1992 жылғы 25 мамырда Қазақстан мен Ресей арасында достық , ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт жасалды. 1996 Жылы 20 кантарда- Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын кеңейту туралы Декларациясына жариялады , ал 1996 жылы 27 сәуірде Алматыда екі елдік бірлескен Декларациясына қол қойылды. Декларация маңызы:
1.Екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу.
2.Аумақтық тұтастықпен бір бірінің ішкі істеріне араласпау устамдарын сақтау .
Қазақстан мен Қытай байланыстары.
1992 Жылы тамызда Қазақстан президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 Жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу жөніндегі келісімге қол қойылды.(1718 шакырымдык)
1996 жылы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай , Қазақстан, Тәжікстан , Қырғызстан қатысты.Мұнда негізінен , шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты жүз шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 Жылы 25 қыркуйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде-Батыс Қазақстанмен Батыс Қытайды бұл жұмысқа млн доллар жұмсауға келісті.
1998-1999 Жылдары Қазақстан мен Қытай арасындағы келісімдер нәтижесінде , шекараны нақтылау негізінен аяқталды.
Қазақстан және халықаралық ұйымдар
Халықаралық қоғамдастықтағы еліміздің позитивті образының қалыптасуы және оның халықаралық мәртебеге ие болуы сыртқы саясатты жүргізудегі республика басшылығының көрегендік шешімдерімен мумкін болды.Бұл тұрғыда ядролық қаруды таратпау , діни экстремизмге қарсы тұру , әлем діндері арасында толерантты қарым қатынас құру мәселелерін атап өтуге болады.Осының негізінде еліміз аймақтық және ғаламдық қауіпсіздік муддесі турасында халықаралық аренаға өз бастамаларымен шығуға мүмкіндік алды.