Байланысты: Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі қазақстанның рөлі-melimde.com
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) — халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға, халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізуге және мемлекеттердің іс-әрекеттерін үйлестіру орталығы болуға бағытталған үкіметаралық ұйым. Бұл әлемдегі ең ірі, ең таныс, халықаралық деңгейде ұсынылған және ең қуатты үкіметаралық ұйым. Бас кеңсесі орналасуы – Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 193 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Франклин Делано Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945 жылы 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.
Қазақстан Республикасы 1992 жылдың 2 наурызынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) мүшесі атанды. Халықаралық ұйымға мүше болу жаһандану жағдайында Қазақстанға саяси, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік, мәдени-гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуге және халықаралық ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік берді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін көпвекторлы сыртқы саясат бағытын ұстанып келеді. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстан ядролық қарулануды тежеуге, халықаралық лаңкестікке, діни экстремизмге, есірткі саудасы мен басқа да осы заманғы қатерлерге қарсы күреске жұмылған халықаралық ауқымды ынтымақтастықтың белсенді мүшесі болып келді және болып қала береді» деп Қазақстан халқына Жолдауында айқындады Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында «БҰҰ-ның әділ әрі демократиялық әлемдік тәртіпті орнатудағы орталық және үйлестіруші рөлін көрсетті.
Қазіргі уақытта Қазақстанда БҰҰ-ның 18 ұйымы бар: БҰҰДБ (БҰҰ Даму бағдарламасы), ЮНИСЕФ (БҰҰ Балалар Қоры), ЮНФПА (БҰҰ Халық қоныстану қоры), БҰҰ ЕҚБ (БҰҰ Есірткі және қылмыс мәселелері жөніндегі басқармасы), БҰҰ ЖКББ (БҰҰ Жоғарғы комиссарының босқындар ісі жөніндегі басқармасы) , БҰҰЕ (БҰҰ Еріктілері), ХЕҰ (Халықаралық еңбек ұйымы), ЮНЕСКО (БҰҰ білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы), ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы), ДБ( Дүниежізілік Банк), ХВҚ( Халықаралық валюта қоры), БҰҰ/ЖҚТБ (АТҚБ/ЖТҚБ жөніндегі БҰҰ бағдарламасы), ҚАДӨ (Қоғамдық ақпарат жөніндегі департамент өкілдігі), ГМҮ БҰҰБ (Гуманитарлық мәселелер үйлестіру жөніндегі ББҰ басқармасы), АТМЭӘК (Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы), БҰҰ ЕЭК (БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы), Табиғат қауіп-қатерін азайту жөніндегі Халқаралық стратегия (ТҚАХС) және БҰҰ-Әйелдер. http://melimde.com