапасын 
жақсартуға арналған бағдарлама. 
Бағдарлама жобаларының бағыттары: 
Ел экономикасының басты салаларында цифрлық технологияларды 
әзірлеу, енгізу және дамыту. 
Қазақстандықтарға интернетке және 4G (болашақта 5G) мобильді 
байланысына барлық жерден кең жолақты қолжетімділік ұсынатын 
инфокоммуникациялық инфрақұрылымды кеңейту [6]. 
Онлайн ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мен 
санын арттыру. Бұл бюрократия мен жемқорлықты төмендетуге, сондай-ақ 
мемлекеттік органдарды неғұрлым тиімді және ашық етуге мүмкіндік береді. 
Электрондық коммерцияны дамытуға белсенді ықпал ету арқылы 
кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасау. 
2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық 
жобалар бойынша гранттық қаржыландырылатын AP09259047 «Мұғалімдердің 
цифрлық құзыреттілігін қалыптастыру – адами капиталды дамыту кілті» атты 
бұл жоба мұғалімдердің кәсіби тұрғыда цифрлық білім беру ортасы мен білім 
берудің цифрлық контенттерін құру дайындығын, цифрлық технологияларға 
негізделген білім беру технологияларын кешенді іске асыру мен желілік 
коммуникативтік дағдыларды жетілдіруді, ақпараттық құқық және ақпараттық 
қауіпсіздік бойынша білімдерді қамтитын цифрлық құзыреттіліктерін 
қалыптастыруды көздейді [7]. 
Жоба аясында жоғарыда аталған проблемалардың шешілуі.
Ғаламдық 
білім қоғамына қадам басқан қоғамның өз деңгейінде дамуына ықпал етеді. 
Цифрлық технологиялар арқылы мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін 
қалыптастыру бағытында жүргізілетін зерттеулер отандық педагогика 
ғылымының деңгейін жоғарылатып, білім беру мен тәрбие ісінің деңгейін 
көтеруге ықпал етеді. Жобаның мақсатты аудиториясы Түркістан облысы 
бойынша мектептердің, қосымша білім беру мекемелерінің педагог 
қызметкерлерін қамтиды. 
 
Жоба мақсаты:
Цифрлық білім беру ортасын және білім беру цифрлық 
контентін құруға дайындықты, цифрлық технологияларға негізделген білім 
беру технологияларын кешенді іске асыруды, желілік коммуникациялық 
дағдыларды және ақпараттық құқық пен ақпараттық қауіпсіздік туралы білімді 


Қазіргі білім берудің даму тенденциялары 
13 
жетілдіруді қамтитын мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін қалыптастыра 
отырып, адами капиталды дамыту.
Қазіргі кезде жобаны қолданушы қажет ақпаратты өзіне ала алады, 
төмендегі суретте осы Порталдың ресми беті көрсетілген. 
 
Сурет 1. Жобаның негізгі беті 
1-суретте көрсетілгендей, қолданушы ең алдымен жобаға кіреді және де 
жобадағы мәліметтермен таныса отырып таңдау жасайды. 
Мұғалімдерге әдістемелік көмек бөлімінде: 
Электронды оқыту технологиялары
Құжаттарды өңдеу және дидактикалық құралдар әзірлеудің жолдары 
қарастырылған [8]. 
Бұл жұмыстың авторлары локальды жүйеде де және виртуальды жүйеде 
де ешқандай ақаулықсыз жұмыс жасайтынына сенімді. Төменде жобаға 
байланысты ақпаратты көре аласыздар: 


Development trends of modern education 
14 
 
Сурет 2. Жоба орындаушылары туралы ақпарат 
Осы порталда әдістемелік нұсқаулықтар мен түсініктемелер берілген. 
Келесі суретте әдістемелік көмекке байланысты парақшалар туралы скриншот 
көрсетілген. 
 
Сурет 3. Порталдың әдістемелік көмек бөлігіндегі парақшалар 
Тәжірибе барысында жұмысымыз локальды серверде жұмыс жасады 
домен алуына байланысты жұмыстың барлығы онлайн режиміне көшті [8].
Бұл 
ақпараттық жүйені жасау үшін бізге екі бөлік керек болды, бірінші – ол 
қолданушы беті болса, екіншісі – администратор. Қолданушы тарапынан 


Қазіргі білім берудің даму тенденциялары 
15 
қандай да бір жұмыстар жүргізілгенін бақылау мақсатында портал бөлімін 
жасадық. Бұл жүйеде әзірге ешқандай ақаулықтар табылмады, егерде табылған 
жағдайда портал арқылы кез келген мәселені шеше алатын боламыз.
Нәтижелерді қорытындылай келе, әр түрлі бағдарламалық аналогтардың 
артықшылықтарын қолданылып, қосымша функцияларды пайдалана отырып
цифрлық білім беру ортасы мен білім берудің цифрлық контенттерін құру 
дайындығын, 
цифрлық 
технологияларға 
негізделген 
білім 
беру 
технологияларын кешенді іске асыру мен желілік коммуникативтік дағдыларды 
жетілдірудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді деп қорытынды жасауға 
болады. 
Жобаланған 
жүйені 
онлайн 
жұмыс 
жасауға 
арналған 
орталықтандырылған электрондық ағынды жүйені қажет ететін әртүрлі 
ұйымдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оңай жазуға болады. Бұл 
жүйе келешекте тағы да жаңа деректермен толықтырылады және бұл жүйе тек 
қана Қазақстандық мұғалімдер үшін емес, дүниежүзілік мұғалімдерге де 
пайдаға асады деген үміт бар.
Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 
Ғылым Комитеті қаржыландырды (№AP09259047 – «Мұғалімдердің цифрлық 
құзіреттілігін қалыптастыру – адами капиталды дамыту кілті»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет