Қазіргі дүние жүзі елдерінің көптүрлігі және типологиясы. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасында 240-қа жуық мемлекет пен жер аумақтары бар (1 кесте)



Дата15.04.2024
өлшемі19,04 Kb.
#200830
түріҚұрамы
Байланысты:
52f0d745-d22c-4952-b4f5-6324d9c01935


Қазіргі дүние жүзі елдерінің көптүрлігі және типологиясы. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасында 240-қа жуық мемлекет пен жер аумақтары бар (1 кесте). Әлемнің сан алуан елдері бір – біріне мүлдем ұқсамайды және әрқайсының өзіне тән қайталанбас қасиеттері бар. Мәселен, жер аумағы мен географиялық орналасуы, халқының саны мен құрамы, табиғат ресурстары мен шаруашылық салалары, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен оның сипаты, т. б. белгілеріне қарай ерекшеленеді.
Барлық топтағы елдерді дүние жүзінің саяси картасында типологияға бөліп жіктеу Қазан революциясынан кейін, әсіресе жүйелі түрде Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі өзгерістерге байланысты әр түрлі саяси-қоғамдық құрылыстар негізінде пайда болды. Елдерді өткен ғасырдың соңғы онжылдығына дейін үш типке бөліп келді: социалистік, дамыған капиталистік, дамушы елдер.

ТМД және Шығыс Еуропадағы, сондай-ақ Азия мен дүниенің басқа бөліктерінің кейбір елдерін бертіндегі біраз жылдар ішінде болған түбегейлі саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты «социализм жүйесі» типологиясы өзінің көп бөлігін жоғалтты. Бірақ қазіргі кезде социализм құрылысын ұстанып отырған мемлекеттер дүние жүзінде бар, олар: Қытай Халық Республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Лаос және Куба Республикалары.

Жалпы экономикалық-географиялық типологияға статистикалық сандық көрсеткіштер негіз етіп алғанымен де, бұл кешенді түрдегі географиялық типология. Әдетте, дүние жүзі елдерінің экономикасының әлеуметтік құрылымында шаруашылықтың белгілі бір сферасы басымдық көрсетеді. Мәселен, дамыған елдерде басты орынды өңдеуші, әсіресе басқару және қызмет көрсету секторлары алады. Ал дамушы елдердің барлығы дерлік тарихи жағынан бұрынғы отар немесе жартылай отар елдер болғандықтан, шаруашылығы көп укладты әрі онда ауыл шаруашылығы (орман, балық, т. б) және өндіруші (отын, шикізат, т. б.) өнеркәсіп салалары басым болады. Мәселен, көмірсутек экпорттаушы елдер (Біріккен Араб Әмірлігі, Кувейт, Бахрейн, т. б.) Осы себепті оларда аграрлық, болмаса, минерал-шикізаттық мамандану мен әлемдік экономикалық жүйеге бағыныштылығы орын алады.
Елдердің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрлеуі тауарлар өндіру мен қызмет көрсетудің тек сандық қана емес, сапалық жағын да қарастырады. Негізінен, дамушы елдерге тән эстенсивті жолменен дамудан, интенсивті типтігі дамыған елдерде еңбек өнімділігі жоғары.

Осылайша дүние жүзі елдерін жалпы шаруашылығының сипаты мен оның түрлі бағытта даму ерекшеліктеріне орай топтастыра отырып, олардың ұлттық экономикасын жүйелеу арқылы 3 топқа бөлеміз: 1) өнеркәсібі дамыған елдер; 2) өтпелі экономикалы кезеңдегі елдер; 3) дамушы елдер. БҰҰ даму деңгейінің қарқынының жоғарылылығынан емес, халық санының көптігі мен жер аумағының кеңдігі, ондағы табиғат ресурстарының молдығы мен өндіргіш күштерінің көлемі жағынан экономикалық әлеуетінің ауқымы аса үлкен Қытай мен Үндістан да дамушы елдерге жатқызады. Сол сияқты Қытаймен бірге әліде социалистік елдер болып табылатын Солтүстік Корея, Вьетнам, Лаос, Кубаны және шаруашылығының әлеуметтік құрылымы мен даму деңгейлері жағынан жоғары дамыған елдермен шамалас келетін «негізгі дамушы» немесе « жаңа индустриялы елдер»-Бразилия, Мексика, Тайвань, Аргентина, Сингапур, Оңтүстік Кореяны да осы соңғы типке жатқызады.

Экономикасы дамыған және өтпелі экономикалы елдер. Экономикасы дамыған елдерге БҰҰ сараптамасы бойынша: Батыс Еуропа елдері түгел, АҚШ, Канада, Жапония, Австралия, Жаңа Зеландия, Израиль, Оңтүстік Африка Республикасы, сол сияқты өтпелі экономикалы елдерге Шығыс Еуропа мен ТМД-ның кейбір елдері жатады. Дүние жүзі бойынша олардың жалпы саны 50-ден астам, ал қалғандары дамушы елдер болып табылады.

Дамушы елдер типі және олардың ала-құлалығы. Біріккен Ұлтар Ұйымы дүние жүзінің қалған барлық елдері мен жер аумақтарын дамушы елдер типологиясына жатқызады. Бұл типология елдерінің жер көлемі бүкіл құрлықтың жартысынан астамын, ал Қытайды қоса есептегенде, жер шары халқының 70%-дан астамын құрайды. Олардың кейбірі (Қытай, Иран, Тайланд) бұрын жартылай отар күйін кешкен, ал біразы ХІХ ғасырдың басы (Латын Америкасы елдері) мен ХХ ғасырдың алғашқы жартысында (Шетелдік Азия елдері) өз тәуелсіздіктерін алған отар елдер. Осы типтегі басым көпшілігі елдер отаршылдықтан өткен ғасырдың екінші жартысында ғана (Африка, Мұхиттық Аралдар, Кариб алабы, Азияның кейбір елдері азаттық алған дүние жүзінің 100-ден астам жас мемлекеттері. Осындай құрамы әр түрлі елдерді бірнеше топшаға біріктіреміз:

1. 1. Дамушы елдердің ішінен табиғи-экономикалық және еңбек ресурсы қуаты жағынан аса көзге түсетін – Үндістан, Бразилия, Аргентина және Мексика сияқты елдер оның «негізі елдері» аталынатын бірінші топтамасын құрайды.

2. 2. Келесі Азияның жаңа индустриалы елдері, кейде «Азиялық айдаһарлар» деп аталатын бірнеше мемлекеттер мен жер аумақтарын кейіннен түзілген жеке топшаға жатқызамыз. Олар өздерінің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайын тиімді пайдаланып, делдалдық қызмет пен экономиканың еңбекті көп тілейтін жаңа салаларын дамыту барысында Батыс Еуропаның кейбір дамыған елдерін басып озған – Корей Республикасы, Тайвань, Сингапур, Малайзия және Тайланд осы топшаның өкілдері.

3. 3. Сыртқа көмірсутек, негізінен, мұнай мен газ және оның өнімдерін шығаратын елдер дамушы елдер типологиясында өз кезегінде шағын топшаны құрайды. Олардың көбі Парсы шығанағы алабында орналасқан, Ливия, Венесуэла, Бруней секілді елдер.

4. 4. Ең үлкен топшаны дамушы елдер типологиясында, дамушы жағынан кенжелеп қалған елдер алады. Мұндағы елдердің ЖІӨ өндірудегі адам басына шаққандағы көлемі 2000-5000 доллар аралығында. Нашар дамыған осы елдерге тән қасиет, көп укладты артта қалған экономикасында феодализм сарқыншақтары күшті сақталынуымен ерекшеленеді.

5. 5. Біріккен Ұлттар Ұйымы келесі бесінші топша елдеріне дүние жүзінің дамымай қалған 40-тан астам мешеу елдерін жатқызады. Бұл елдерде ауыл шаруашылығының тұтынушылық түрі басым, өндеуші өнеркәсібі болымсыз немесе жоққа тән, халықтың көпшілік бөлігі сауатсыз және жан басына шаққанда өндірілетін жылдық жалпы ішкі өнім орташа есеппен не бары 500-2000 доллар мөлшерінде.
Дүние жүзі елдерінің жіктеліп топтастырылуы. Дүние жүзі елдерін сандық және басқа да ерекшелік белгілеріне қарай жіктеп топтастырамыз. Ең алдымен, сандық белгілері бойынша көп таралғаны-елдерді жер аумағы көлемі мен халқының санына байланысты топтастыру. Мәселен, әлемде жер көлемі 3 млн км2 – ден асатын ең ірі 7 ел көзге түседі. Сол сияқты халқының саны 100 млн адамнан асатын әлемде 11 ел бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет