Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі Қолданылған әдебиеттер: Дүйсенбаев А. Педагогика. 2018 2



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата31.07.2023
өлшемі338,5 Kb.
#179669
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Педагогика 1-тақырып конспект

 
Білім беру философиясы -
мәдени ортада адамның ақыл-ойы мен адамгершілік 
дамуы қалай жүретінін және бұл процеске білім беру жүйесі қалайша әсер ететінін 
қарастыратын ғылым саласы. Білім беру философиясы педагогика ғылымының 
әдіснамалық негіздерін, яғни негізгі идеялар мен зерттеу тұғырнамасын анықтауға 
мүмкіндік жасайды.
 
Білім беру философиясы зерттейді:
- білім берудің онтологиясын, яғни білім беру дегеніміз не?- деген сұраққа жауап 
бере отырып, оның шығу тарихын, мәнін анықтайды;
- білім беру логикасын, яғни білім беру процесі қалай жүретінін; 
- білім беру аксиологиясын, яғни білім беру құндылықтарын қарастырады; 
- білім беру этикасын, яғни білім беру процесіне қатысушылардың тәлім-тәртібі мен 
мінез-құлқын; 
- білім беру әдіснамасын, яғни білім беру процесіндегі өзара әсерлесу әдістері 
қандай және қалай болуы керектігін; 
- білім беру идеологиясын, яғни білім беру процесінің негізгі идеяларын 
қарастырады. 
Педагогика ерекше ғылым ретінде философиялық білімдер жүйесінен ХІІ ғасырдың 
басында бөлектеніп шықты.
Қазіргі заман ғылымында әдіснама деп ғылыми-танымдық іс-әрекеттердің түзілу 
принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамаыз. Ғылым 
әдіснамасызерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің-нысаны, талдау пәні, зерттеу 
міндеттері, зерттеу құралдар тобы сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу 
міндеттерінің шешімін табу процессіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді. 
Қазіргі кезеңде адам зерттеулеріне байланысты әр қилы ғалымдар әдіснамасы 
сипатында көптеген философиялық бағыт бағдарлар, теориялық көзқарастар бір қатар 
жасауда. Солардың ішінен бүгінгі педагогикада өз орнын тапқан келесі философиялық 
білімдерді ажырата алуға болады.
Экзистенциализм
немесе адамның тіршілік, болмыс толғаныстары философиясы. 
Экзистенциализм негізгі ұғымы – тіршілік - өз «меніне» шомған жекеленген адам 
болмысы. 
Экзистенциалистер түсінігінде шынай дүниенің мәні оның субъекті сипатты 
болуына тәуелді. Олар тікелей объектив білімдермен объектив шындыұты 
мойындамайды. Сырттай дүние әр адамның ішкі «мені» тарапынан қалай қабылданса, 
солай танылуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет